Өлең, жыр, ақындар

Қапырық бәрі

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 3
  • 16762
Қапырық бәрі;
Көңілім де менің қапырық,
Емендер анау,
Жапырақтары шашылып,
Қайындар әне
Бөксесін жерге батырып,
Ақ ұрып бәрі
Аңсайды нөсер шақырып.
Автобустар да,
Трамвайлар да тұр жанып,
Самалға шөлдеп,
Саяны қуып жүр халық.
Үп еткен желді тұтқындап алып дәу үйлер,
Демімен ыстық
Тротуарларды тұр қарып.
Қапырық бәрі:
Аспан да, жер де қапырық,
Ауыр бір тозаң
Әлемді тұр-ау жапырып.
...Оңаша кетіп,
Айнабұлақта отырып,
Сыра ішсем бе екен,
Жұмекендерді шақырып...



Пікірлер (3)

Ақнұр

Жақсы

Мейіржан Тәттімбек

Бәрін керемет айтқан сөзім жоқ

Жанайым

Мұқағали Мақатаевтың Қапырық бәрі өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Байқа, қалқам!

  • 1
  • 11

Қалай?!!
Қалай?!
Қалқам, маған не дедің?!
Meн өзімді зерттей алмай келемін.

Толық

Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам

  • 1
  • 2

Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам,
Бұл күнде сымдай тартылған.
Лүп етіп самал соқса да,
Ызыңдап қалар антұрған.

Толық

Есіңде ме?

  • 1
  • 10

Есіңде ме?
Екеуміз де елде едік.
Екеуміз де жоқ нәрсеге шөлдедік.
Ағайынның айтқанына көнбедік,

Толық

Қарап көріңіз