Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (22) Мақал-мәтелдер (64) Ұлағатты сөздер (36) Әзіл, анекдоттар (1)

Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.

Ілмектер: әке, шеше, қыз, ұл

Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.

Ілмектер: ата, ұл, гүл

Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.

Ілмектер: білім, ұл, гүл, жұпар

Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.

Ілмектер: жақсы, қыз, ұл

Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келін жау.

Ілмектер: ұл, келін, туған, туыс

Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.

Ілмектер: ата, ұл

Атаның өспес ұлы
Өнбес дауды даулайды.

Ілмектер: ата, ұл, дау

Аталы ұл — қожалы құл.

Ілмектер: ата, ұл

Атасыз ұлдың ауызы үлкен.

Ілмектер: ата, ұл

Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.

Ілмектер: ата, ана, қыз, ұл

Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.

Ілмектер: әке, ұл, ана, қыз

Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Ілмектер: жаман, ақыл, талап, ұл, жас

Ұлың үйленсе — ырысың,
Қызың орын тапса — өрісің.

Ілмектер: ұл, қыз, ырыс, өріс

Үйінде ұл-қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.

Ілмектер: үй, қыз, ұл, жұлдыз

Бір жақсы қыз,
Екі жаман ұлға татиды.

Ілмектер: қыз, ұл

Қызыңды құтты орынға қондырғанша күт,
Ұлыңды отау иесі болғанша күт.

Ілмектер: қыз, ұл

Қыздың аңқауынан сақта,
Ұлдың жалқауынан сақта.

Ілмектер: қыз, ұл, жалқау

Озар елдің қызы мінезді,
Ұлы өнерлі келеді.

Ілмектер: қыз, ұл, өнер

Жақсы келін құрдасыңдай болар,
Жақсы ұлың сырласыңдай болар.

Ілмектер: келін, ұл, жақсы

Ұлың өссе,
Ұяттымен ауылдас бол,
Қызың өссе,
Қылықтымен ауылдас бол.

Ілмектер: ұл, қыз, тәрбие, өнеге