Өлең, жыр, ақындар

Жастау едім

  • 29.04.2019
  • 0
  • 1
  • 2309
Жастау едім,
Жарқ-жұрқ еткен нұрлы едім.
Өнер үшін қай тозаққа кірмедім!
Тазартам деп көңілдердің мұржасын,
Жасырмаймын,
Өзім де көп кірледім.
Алып қаштым,
Ауыздықты кемірдім.
Ойдан жүдеп,
Мақтау сөзден семірдім.
Шығу үшін биігіне мұраттың,
Түстім талай подвалына өмірдің.
Аңғарғанға мұның өзі күлкі шын,
Адамдарға көрсетеді пұл күшін.
Жиі-жиі ұсақталдым,
Жүз сомдай
Ұсақталған бес тиынның мүлкі үшін.
Ұғып алсын жүрген шәкірт соңымда,
Кішірейдім үлкен мақсат жолында.
Кейде үлкен шаруалардың тағдыры
Тұрған болса ергежейлі қолында.
Шаттық гүлін оңайлықпен кім жиды?!
Шыдамаған ауыр жолда жүнжиді.
Бір биікке ту тігерде
Солдат та
Оқ астында жер бауырлап жылжиды!



Пікірлер (1)

Маржан

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Апамның айласы

  • 0
  • 0

Сезге апам шебер-ді,
Сұрады бір уақта:
— Жұмсайын Жігерді,
Балықкөл жырақ па?

Толық

Мақтаншақ

  • 0
  • 0

— Сен әлі баласың!—
Деп маған қойды Асан.—
Он жолда-ақ қаласың,
Шахмат ойнасаң!—

Толық

Қазақ әйелі

  • 0
  • 1

Төзіміңді берсе сенің темірге,
Темірдің де түгі кетпес көмірге.
Қазақ қызы,
Қайран қазақ әйелі,

Толық

Қарап көріңіз