Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (8)

Ақыр соңында, шешімді бәрібір ересектер қабылдайды, жастар емес. Алайда сол жастар ертеңгі күні ересекке айналып, оларға да шешім шығаратын күн туады да, олар әлгі шешімдерге назар аударады. Міне сол кезде олар алдыңғы ересек ұрпақты дұрыс шешім қабылдағаны үшін мақтан тұтатындай болуы тиіс.

Ілмектер: шешім, жастар, ересек, болашақ, ұрпақ, мақтану Ли Куан Ю

Ұнамсыз iстердi жасыру жақсы емес, бiрақ оларды ашық iстеп, мақтан тұту одан да жаман.

Ілмектер: ұнамсыз, жаман, ашық, іс, мақтану, нақыл, жақсы, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Табын-табын малыңмен емес, қатар-қатар қосыңмен емес - ақ адал досыңмен мақтан.

Ілмектер: дос, мал, дүние, мақтану Тоқсары

Ізгі ісіңе мақтануды ойға алма,
Аш кісіні ойлай отыр тойғанда.

Ілмектер: мақтану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Өзі жат елде қайыршылық құрып жүріп, елін бай деп мақтайтындар — құдай қарғағандар.

Ілмектер: жат ел, қайыршылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, бай, мақтану Абай Құнанбайұлы

Нағыз мықтылар өз күштерін сыртқа шығару арқылы мақтанады.

Ілмектер: мықты, күш, мақтаныш, мақтану Роберт Вальзер

Əйелдердің қай-қайсысы да мақтауға лайық! Қай əйелдің бойынан да əлдебір тамаша ізгілік табылады: мен кір жуушының ханзададай əсем қозғалып келе жатқанын көргенім бар!

Ілмектер: әйел, мақтану, тамаша, ізгілік, ханзада Роберт Вальзер

Спорт - бұл қызыққа толы өмір. Табысқа бірден жеткізбейді. Жеңіліс қорқынышты емес, жеңіске сенбеген қорқынышты. Әрбір жаттығу қатты терлегендер үшін лифт, жай терлегендер үшін баспалдақ. Спорт - үлкен тәрбие мектебі. Бүгін тырысасың, қиналасың, ертең бірақ қуанасың, мақтанасың.

Ілмектер: Спорт, қызық, өмір, табыс, жеңіліс, қорқынышты, жеңіс, сенім, жаттығу, терлеу, лифт, баспалдақ, тәрбие, мектеп, тырысу, қиналу, қуану, қуаныш, мақтану, мақтаныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев