Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (49) Мақал-мәтелдер (279) Ұлағатты сөздер (300) Әзіл, анекдоттар (2)

Ақыл шыңы - даналық.

Ілмектер: ақыл, шың

Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Ілмектер: ақыл, білім

Ақылың болса арыңды сақта,
Ар-ұят керек әр уақытта.

Ілмектер: ақыл, ар, ұят, адам, адам және оның қасиеттері

Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.

Ілмектер: дос, ақыл

Бойың қисық болса да,
Ақылың түзу болсын.

Ілмектер: бой, қисық, ақыл, түзу

Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.

Ілмектер: ақыл, өнер

Ақыл — шам-шырағың түндегі,
Білімділік — жарық көзі күндегі

Ілмектер: жарық, көз, ақыл, білімділік, түн, күн

Ханда қырық кісінің ақылы бар.

Ілмектер: ақыл, хан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ақылың барда адамдарды танып ал.

Ілмектер: ақыл, адам, өзбек мақалы

Болат кездік қап түбінде жатпайды,
Ақылы жоқ жаманды егеулеп тұрсаң, батпайды.

Ілмектер: болат, ақыл, ақымақ, қап

Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.

Ілмектер: ақыл, ақылды, мақтану, мақтаншақтық

Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.

Ілмектер: ақыл, білім

Ақыл - ауыздан,
Мерей - көзден.

Ілмектер: ақыл, мерей

Әкеден — ақыл,
Анадан — мейір.

Ілмектер: әке, ақыл, ана, мейір

Ақыл — бұл күштен әлдеқайда көп нәрсе. Күш пайдасыз жерде ақыл көмектеседі.

Ілмектер: мысыр мақалы, ақыл, күш

Ағадан— ақыл,
Атадан — нақыл.

Ілмектер: аға, ата, нақыл, ақыл

Арқасы аспанға тисе де,
Ақылы аяғының астында жатыр.

Ілмектер: арқа, ақыл, аспан, ауған елінің мақалы, ауған мақалы