Өлең, жыр, ақындар

Әлжаппарға

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1611
Жайнақтап өскен асыр сап,
Ғажап ең-ау жастық шақ!
Жас жетті жылдар жетелеп,
Басатын болдық тасырқап.
Сонда да сол бір мінез,
Сонда да көңіл — «көк жүйрік».
Бұлт түнерсе кейбір кез,
Соққымыз келед үйіріп.
Ризамыз ғой жылдарға,
Өзіміз көрген қызығын.
Уақыт жетпес сызарға
Олардың өрнек тізімін.
Ашыны да, тұщыны да,
Басымыздан кешірдік.
Тәттіге де, қышқылға
Жасамадық есірлік.
Ғасырдың алуан кезеңін,
Басымыздан өткіздік.
Нелерді дұрыс безеніп,
Нелерді қапы кеткіздік.
Қайта оралмас ол жылдар,
Мейлің аңса, мейлің күл...
Жапса да уақыт кір пікір,
Қалмақ емес тарих тұл.
Келіппіз жарық дүниеге,
Сен — күзді күн,
Мен — қыста;
Қазақы қоңыр жер үйде,
Аспан,
Жер-көк
Тынышта.
«Іңгәң да» сонда басталған
Тоқсаның үбір-шүбірлі,
Қас батырдай қасқарған
Жылдарың,
Жолың
Дүбірлі.
Үлкенсің менен үш-ақ ай,
Мен — іні,
Сонда...
Сен—«ағай».
Өмірдің өртті кезінде,
Дей бермедік «ләббай!»
Мен - көнбіс,
Сен — арыншыл
Мінезбен келе жатырмыз,
Болмасақ та дамылшыл,
Болғамыз жоқ дабылшыл.
Арындаған кезінде
Бұрқ ететін — ар үшін
Сүйсінтеді кей тұста,
Түйсінтеді кей кезде
«Теріс!» —
«Дұрыс!»
Бары үшін.
Өмірден әркез алғанын
Өмірге әркез бергенің —
Драмалық өрнегің —
Өнер атты төрдегің!
Романдарың, повесің
Толып жатқан том-томың.
Биіктетіп өресін
Тарихтан алмақ «он жолын».
Октябрьден басталған
Қазақстан атанған
Тәуелсіз бүгін мемлекет
Қалыспаған қатардан.
Елміз жайсаң — іргелі,
Әлемге даңқы таралған
Әм ғалым, әм қаһарман
Ғасырдан ғасыр жаңарған.
«Қыл көпірден өткізген
Тамұқтан азат еткізген.
Бабалар Бізді жеткізген
Жақсылығын ұмытпан,
Суық ой отан жуытпан.
Қашан көрге кіргенше,
Қарғыс атса болмай ма
«Екі жүзді» боп жүргенше.
Тоқсанында, Әлжеке,
Толғанып бір кеткенім;
Ұмытпа,—дейді, — ұмытпа,
Тоқсан жыл бойы өткен күн.
Көркем сөз деген дүниеде
Майталман, ірі қаламгер,
Жігерлі жан күйіңмен
Тарта бер алға! Тарта бер,
Деп тілейді қалың ел!
Жыр арнаған өзіңе
Дихан-Баба құрдасың,
Армандасың, мұңдасың,
Бүкпесіз дос, сырласым,
Жырлаудай-ақ жырладық
Енді... ғасыр бізді жырласын!

Желтоқсан, 1996 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтай асулары

  • 0
  • 0

Күн көзі сары үрпек жас балапандай,
Күзгі аспан ала шабыр, ала таңдай,
Әр ұста бытыраңқы қорғасын бұлт,
Ырғиды долы ашуын тарата алмай.

Толық

Тұрсынбек

  • 0
  • 0

Ассалаумағалейкум, тақсыр өлең!
Жаны жақсы жандарды жақсы көрем.
Тоқсанымда толқынған жан сырымның
Тұрсынбекке бір шоғын тапсыр, өлең.

Толық

Махаббатсыз өмір тұлын білген жөн

  • 0
  • 0

Айтолқын! — деп, ат қойып ем. Бойдақ ең.
Минутына мың қарасам тоймап ем.
Қосты тағдыр бізді ақыры, о тоба,
Айтшы бүгін, сонда сен не ойлап ен?

Толық

Қарап көріңіз