Өлең, жыр, ақындар

Сойылған теке

Қожанасырдың өзі өте жақсы көретін бағлан қозысы бар екен. Жолдастары бірнеше рет «бағлан қозыңды сойып бір тойдырсаңшы» дегенді емеурінмен білдіріп жүреді. Бір күні олар қозыны ұрлап, баққа апарып, сойып жеп бір тойлапты. Қожанасыр әбден қапа болып, жолдастарынан өш алатын кезді күтеді. Ақыры, ол бір жолдасының текесін ұрлап, сойып, етін үйіне апарады. Жолдасы мұны сезіп, Қожанасырды көрген сайын текесін мақтай беріпті:

— Менің текем өте семіз еді, жүні де жібектей еді!..

Қожанасыр мұны талай мәрте естиді, тіпті құлағы жауыр болған соң, шыдай алмай баласына:

— Балам, бар да, текенің терісін әкел, текенің қандай семіз болғанын мына мейірімді жандар өз көздерімен көрсін! Бәлкім, ол сонда аузын жабатын шығар! — деген екен.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз