Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (49) Мақал-мәтелдер (279) Ұлағатты сөздер (300) Әзіл, анекдоттар (2)

Ақылды деп айтса болар
Айттырмай өзі білгенді.
Жомарт деп айтса болар
Сұратпай өзі бергенді.

Ілмектер: ақыл, жомарт

Ақылды ер адамнан айып іздемейді,
Өнер іздейді.

Ілмектер: өнер, ақыл, адам, ер, айып, іздеу

Ақылды ердің көзін ақша байлайды,
Қыл тұзақта құс құлқынын ойлайды.

Ілмектер: ақыл, ер, ақша, байлау, қыл, тұзақ, құс

Ақылды кісі аз сөйлер.

Ілмектер: ақыл, аз, сөйлеу

Ақылды кісіден кісілік үйренесің.

Ілмектер: ақыл, кісі, үйрену

Ақылды кісінің белгісі—
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Арғымақтың белгісі—
Аз оттап, көп жусайды.

Ілмектер: ақыл, арғымақ, белгі

Ақылды кісінің ісі де ақылды,
Біліксіз кісінің «біліксіз» деген аты да былғаныш.

Ілмектер: ақыл, ақылды, біліксіз

Ақылды қазы да кейде аңғал шешім айтады,
Ақылсыз бала да кейде ойнап атып тигізеді.

Ілмектер: ақыл, аңғал, шешім, ақылсыз, ойын, бала

Ақылдыға сөз айтсаң,
Толыса түсер ақылы.
Ақылсызға сөз айтсаң,
Сол күйі қалар ақыры.

Ілмектер: ақылды, ақыл, ақылсыз

Ақылдыны білім ұстамды қылады.

Ілмектер: ақылды, ақыл, білім, ұстамдылық

Ақылдың ісі асығыспен бітпейді.

Ілмектер: ақыл, асығыс. іс

Ақыл-кеңес бергенге қызмет қыл.

Ілмектер: ақыл, кеңес, қызмет

Ақыл-кеңес тыңдамаған адам
Әрдайым машақатқа түседі.

Ілмектер: ақыл, кеңес, машақат

Ақылменен көп елді қаратып алуға болады.

Ілмектер: ақыл, көп, ел

Ақыл-ой мен білім — әр адамның сәулеті.

Ілмектер: ақыл, ой, білім, сәулет

Ақылсыз адам мәуесіз ағаш секілді.

Ілмектер: ақыл, адам, ағаш, мәуе

Ақылы аз деп қорсынба, пайдасы тиеді.

Ілмектер: ақыл, пайда

Ақылы азған адам өзін-өзі отқа тастайды.

Ілмектер: ақыл, азу, от

Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама,
Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама.
Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама,
Ашуланса, мерт қылар, жолбарыспен ойнама.

Ілмектер: ақыл, жақсы, сыйлау, жаман, ашу, жолбарыс

Ақылы болса, аяулы болады,
Білігі болса, бектікке таласады.

Ілмектер: ақыл, аяулы, бектік