Өлең, жыр, ақындар

Әке

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5471
Иманғали Тасмағамбетовке

Әкенің
Кім болсаңда
Жөні басқа
Екенін растайды дос та, қас та,
Әкенің ең бақыты — перзентімен,
Іңгәлап,
Тәй-тәй тұрып кадам басса.
Содан...
Солай басталған өмір-өрнек,
Сонау—Адам Атадан келеді өрлеп,
Қай заманда, қай әке болса дағы,
Тілейді, «Ұлым!
Бақытты бола гөр!» — деп.
Сол тілегі әкеңіз Нұрғалидың
Емес екен отбасы — ұсақ күйбің.
Асыл тілек тілеген әке екен той,
Азаматы болмауың бір ғана үйдің.
Сол әкең
Жас шағыңнан салып жанын
Адамдық,
Адалдықпен
Берді тәлім.
Перзенттік зердеңменен мектеп еттің
Әкенің мәртабалап зейін нәрін –
Қаны той
Әкеңіздің жүрек қаның.
Мінез,
Құлық,
Парасатты тағылым.
Алға тартқан әрбір тапыл адымын
Әке — заңы, —
Әкең жаны сендегі, —
Жаратылыс заңдарынан мағлұм.
«Иман» — Иман,
«Ғали» — Ғали Хазірет,
Иманғали деп ат қойған тәлімдеп,
Әкеңізге
Молдаға да
Рақмет,
Соның өзі білімдарлық, ғанибет!
Ақниетті,
Іру білмес сүт жүрек,
Ақсұңқардай
Қанатында күшті леп!
Күн нұрынан
Ләззат құйып жанына,
Самғай бермек,
Топшысымен үш түлеп!
«Тәбәрік!» — деп,
Түшкірмей де,
Үшкірмей
Бір өзіңіз министрсіз үш бірдей
Тфа, Тфа!
Қабілетіңе ризамын,
Арманыңа
Алғыр,
Жігер,
Күш кіргей.
Орынымен парасатты іштілік
Бақыттылық,
Бағыттылық, істілік,
Халық үшін бейнет, —
Зейнет көруде,
Сенімді ақтау
Сертке берік күштілік.
Көкжиегің тарылуды білмесін,
Болашақтың арманымен тілдесіп,
Бекемдесіп,
Мекендескен ел-жұртпен,
Сақтаса біл еліміздің іргесін!
Алыса біл тарихтағы жүлдесін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған тілім

  • 0
  • 31

Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Әлде мен бір аспанның сұр бұлтымын?

Толық

Қазақша жырлап өтем

  • 0
  • 0

«Түркіше жырла», —
депті назгер ақын,
Бұйырсын өзіңе ол
«насихатың».

Толық

Үш жұлдыз

  • 0
  • 0

Күткені де осы еді
Өзіңді туған елінде!
Бұрын да көңіл хош еді,
Адамдық биік белгіңе!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар