Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (24) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (154) Ұлағатты сөздер (20) Әзіл, анекдоттар (1)

Жаман ат қамшыласаң өрге шаппас,
Жақсының жаман адам бабын таппас.

Ілмектер: жақсы, жаман, ат, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ала алмаған атынан көрер,
Қайтып келіп қатыннан көрер.

Ілмектер: ат, қатын

Ат баспан деген жерін үш басады.

Ілмектер: ат, жер

Артқы айылдың басқанын иесі білмес, ат білер,
Ағайынның азғанын жақын білмес, жат білер.

Ілмектер: ағайын, ат, азғындық, жат

Ат - ердің қанаты.

Ілмектер: ат, ер

Ат - биеден, аруана - түйеден.

Ілмектер: ат, бие, түйе, төрт түлік мал, аруана

Ат аяғын тай басар.

Ілмектер: ат, аяқ, тай

Ат алсаң бойы менен басын ал,
Қатын алсаң көзі менен қасын ал.

Ілмектер: ат, қатын, бой, көз, қас

Ат жаманы тайменен ойнар,
Қатын жаманы байменен ойнар.

Ілмектер: ат, жаман, қатын, ойын

Артқы айылдың кеткенін иесі білмес, ат білер.

Ілмектер: ат, ие

Жаман атқа мінсең жолың болмас.

Ілмектер: жол, ат

Ер көрмейін деген жерін,
Үш көреді,
Ат баспаймын деген жерін,
Үш басады.

Ілмектер: үш, ер, жер, ат

Ат жалында,
Атан қомында.

Ілмектер: ат, атан

Жауға аттанар жігіт, төл атын мінеді.

Ілмектер: жау, жігіт, ат, төл

Есекті қанша ұрсаң да ат болмас.

Ілмектер: есек, ат, ауған мақалы

Салт атты, сабау қамшылы.

Ілмектер: ат, қамшы, жалғыздық

Бізде кісі болармыз,
Атқа кісен салармыз.

Ілмектер: ат, кісен, адам, адам және оның қасиеттері

Кісі болар баланың
Кісесінен белгілі.
Ат болатын құлынның
Мүшесінен белгілі.

Ілмектер: адам, адам және оның қасиеттері, ат, құлын

Шықсаң ұзақ сапарға
Арымас ат - от арба.

Ілмектер: сапар, арба, ат

Ескі дос –
Ерттеуі ат.

Ілмектер: дос, ат, парсы мақалы