Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (161) Ұлағатты сөздер (23) Әзіл, анекдоттар (1)

Жақыны көп адам жасқанбайды.

Ілмектер: адам, туыс, жақын

Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,
Бұршақ жауса, басын қорғар.

Ілмектер: торғай, жаңбыр, бұршақ, отбасы, туыс, жанұя

Туыс іздеген
Үндістанның алыстығынан қорықпайды.

Ілмектер: туыс, парсы мақалы

Босап қайтқан уысым –
Жауымнан бетер туысым.

Ілмектер: жау, туыс, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Немере ағаң –
Жең ішіндегі жылан.

Ілмектер: немере, аға, туыс, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Сұлу туыстың да сұмпайы аяғы бар.

Ілмектер: сұлу, туыс, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Қарындасқа бауырласың келді дегенде – елемеді.
Қайын атаң келді дегенде – желе жөнелді.

Ілмектер: қарындас, бауыр, туыс, қайын

Туысың дегенде суық қарап еді,
Қайын атаң дегенде құрақ ұшты.

Ілмектер: туыс, қайын ата

Жауыңның семіз етінің сорпасынан,
Жақыныңның тортасы артық.

Ілмектер: жау, туыс

Жиен келгенше,
Жеті қасқыр келсін.

Ілмектер: жиен, туыс, қырғыз мақалы

Тамақты жамандаған - қарынның тоқтығы,
Туысты жамандаған - ақылдың жоқтығы.

Ілмектер: туыс, тамақ, жамандау

Жаман нағашысын да танымайды.

Ілмектер: жаман, нағашы, туыс

Бетіме беті тиген туғаныма парқым жоқ.

Ілмектер: туыс, қырғыз мақалы

Бөлем,
Бөле үшін өлем.

Ілмектер: бөле, туған-туыстар, туыс

Ағайын-туған кімде жоқ,
Сыйласпа, жаттай жоқ.

Ілмектер: ағайын, туыс, сыйласу, қырғыз мақалы

Бұқада қайын жоқ,
Сиырда төркін жоқ.

Ілмектер: туыс, бұқа, сиыр, қайын, төркін, қырғыз мақалы

Абысының болса, күндесім жоқ деме.

Ілмектер: абысын, күндес, туыс

Жаман қатын түскен жерін,
Төркін тұтады.

Ілмектер: төркін, туыс, туыстық қатынастар, қырғыз мақалы

Аға — алғанша,
Жеңге — жегенше.

Ілмектер: аға, жеңге, туыс, ағайын

Әулие де жақынын жақтайды.

Ілмектер: әулие, туыс, жақтау, қырғыз мақалы