Өлең, жыр, ақындар

Ойлар

Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

Ілмектер: тәуелсіздік, алаш, қазақ Міржақып Дулатұлы

Пікірлер (2)

нұрқанат

ішінде бәрі бар

Мен қазақпын (шығарма)

Алыстан Алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болса да әкем қазақ, шешем қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын – деп Міржақып бабамыз айтқандай, қазақ елі, қазақ жері өз егемендігін алып, туын биікке көтергеннен бастап, ел болашағын ойлайтын жастар көбейе бастады. Ұлт намысын асқақтататын және «мен қазақпын» деп жырлайтын, жастардың отанға деген адал махаббатын біздің артықшылығымыз бен кемшіліктерімізден де байқауға болады. Кемшілігіміз деп отырғаным, өз тілімізді өзіміз құрметтемейміз. Қазақ «қазақпын» деп мақтанады десе, керісінше қазақтықтан жиіркенеді. Осындай келеңсіз көріністерді көрсең, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағы» еріксіз есіңе түседі. «Мен қазақпын» дейміз. «Мен қазақпын» деп ауызбен айтып емес, іс-әрекетіңмен жасап көрсету қажет. Себебі, ол менің қанымда бар. Кіші жүзден тарайтын Әлім бабаның, Есет батырдың ұрпағымын. Осындай батыр бабаларымыздың аманатын сақтай келе, бүгінгі күнге тәуба айтып, өркениетті елдердің қатарына қосылып келеміз. Қазақ халқын ең алғаш түрік халқы мойындаса, қазір әлем мойындады. Ол әрине, халықтың бірлігінің арқасында. Қазақтар иен далада желжетпес жүйрік мініп дағдыланған, ал бірақ қажет болса олар еңбектей де біледі, жүгіре де біледі. Оларды ешкім де ештеңе де тоқтата алмайды.

Батысқа еліктейміз немесе солардай боламыз деп қатты кеткен сияқтымыз. Неге бізге қазақ болып қалмасқа? Көк туымыз аспанда желбіреп, әуелетіп ән ұранымыз әрдайым елімізде шырқалып тұрса «мен қазақпын» деген мақтаныш көкірегімде кернейді. Соңғы жылдардың ішінде қазақ жұрты әлем елдеріне қазақтың кім екенін таныта бастады. Сақтар мен ғұндардың жалғасы көк түркілердің ұрпағы қазақ болғаным үшін де мақтанамын.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз


Басқа да бөлімдер: