Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (71) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (144) Әзіл, анекдоттар (1)

Ер өтірік айтпайды,
Ер өтірік айтса да
Ел өтірік айтпайды.

Ілмектер: өтірік, ел, ер

Ер айтса — ел айтқаны
Елдің қамын жеп айтқаны.

Ілмектер: ер, ел

Ері даңқты болса,
Елі антты болса,
Әруағы артып жүреді,
Жауы аяғын тартып жүреді.

Ілмектер: ер, ел

Қос ұл туған қатынды
Ханым десе болады.
Ел қорғаған батырды
Нарым десе болады.

Ілмектер: қатын, ханым, батыр, ер, ел

Елінің даңқын батыры шығарар,
Батыры шығармаса, ақыны шығарар.

Ілмектер: ел, даңқ, батыр

Ердің көңілі жібектей
Бір түйілсе, шешілмес.
Ер қонысы түбектей
Жау еркіндеп көсілмес.

Ілмектер: ер, ел

Елі еріксіз болса,
Ері көріксіз болар.

Ілмектер: ел, ер

Ердің анасы — елдің анасы.

Ілмектер: ер, ел

Елінен кетсе, ер — жетім,
Егінші кетсе, жер — жетім.

Ілмектер: ер, ел, жетім

Елге ел қосылса — құт,
Желге сел қосылса — жұт.

Ілмектер: ел, жұт, құт

Ақ сұңқар ұшар жем үшін,
Ер жігіт туар ел үшін.

Ілмектер: ер, жігіт, ел

Ынтымақты ел —
Сарқылмас көл.

Ілмектер: ел, ынтымақ

Ерді ер ақтайды,
Еңбекті жер ақтайды.

Ілмектер: ер, ел, еңбек

Жанжалшыл елге жақын қонба,
Оқпанды жерге егін салма.

Ілмектер: жер, ел

Елін жамандаған
Елеусіз қалады.
Ауылын жамандаған
Атаусыз қалады.

Ілмектер: ел, ауыл

Жолсыз жүріп торыққан
Жол қадірін біледі.
Жалғыз жүріп зарыққан
Ел қадірін біледі.

Ілмектер: жол, ел, қадір

Дау мен жау — ерге сын,
Көшіп-қонбақ — елге сын.

Ілмектер: дау, жау, ел, ер

Шөлмен жүрсең, жолмен жүр:
Жол бұлақты көлге апарады,
Көл қонысты елге апарады.

Ілмектер: шөл, жол, ел, қоныс

Алтын деген жер сыйы,
Алғыс деген ел сыйы.

Ілмектер: алтын, жер, алғыс, ел, сый

Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.

Ілмектер: тәуелсіздік, ел, ер