Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (853)

Дүниеқор - дүниенің құлы.

Ілмектер: дүниеқор, дүние, адам, адам және оның қасиеттері

Алаған қолым береген.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері

Сырты жылтырауықтың
Іші қалтырауық.

Ілмектер: адам, адамның қасиеттері

Екі аяқты адам түгіл,
Төрт аяқты мал да ақсайды.

Ілмектер: мал, адам, ақсау, адамның қасиеттері

Қағазға тіл бітірген - қалам,
Жансызға жан бітірген - адам.

Ілмектер: қағаз, қалам, тіл, адам

Шешенің судай төгілген,
Тыңдаушың бордай егілген.

Ілмектер: су, адам

Әр заманда бір көреген.

Ілмектер: заман, адам

Дененің - ақтық, қаралығы
Моншаға түскенде белгілі.

Ілмектер: дене, монша, ақ, қара, адам

Тауансыз адам - табансыз,
Алымсыз адам - шалымсыз.

Ілмектер: адам, адамның қасиеттері

Жасы бір құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Ілмектер: жас, заман, құрдас, адам

Арман адамға қанат.

Ілмектер: арман, адам, қанат

Адам деген ат - адамға лайық.

Ілмектер: адам

Ақылсыз адам "менмен" келер,
Ақылды адам - кеңінен келер.

Ілмектер: ақылды, ақылсыз, адам, менмендік

Мың адам салған көпірді,
Бір адам бұзады,
Бір адамның жаққан отына,
Он адам жылынады.

Ілмектер: көпір, мың, сандар, он, бір, адамның қасиеттері, адам

Адамды арман қосады,
Алғашқы дәрмен қосады.

Ілмектер: адам, арман, дәрмен

Сыпайыны арығында бақ.

Ілмектер: сыпайы, адам

Болар адам жеті жастан бас болар,
Болмас адам қырыққа келсе де жас болар.

Ілмектер: адам, жеті, қырық, жас, адамның қасиеттері

Үйіңде адам болса,
Күйің жаман болмас.

Ілмектер: үй, адам

Сүйек жуушы адам мәйіттің я жұмаққа,
Я дозаққа барарына кепілдік бере алмайды.

Ілмектер: сүйек, кепіл, адам, тозақ, жұмақ, парсы мақалы

Тәрбиесіз адамнан
Үйретілген айуан артық.

Ілмектер: тәрбие, адам, айуан, парсы мақалы