Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (144) Өлеңдер (79) Жоспарлар (29) Мақал-мәтелдер (353) Ұлағатты сөздер (217)

Көңіл берді, көз, ақыл, білім берді,
Сөз айтуға жаратты тілімді енді.

Ілмектер: көз, ақыл, білім, көңіл, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қайран тіл, қайран сөз — наданға қадірсіз...

Ілмектер: тіл, сөз, надан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мыңжас Темір

Ана тілін менсінбеген — сақау,
Ата ғұрпын елемеген — мақау.

Ілмектер: ана тілі, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сақау, мақау Сайын Назарбекұлы

Тілің өткір болса, жауыңды табар,
Артық айтсаң, айналып келіп өзіңді қабар.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жау Сайын Назарбекұлы

Тегің - атаңнан;
Тілің — анаңнан;
Білім — еліңнен;
Мінез — жеріңнен;
Махаббат — сезімнен,
Бақыт — төзімнен,
Сұлулық — көзіңнен;
Кісілік — өзіңнен.

Ілмектер: тектілік, тіл, білім, мінез, махаббат, бақыт, сезім, сұлулық, төзім, кісілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ащы тілді адам жабайы аңдар ішіндегі ең қанқұйлысы, ал жағымпаз — үй аңдарының ішіндегі ең қауіптісі.

Ілмектер: тіл, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жағымпаз, аң Диоген

Ақын — халықтың тілі.

Ілмектер: ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, халық, тіл Сайын Назарбекұлы

Тілмен адам өң береді сөзіне,
Жақсы сөзбен нұр береді өңіне!

Ілмектер: тіл, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нұр Жүсіп Баласағұни

Тілді күтіп бақсаң — аман басың да,
Сөзді қысқа қылсаң — ұзақ жасың да!

Ілмектер: тіл, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады.

Ілмектер: ана тілі, тіл, ұлт, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Күллі сөзді жина — ақылға сыймайды,
Керек сөзді айтады тіл, тыймайды!

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тіл Жүсіп Баласағұни

Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,
Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!

Ілмектер: сөз, тіл, тіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қамшы дағы етте, тіл дағы жүректе қалады.

Ілмектер: қамшы, дақ, ет, жүрек, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Кісі көркі — сөз, бұл сөздің түрі көп,
Ізгі сөзді ерді мақта — тілі өрт!

Ілмектер: көрік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сөз, тіл Жүсіп Баласағұни

Қылыштан да өткір ащы тілдері,
Қылдан нәзік ойларының іздері.

Ілмектер: қылыш, өткір, тіл, ащы, нәзік, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Тілімді алсаң, ақындарды ұқ әуелі,
Ұғынықты сонда әр жырдың әуені.

Ілмектер: тіл, ақын, жыр, әуен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ұлы ақын ба, әлде көптің бірі ме,
Байлама тас ешбірінің тіліне.

Ілмектер: ақын, тас, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Египеттіктер жойылып кету дегенді жоққа шығарады. Антика адамдары оны өз мəдениеттеріне тəн түр біткеннің бəрінің тілінде дəлелдеп баққан.

Ілмектер: тіл, мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Бала тілі шықпай жатып-ақ сөйлей бастайды.

Ілмектер: бала, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сөйлеу Освальд Шпенглер

Тілден оқ бойы озық тұрған ең таза рəміз — кешқұрым өз үйінің алдында шүйіркелесіп отырған шаруа қарттар жұбы.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, рәміз, қарт, шаруа Освальд Шпенглер