Өлең, жыр, ақындар

Маймұрынға майшелпек

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1061
Тоғышар, топас Маймұрын,
Жатып алып бір қырын,
Газет оқи қалады,
Абыржып айқай салады:
— Қатын жолдас, қайдасың
Оқудың қара пайдасын!
Баратын болыппыз, білдің бе
— Қайда ?
— Коммунизмге!
— Онда барсақ, не болмақ?
— Түсінбейсің, ақымақ!
Мен айтайын, сен тыңда,
Онда:
Оң жағыңда үш жастық,
Сол жағыңда құс жастық,
"Жұмысқа шық " дейтұғын
Болмайды екен түк бастық.
Аузыңа әкеп құяды,
Көзді жұм да жұта бер,
Қанша ішіңе сыяды?
— Оның бәрін алатын,
Жұртпен бірдей болатын,
Пулың қайда, Мәйеке - ау,
Соны айтсайшы, бәйеке - ау?
— Ой, ақымақ, білмейсің,
Онда бүйтіп жүрмейсің,
Бәрі тегін келеді,
Машиналар адамша
Егінді өзі егеді,
Тау-тау қылып жияды,
Қамбаларға құяды.
Үстіңе шаң қонбайды,
Тойып ал да, жата бер,
Тамашаға бата бер! —
Деп Мәйекең лепірді,
Өз-өзінен молшылық,
Болып жатқан секілді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қамырбаев пен қара шыбын

  • 0
  • 0

Денсаулық бөлім бастығы Қамырбаев,
Қағазын күндегіден қалың жайып,
Отырған бір кезі еді,
Жалғыз ғана өзі еді,

Толық

Шағын мысалдар

  • 0
  • 0

Бас тұрды балағаттап екі аяғын:
— Жоғарымын, бәріңді бастайтын мен.
Сенсіз де өмір, рахат сүре аламын! —
Деді де бас қойған жоқ, босқа айтумен,

Толық

Қазға еліктеген қарға

  • 0
  • 0

Қарға қаздай байпаңдап,
Болғысы келді байсалды - ақ
Үйренген байғұс секектеп,
Жүре алмады қойқаңдап,

Толық

Қарап көріңіз