Өлең, жыр, ақындар

Еңбек және сұлулық

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6007
Тозды жастық желкілдетіп желегін.
Таба алмадым кәріліктің мен емін.
Есім кіріп,
Етегімді жиғалы
Еңбегіме сиынумен келемін!
Туған жерге тартып туған өлеңім.
Мен өнерде Махамбетпен бөлемін.
Дүниеге көзімді осы ашқалы
Сұлулыққа табынумен келемін.
Ант етемін ұстап жырдың жемісін!
Бұл өмірде басқа құдай жоғы шын.
Әр уақытта
Еңбек пенен Сұлулық —
Тәңір және Тәңірия мен үшін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асыл ойдың тереңіне

  • 0
  • 0

Асыл ойдың тереңіне
Асығудың керегі не?
Көп қалмаған сияқты!
Қиял атты киігіме

Толық

Өлетін ұл болам деп халық үшін

  • 0
  • 0

Өлетін ұл болам деп халық үшін:
Балалық келіп еді алып-ұшып.
Топты да,
Тобырды да киіп жарып,

Толық

Пендешілдік кім-кімге де тән деңдер

  • 0
  • 0

Пендешілдік кім-кімге де тән деңдер.
Пайғамбарды менсінбейді менмендер.
Қай кезде де көлегейлеп күнді бұлт,
Қай кезде де үрген пілге қандендер.

Толық

Қарап көріңіз