Өлең, жыр, ақындар

Қызыңның бауы берік болсын

Қожанасыр бір күні ескі досымен кезігіп қалып:

— Сүйінші, менің әйелім босанды, — дейді.

— Ұлыңның бауы берік болсын!

— Жоқ, ұл емес, — дейді ол.

— Е, ендеше қызыңның бауы берік болсын, — деді досы, оның қолын қысып тұрып. Сонда Қожекең оның тапқырлығына таң қалып:

— Сен оның қыз екенін қайдан біліп қойдың? Мен бұл жайлы әлі ешкімге айта қоймап едім ғой, — деген көрінеді.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз