Өлең, жыр, ақындар

Исатайдың түсі жайлы

Беріштің ұраны — «Ағатай!». Ағатай атамыз жасында Қайдауыл деген батырының қызына үйленеді. Онан Бұқай деген бір бала туады. Бұқай жиырмаға жеткесін-ақ Ағатайға ілесіп жорыққа жүреді. Ағатай да Бұқайым өзімнің туымды ұстар-ау деп ойлап жүреді.

Қайдауыл жасы жетіп қартайып, өлім төсегінде отырып артына өсиет айтады. «Менің сауыт-сайманымды, қару-жарағымды өз балаларымнан ие болатын балам жоқ. Менің сауыт-жарағыма жиенім Бұқайжан ие бола алады. Менің көзім жұмылғасын Бұқайжанға беріңдер», — деп айтып дүниеден өтеді.

Бұқайға хабар жіберіледі. Келіп нағашысының сауытын алып кетсін дейді. Бұқай кәдесін беріп, қалыңдық ойнап жүрген кез екен, баруға жиналады.

Ағатай: «Шырағым, Бұқайжан, тілімді алсаң, барған жолы қашық, түрікпенде Қайдауылдың сайманына көз алартып жүрген өр қарақшы көп болар, бір белгісіз адамынан керуеншілерге қосып беріп жіберіп алдырталық», — дейді. Бұқай тұрып қалады, бармайтын болады.

Ағатай бір заман өзі сапар шығып кетеді, сол мезгілде Бұқай атам келгенше барып қайтайын деп кетіп қалады. Барып біраз жатып сауыт-сайманды алып қайтады. Жол бойы бір жайлы жерге түсіп қалады, атын ұзын шылбырменен аяғына байлап, қоржынды басының астына салып ұйықтап қалады. Түнде ұрықарақшы басын шауып өлтіріп кетеді. Дүниесін олжалап, өзін жалаңаш тастап кетеді. Артынан керуеншілер келіп, Бұқайдың жүзін жасырып «қарға-құзғын жемесін» деп уақытша аманат есебінде көміп кетеді. Сөйтіп, Ағатай батырға хабар етеді. Ағатай барып Бұқайдың сүйегін алып келіп, жуып арулап көмеді де, сөйтіп баяғы ай күнінде мұң болып отырған келінге рұқсат беріп, малын қайырып алады. Келін ұзатылып, барған жерінде үш-төрт айдан соң бір ұл бала туады. Ағатайдың бәйбішесі: «Бала біздің Бұқайжанның баласы, баланы алып кел, өзіміз асыраймыз», — дейді. Ағатай барып баланы құттықтап, алып келіп асырайды. Атын Бегалы қояды, Бегалыдан Тайман туады, Тайманнан Исатай туады.

Исатай өсіп әр жерде жолдыққа таласып, жол бермей жүргенде, Исатайға қазақтың ақсақал билері жолдыққа таласқанда: «Исатай-ай, саған жолдық тимейді, сен некесіз туғансың, Бұқай өліп, шешең басқа кісіге некеленгесін, атаңа белгілі басқа кісінің некесінде туды», — деп бетіне басады. Шора кеп:

— Е, Ғылман ақын Исатай, Махамбеттің тарихын бастағанда бас жағында мындай күмілжіген сөзді естіртіп кетеді.

Ағатайдың Бұқайын түрікпеннен бұ да өлгенге дейін қалыңдық ойнап жүргенде, Бегалыдай батырдың некеден бұрын болды деп жабылған жұрттың жаласы, — дейді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз