Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Әзіл, анекдоттар (2)

Бір қожайын жаңадан алған үй қызметшісіне:
— Бақшаға барып шалқан жұлып әкел, — деп әмір етеді. Малай шығып кетеді де бірнеше түп шалқан жұлып әкеледі.
— Өй, кеще! «Шалқан жұл» дегенімді — «Шалқанды жұлып әкелсем болды» деп түсінгенің бе?! Жұлған соң оны тазалап жуып, турап, одан соң оған қаймақ құйып, үстіне аскөк сеуіп әкелмейсің бе?!
Сол күні қожайын аяқ-асты ауырып қалады да, малайын дәрігер шақыруға жұмсайды. Кешке қарай бір-ақ оралған қызметші:
— Тапсырмаңыз түгел орындалды. Дәрігер шақырдым. Дәрі-дәрмек алдым, табыт жасауға тапсырыс бердім, зираттан қабір қаздырып қойдым! — депті.

Ілмектер: бай, қожайын, қызметші, дәрігер, анекдот, прикол, әзілдер, Қазақша анекдот, анекдоттар

Әрбір шеккен темекі өмірімізді екі сағатқа қысқартады, әрбір ішкен арақ өмірімізді үш сағатқа қысқартады, ал әрбір жұмыс күні өмірімізді сегіз сағатқа қысқартады.

Ілмектер: өмір, темекі, арақ, сағат, жұмыс, анекдот, прикол, әзілдер, Қазақша анекдот, анекдоттар