Өлең, жыр, ақындар

Саңлағысың парасатты сананың

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1368
Сағынғали Сейітовке

Сайрап жатып төсекте тіл мен жатым,
Сексеніңнің тойына бара алмадым.
Қан майданда қаруың—жан жырыңмен,
Отан сүтін оқ асты адалдадың.
Жайқалған жасыл орман Иранбағың
— Жәйлі мінез, жазира жыр шуағын!
Патшаның тағына да бермес едім,
Сәтті шыққан саналы жыр шумағың.
Ғылым, білім бар-ақ қой бір басында,
Атақ құмар болмадың әу басынан.
Кеңесерлік сәттер бар кездескенде
Келтіресің «білгірді» тәубасына.
Қызғанумен, күндеумен жұмысың жоқ,
Кең пейіл —
Кен, даладай тынысың боп,
Жасап келе жатырсың, жомарт ақын,
Халқыңның қалтқысыз бір ырысы боп.
Саңлағысың парасатты сананың,
Қыңыр жортып көрген емес қаламың.
Сексеніңнің алдында:
Тоқсан мен жүз,
Сілтене түс, одан да әрі адал үн!

10 желтоқсан, 1997



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеңшілік қаза болғанда

  • 0
  • 0

Атындай жаның да кең
Кеңшілігім,
Ағалап бұрынғындай
Келші, інім!

Толық

Уақыттың естісіне мың алғыс!

  • 0
  • 0

Атынды атай алмай
«Айбек»—дедік,
Нақақтан есіміңе
Айбат шегіп.

Толық

Шындық сыры

  • 0
  • 0

Ақиқат пен және де аңызды да,
Хақың бар ед сен ғана жазуыңа.
Бердің азық ерлік пен елдік жайлы,
Адамдар жан сырының азығына.

Толық

Қарап көріңіз