Сен үшін
Сен үшін ақпанмын мен,
Саған ғана сырымды ақтардым мен,
Сәлем беріп келемін атқан күнмен,
Қоштасып кете берем батқан күнмен.
Ол кезде жырсыз жүр ек үнсіз жүр ек,
Сезімді тапқан сен ең шын сүзгілеп.
Үміттің құба таңын атырғансың,
Қымбаттым ұнатамын бір сізді деп.
Түрім де бұзылғандай сен кеткелі,
Еш кетіп сезімімнің еңбектері.
Аспан өзі күрсініп тұрғанменен
Жұбатуға тырысты жер-көк мені.
Жапалақтап түсiрсе қарды көктен,
Арман келiп құлағандай арғы беттен.
Салқындық самал болып есе берсiн,
Ал менiң жүрегiмде мәңгi көктем.
Не деген ақымақпын,
Сенген менің сезімім.
Тағдырындай жапырақты,
Қурады енді күз келіп.
Менің жаным сыр шертетін тек қана ақ параққа
Сен келдің де өмірімді алыстаттың мұңдардан
Үйреттің сен кешіруді, сүрінбеуді сынаққа
Жүрегіме ала келдің өзіңменен ізгі арман...
Сүйкімдісің сен неткен
Жаның сенің сыр екен
Өзіңменен бір болу
Арман екен, мұң екен
Дауысың жүрегімде із қалдырды,
Келбетің өзгелерден қызғандырды.
Сөздерің сезіміме ұласты да,
Жанарың жанарымды нұрландырды!
Сары күз сені сағындым
Көңілімнің көшірмесі едің.
Ағымнан саған жарылдым,
Сен қалай кешірмес едің.
Сені ойлау ғажап сезім мың түрлі –
Сипағандай таңғы нұрдың білтесін,
Ауаға гүлдер еккендей түр-түрлі,
Сәби жамылғандай жылы көрпесін...
Көрдім сенім ақ жүзіңнен еркелеген,
Көрмей сезім бұрылдың-ау ерте менен.
Бекежанның оқ жанары садақ болып,
Қыз Жібектен айрылды ғой ер Төлеген.
Қараушы едім жанарыңа баласынып,
Өтті бәрі түс келді ғой таң асырып.
Жапырағын сұрап жатыр тіленші күз,
Жүрегімді іздеп жүрмін аласұрып.
Бәрі бітті...
Жылама, жыламаспын менде енді,
Мен келмеймін сол баққа, сен де сәулем келме енді.
Сұрқай күздің жөтелі үрледі ғой сезімді,
Кеткім келеді алыстарға...
Қайда барам?
Мылқау әуен сыр шертеді айдаладан.
Сезім — малай, тән билікте жерідім мен,
Бұл әлем қап-қара тас түнек,
Қара бақ, қара жер, қара құм.
Әлем — от, жүрегім мұп-мұздай,
Сұп-суық оттарға жанатын.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі