Өлең, жыр, ақындар

Аға берсін жанардан жас, бастан қан

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1540
Аға берсін жанардан жас, бастан қан,
Алайда мен қиянаттан жасқанбан.
Ал сен болсаң төркініңді жасырып,
Түскендей боп көрінесің аспаннан.
Аңыз емес,
Ертегі емес,—
Сыр тыңда:
Мен қырған мұрт — анау сенің мұртың да.
Жүргеніңді жасырасың өзіңше
Менің кеше көшіп кеткен жұртымда.
Тұяқ үні естілмей ме жел жақтан?
Келіп қондың қотаныма төл жатқан.
Мақтанасың жалыным деп, отым деп,
Қоламтасын кешегі оттың мен жаққан..
Мендей емес, рас, сенде бар күтім,
Ішесің сен сыраның да барқытын.
Әлі күнге сораптайсың су қосып
Менен қалған жыр-шәрбаттің сарқытын..
Жатып алып жексенбі күн, сенбі күн
Жазасың кеп,
Жазғаныңа сенді кім?!
Менің көне шалбарымды тазалап,
Тойға тағы киіп бардың сен бүгін.
Бірақ бөркің жанып тұрды төбеңде,
Мүмкін емес сыр жасыру өлеңде.
Кім сенеді сені — бізден, қарағым,
Бізді — Абайдан үйренбеді дегенге?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оңашада әлдилеп ойдың гүлін

  • 0
  • 0

Оңашада әлдилеп ойдың гүлін,
Тыныштыққа армансыз тойдым бүгін:
Үзіліссіз сөйлейтін радио,
Оның өзін өшіріп қойдым, күнім!

Толық

Сақал-мұрт пен Ұстара

  • 0
  • 0

— Досым, мінің көп тегі,
Мақтаса да сені жұрт.
Бізсіз күнің жоқ!— деді
Ұстараға Сақал-мұрт.

Толық

Есіңнен шықпас ойдан ба

  • 0
  • 0

Есіңнен шықпас ойдан ба,
Естінің сөзін қимайсың.
Жаңаны былай қойғанда,
Ескінің өзін қимайсың.

Толық

Қарап көріңіз