Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (848)

Сабырлы адам сақтанып сөйлер,
Сабырсыз адам мақтанып сөйлер,
Сапырыстырып, ақтарып сөйлер.

Ілмектер: сабыр, адам

Қайғысы жоқ адамға
Қара көже балмен тең.
Қайғысы көп адамға
Кең дүние жармен тең.

Ілмектер: қайғы, адам, дүние

Адам болатын жігіт:
Әуелі өз нәпсісін билейді,
Сонан соң ауылын билейді,
Сонан соң аймағын билейді.

Ілмектер: адам, жігіт

Арық қой — тырысқақ,
Аш адам — ұрысқақ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, адам, ұрысқақ

Жақсы қатын жаман еркекті де адам етеді.

Ілмектер: жақсы, жаман, қатын, әйел, еркек, адам

Жақсы адам — елдің көркі,
Жауқазын гүл — жердің көркі.

Ілмектер: адам, жақсы

Адам тілі тас жарар,
Тас жармаса, бас жарар.

Ілмектер: адам, тіл, тас, сөз

Ақкөңілді адамға, біреудің сырқаты да батады.

Ілмектер: Ақкөңіл, адам, пейіл, ынсап

Адам құлақтан азады,
Көңілден семіреді.

Ілмектер: адам, құлақ, семіру, көңіл

Аңқау бөрі қой үркітеді,
Ақылсыз адам ел үркітеді.

Ілмектер: аңқау, адам, бөрі, қой

Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.

Ілмектер: адам, сөз, мал, шөп

Өлімнен басқаның ертесі жақсы.

Ілмектер: адам, өмір, өлім

Көшемін деп отыныңды тауыспа,
Өлемін деп азығынды тауыспа.

Ілмектер: адам, өмір, өлім, азық, отын

Балалық шағы — патшаның тағы.

Ілмектер: адам, өмір, патша, балалық шақ

Жас — кәрінің көзі,
Кәрі — жастың тезі.

Ілмектер: адам, өмір, жас, кәрі

Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,
Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.

Ілмектер: қарт, адам, өмір, дана, бала

Кәрісі кімнің бар болса,
Хаты соның қолында.

Ілмектер: қарт, адам, өмір, хат

Көп жасаған көмбенің үстінен шығар.

Ілмектер: адам, өмір

Кәрілік — дауасыз дерт.

Ілмектер: кәрілік, қарттық, адам, өмір

Жастыққа да кәрілік бар,
Байлыққа да жарлылық бар.

Ілмектер: өмір, адам, кәрілік, жастық, байлық, кедейлік, жарлы