Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (47) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (30) Ұлағатты сөздер (15)

Тікенексіз болса,
Әтіргүл болар ма.

Ілмектер: тікен, гүл, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Гүлдің орны – бұта,
Төлдің гүлі – бота.

Ілмектер: гүл, төл, бота, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Әр гүлдің иісі өз уақытында аңқиды.

Ілмектер: уақыт, гүл, иіс

Бақтағы гүлдер бір ашылып, бір жабылады.

Ілмектер: бақ, гүл, ашылу, жабылу

Біліктінің сөзі — жанып тұрған жас гүл.

Ілмектер: біліктілік, білікті, гүл

Тікен гүлін қорғайды.
Балқурай бүрін қорғайды.

Ілмектер: өсімдіктер, гүл

Ер елінде,
Гүл жерінде.

Ілмектер: ер, гүл, туған жер, отан

Жаңа шыққан күнді көрген
Бір ғанибет.
Жаңа ашылған гүлді көрген
Бір ғанибет.

Ілмектер: күн, ғанибет, гүл

Бұлбұлдан опа күтпе,
Әр гүл сайын әртүрлі сайрайды.

Ілмектер: бұлбұл, опа, гүл, сайрау, құс туралы

Кім раушан гүлін алғысы келсе, тікенектерге төзуі керек.

Ілмектер: мысыр мақалы, гүл, тікенек, төзу, төзім