Өлең, жыр, ақындар

Манабайдың маймағы

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 966
Майпромға барды да,
Манабайдың маймағы.
Қолына түсті бар сүттің
Жылтыраған қаймағы.
Ойдағы мен қырдағы,
Бүкіл осы Сырдағы.
Сүті ауданға жиылды,
Бір қазанға құйылды,
Манабайға бұйырды,
Қаймақ Маймақтың үйінде қалды,
Бұзылмаған күйінде қалды,
Көгілдір су көпіршіп,
Көк керсеннің түбінде қалды.
Қаймаққа оранған Манабай
Елуде болса да "баладай ",
Май "емшекті" сорып жатыр,
Ағыл-тегіл болып жатыр.
Майға жүзген қаймақтың
Ауыл менен аймақтың,
Айналасы майланып,
Ірімшік пен шай барып,
Бар айтқаны болып жатыр.
Ат керек пе, қант керек пе?
Қаладағы сервант керек пе?
Болмаса солқылдаған керует керек пе?
Болмаса сақина, сағат, меруерт керек пе
Бәрі осы қаймақтың қасында жүр,
Сұлу бикештің шашында жүр,
Қызыл бояу тырнағында жүр.
Күліп-ойнаған қылжағында жүр.
Сүрме болып көзінде жүр.
Алтын тіс болып иегінде жүр.
Алтын білезік болып білегінде жүр.
Қонақ келсе шөлмегінде жүр,
Бала болса жөргегінде жүр,
Майға бөленген Манабайдың Маймағы,
"Жигули "болып қаймағы
Пырылдап, зырғып ұшып жүр,
Соған Маймақ мініп, түсіп жүр,
Маймақ солай жүре бере ме?
Осындай өмір сүре бере ме?
Осыны да ойлағанымыз жөн болар,
Құр кекетіп қоймағанымыз жөн болар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қолайлы бастық

  • 0
  • 0

— Түлкі шырақ, жаңа бастық келіпті,
Көртышқан ба, аты қалай өзінің?
— Қайтер екен, қиын болар істесу,
Көрмейтіні бар дейді ғой көзінің...

Толық

Қағаз бен қалам

  • 0
  • 0

Қағазы бір ақынның
Айтып тұр арыз қаламға:
— Ақ бетімді боямай,
Тыныштық берші маған да,

Толық

Тілемсек пен Сұраншақ

  • 0
  • 0

Жұмысы жүрмей ақсаған,
Жиналыс сайын қақсаған,
Бір ауыз сөз сөйлесе,
Заявкадан бастаған:

Толық

Қарап көріңіз