Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (14) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (360) Ұлағатты сөздер (109) Әзіл, анекдоттар (1)

Жаман ағаштың жемісі де кеміс.

Ілмектер: жаман, ағаш, жеміс, парсы мақалы

Биесі жаман болса,
Иесіне қайтар.

Ілмектер: бие, жаман, ие, парсы мақалы

Жаман қатын өлсе, төсек жаңғырады,
Жақсы қатын өлсе, бас қаңғырады.

Ілмектер: жақсы, жаман, әйел, қатын

Жаманат хабар,
Жылдам тарар.

Ілмектер: хабар, жаман, парсы мақалы

Жақсыдан – адам,
Жаманнан – сабан туады.

Ілмектер: жақсы, жаман, сабан, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жаман әдеттен тиюға,
Жақсы әдетті аяма.

Ілмектер: жақсы, жаман, әдет, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Тезек қарда жатпас,
Жаман жақсымен араласпас.

Ілмектер: тезек, қар, жақсы, жаман

Жаман атағың шыққанша,
Жаның шықсын.

Ілмектер: атақ, жан, жаман

Жақсы мінез – сүйінтер,
Жаман мінез – күйінтер.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез

Жақсы нақты үнімен жұбатады.
Жаман тоқпағымен жылатады.

Ілмектер: жақсы, жаман, жұбату, жылату, қырғыз мақалы

Жақсыны сөз өлтірсе,
Жаманды таяқ өлтіреді.

Ілмектер: жақсы, сөз, жаман, таяқ, қырғыз мақалы

Жаман ит жазда да тамақ дәметеді.

Ілмектер: ит, жаман, тамақ, қырғыз мақалы

Жаманның досы көп,
Жанына пайдасы жоқ.

Ілмектер: жаман, дос, пайда

Жаман нағашысын да танымайды.

Ілмектер: жаман, нағашы, туыс

Жаман өзін білмейді,
Жақсыны көзге ілмейді.

Ілмектер: жаман, жақсы, қырғыз мақалы

Жаман өзі бола алмайды,
Болғанды көре алмайды.

Ілмектер: жаман, көре алмаушылық

Жаман иттің іші түлкі қуғанда бұзылар.

Ілмектер: жаман, ит, түлкі, қырғыз мақалы

Жақсыдан жаман туса – шығыс,
Жаманнан жақсы туса – кіріс.

Ілмектер: жақсы, жаман, бала, шығыс, кіріс, қырғыз мақалы

Жаман талқанның қызуымен-ақ жауға аттанады.

Ілмектер: жау, жаман, талқан, қырғыз мақалы

Жаман бұқа өз басына шөп үйеді.

Ілмектер: жаман, бұқа, шөп, қырғыз мақалы