Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (35) Өлеңдер (73) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (212) Ұлағатты сөздер (261) Әзіл, анекдоттар (1)

Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.

Ілмектер: адам, табиғат, өмір

Өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ.

Ілмектер: өмір, темір

Өмір озады, ажар тозады.

Ілмектер: өмір, ажар, тозады

Доссыз — өмір тұл,
Махаббатсыз — өмір тұл.

Ілмектер: достық, махаббат, өмір

Жұмысы жемістінің —
Өмірі келісті.

Ілмектер: өмір, жұмыс

Уақытыңның босқа өткені —
Өміріңнің бос кеткені.

Ілмектер: уақыт, өмір, бос

Өмір қартайса да,
Көңіл қартаймайды.

Ілмектер: өмір, қарттық

Өткен өмір –
­Өшкен көмір.

Ілмектер: өмір

Өлім — ойран,
Өмір — майдан.

Ілмектер: өлім, өмір

Кебін кигеннен түңіл,
Кебенек кигеннен түңілме.

Ілмектер: өмір, түңілу

Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.

Ілмектер: өлім, өмір

Адам өмірге
Иықтап келеді,
Кетерінде «ұйықтап» кетеді.

Ілмектер: адам, өмір, өлім

Махаббатсыз өмір тастақта өсіп қурап қалған ағашқа ұқсас.

Ілмектер: махаббат, өмір

Өмірде із қалдыру балалықтан басталады.

Ілмектер: өмір, балалық

Өмірге риза болып, алғыс айт.

Ілмектер: өмір

Өмір өтер, жас өсер.

Ілмектер: өмір, жас

Өмір – үлкен мектеп.

Ілмектер: мектеп, өмір

Өмір — теңіз,
Еңбек — егіз,
Ақыл — сегіз.

Ілмектер: ақыл, еңбек, өмір

Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.

Ілмектер: өмір, ұстаз

Отанға опасыздық еткенің
Өмірден қаралы боп өткенің.

Ілмектер: отан, өмір


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)