Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (51) Ұлағатты сөздер (8) Әзіл, анекдоттар (1)

Тау мен тасты су бұзады,
Азаматты сөз бұзады.

Ілмектер: тау, тас, су, сөз, азамат

Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.

Ілмектер: адам, тас, гүл

Сиырда аунамақ жоқ,
Жылқыда күйсемек жоқ,
Тамда белдеу жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Суда қаймақ жоқ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жоқ, тас, су, там

Керек тастың ауырлығы жоқ.

Ілмектер: тас, керек, өнер

Дүниеде тас қатты,
Тастан бас қатты.

Ілмектер: дүние, тас

Жас арқалағаннан
Тас арқалаған жеңіл.

Ілмектер: тас, жас

Кішкентай тастан
Қауақтай бас жарылады.

Ілмектер: тас, бас

Домалаған тасқа мүк тұрмайды.

Ілмектер: тас

Асыл тастан, ақыл - жастан.

Ілмектер: асыл, тас, жас, ақыл

Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.

Ілмектер: туған жер, ел, халық, тас

Адам тілі тас жарар,
Тас жармаса, бас жарар.

Ілмектер: адам, тіл, тас, сөз

Тас түскен жеріне ауыр.

Ілмектер: тас, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Тасқа егін шықпас,
Қас жаманға білім жұқпас.

Ілмектер: тас, егін, білім, ілім

Құл жиылып бас болмас,
Құм жиылып тас болмас.

Ілмектер: құл, құм, тас, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Тасты жапалаққа ұрсаң да жапалақ өледі,
Жапалақты тасқа ұрсаң да жапалақ өледі.

Ілмектер: тас, жапалақ, ұру, өлім

Тасым түссе - талайымнан.

Ілмектер: тас

Жасыңда алған білімің,
Тасқа басқан таңбадай.

Ілмектер: білім, тас, Араб мақал-мәтелдері, араб мақалы

Биік таудың басы болмасақ та
Баурайындағы тасымыз.

Ілмектер: тау, тас

Тас өз орнында ауыр.

Ілмектер: тас, ауыр, парсы мақалы

Тасты таспен сындырады.

Ілмектер: тас, парсы мақалы