Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (73) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (38)

Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап — мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады.

Ілмектер: кітап, мәдениет, руханият, қорғау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрсұлтан Назарбаев

Мәдениеттің мәйегі - кітап.

Ілмектер: мәдениет, кітап, афоризм, нақыл Шерхан Мұртаза

Еңбек – ақыл мен мәдениеттің бүкіл адам баласына ортақ мерекесіне апаратын тура жол.

Ілмектер: еңбек, ақыл, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мәдениет, мереке Максим Горький

Өркениет дегеніміз — мәдениетті қоғам қалыптастыру.

Ілмектер: Өркениет, мәдениет, қоғам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Кімде-кім мәдениеттің негізін бөлшектеуге жол берсе, ол адамға барлық жағынан айып пен әділ кінә тағылуға тиіс.

Ілмектер: мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Көңіл тазалығы мен адалдық — нағыз мәдениетті жанға тән қасиет.

Ілмектер: Көңіл, тазалық, адалдық, мәдениет, қасиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Мәдениеті жоқ ел — әскері жоқ патшамен тең. Мәдениеті жоқ елдің қазынасы азайып, қайыршысы көбейері менсіз де мәлім.

Ілмектер: мәдениет, қазына, қайыршы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін — әдебиет, өнер, адамдары.

Ілмектер: салт-дәстүр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұлт, ұрпақ, әдебиет, өнер, адам, мәдениет Ханбибі Есенқарақызы

Мәдениеттілік — адамның рухани өрісімен өлшенеді. Қанында бар тектілігің мен бойыңа сіңген жақсы тәрбиең қандай деңгейде екендігің мәдениетіңнен көрінеді.

Ілмектер: Мәдениеттілік, мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қан, тектілік, тәрбие Бауыржан Момышұлы

Мәдениетті болу — қаздиып, шіреніп машина мініп, шікірейіп қызметкер болу емес, мұның бәрі көз алдар сыртқы қабық қана. Маймылды малындырып, үлде мен үлдеге орап, машинаға отырғызып қоюға болады. Одан маймыл мәдениетті болмайды. Өйткені тегі солай.

Ілмектер: мәдениет, маймыл, тек, тектілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Египеттіктер жойылып кету дегенді жоққа шығарады. Антика адамдары оны өз мəдениеттеріне тəн түр біткеннің бəрінің тілінде дəлелдеп баққан.

Ілмектер: тіл, мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Жоғары мəдениеттер діні – артық дамыған діндер емес, тек басқа діндер ғана. Қарапайым діндер бұлт пен жел тəрізді отан дегеннің не екенін білмейді.

Ілмектер: мәдениет, дін, бұлт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Əр алуан мəдениет бар болғандықтан, əртүрлі сан əлемдері де болады.

Ілмектер: мәдениет, әлем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Əр мəдениеттің өз балалық шағы, жастық шағы, ересек шағы мен кəрілігі бар.

Ілмектер: мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, кәрілік, жастық шақ, балалық шақ Освальд Шпенглер

Шаруа адамының өмірінде оның үйі қандай маңызды орын алса, мəдениетті адамның өмірінде қала да сондай орын алып келеді.

Ілмектер: шаруа, адам, қала, мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Адамның әдемі сымбаты мен мәдениеттілігі — бір-бірімен қарама-қайшы ұғымдарымен сәйкес келеді.

Ілмектер: адам, әдемі, сымбат, мәдениет Марсель Пруст

Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек.

Ілмектер: халық, мәдениет, қазақ, ұлт рухы, тәрбие Жүсіпбек Аймауытов