Өлең, жыр, ақындар

Тілемсек пен Сұраншақ

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1790
Жұмысы жүрмей ақсаған,
Жиналыс сайын қақсаған,
Бір ауыз сөз сөйлесе,
Заявкадан бастаған:
— Тақтай керек бізге, — деп,
Тақылдаған таңдайы.
Таппай қойдық іздеп ек, —
Деп жылтырап маңдайы,
Тұрғанды кім десеңіз,
Тілемсек пен сұраншақ.
Береді деп білетін,
Өкіметтен сұрансақ.
Әкелері білгендей,
Атын солай қойыпты.
Есіткен жұрт күлгендей,
Тілемсек те болыпты.
Сол екеуі әрқашан,
Заявкада "жолықты".
"Тұқым жоқ" деп Сұраншақ,
"Көлік жоқ" деп Тілемсек,
Бірінен, сірә, бірі алшақ,
Кеткен емес тым алшақ.
Шай да сұрап жатқаны,
Май да тілеп қояды.
Білмейді олар басқаны,
Бұлар қашан тояды?..
Жетім қозы сияқты,
Тілемсек пен Сұраншақ.
Білмейді ешбір ұятты,
"Ебін тауып бір алсақ ".
Бүгін келіп трактор,
Ертең келіп завчасты,
Ұялмастан сұрап тұр,
Әздерінде ондайлар,
Жата - жата тот басты.
Жылда жоспар артық деп,
Азайтуды сұрайды.
Өз цифр айтып боп,
Басқаларды сынайды.
Сонымен уақыт өтеді,
Бірақ, жүрген жолы тар,
Әйтеуір алсақ деседі,
Сұраншақ өңкей тоғышар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлады да сұлады

  • 0
  • 0

Құлан иек таң атты,
Ертеңгі асқа отырды.
Тауысты екі салатты,
Бітірді бір литрді.

Толық

Манабайдың маймағы

  • 0
  • 0

Майпромға барды да,
Манабайдың маймағы.
Қолына түсті бар сүттің
Жылтыраған қаймағы.

Толық

Орынды арыз

  • 1
  • 0

Колхоздың барып едік кеңсесіне,
Екі елі шаң үйіліп желкесіне,
Көп арыз қимылдамай жатыр екен
Оранып "Салақпайдың " көрпесіне.

Толық

Қарап көріңіз