Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (24) Өлеңдер (8) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (388) Ұлағатты сөздер (25)

Тіл жүйрігі - басқа,
Қол жүйрігі - асқа.

Ілмектер: тіл, жүйрік, қол, ас

Қарны ашқанға ас салғызба,
Суыққа тонғанға от жаққызба.

Ілмектер: аштық, ас, суық, от

Сорлының аузы асқа тисе, мұрны қанайды.

Ілмектер: сорлы, ауыз, ас, мұрын

Таңертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.

Ілмектер: таңертең, ас, кеш

Ішкен мас, жеген тоқ.

Ілмектер: тоқ, ішу, жеу, ас

Жаманға ас берсең үйіңнен шықпайды,
Өлікке ас берсең түсіңнен шықпайды.

Ілмектер: жаман, ас, өлік

Жетімнің аузы асқа келсе, мұрны қанар.

Ілмектер: жетім, ас, мұрын, қан

Жарлылықта жақсы екен, жатып ішер ас болса.

Ілмектер: жарлы, ас

Ас қадірін тоқ білмес,
Ауру қадірін сау білмес.

Ілмектер: ас, тоқ, сау, қадір

Әр жеген асқа,
Қажет екен ақша.

Ілмектер: ас, ақша, парсы мақалы

Ерге берсең асыңды,
Ерлер сыйлар басыңды.

Ілмектер: ер, сый, ас, тағам

Айдабол, ас ішкенде пайда бол.

Ілмектер: ас

Ас ішіп, аяқ босатар.

Ілмектер: ас, тамақ

Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.

Ілмектер: адамн, нан, ас

Таңғы астан да тәттірек.

Ілмектер: таң, ас, парсы мақалы

Ұятсыз әйел тұзсыз ас секілді.

Ілмектер: әйел, ұят, ас, тұз

Екі аспаз ас пісірсе,
Аш қалдым дей бер.

Ілмектер: аспаз, тамақ, ас, парсы мақалы

Басын ойламай,
Асын ойлайды.

Ілмектер: ас, бас, парсы мақалы

Әр астың өз қасығы бар.

Ілмектер: ас, парсы мақалы, қасық

Ауызы асқа тигенде,
Тұмсығы тасқа тиді.

Ілмектер: ас, тас, қырғыз мақалы