Өлең, жыр, ақындар

Құралов Нұрбол

Түркістан облысы,Жетісай қаласында Д.А.Қонаев атындағы №9 IT мектеп-лицеінде, шамамен 4 жыл қатарынан "Кемеңгер" өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс атқарып келеді.Бұл ұйым мүшелері толықтай оқушылардан құралған. Мектеп оқушыларының ұсыныстары,талаптары толық ескерілетін ұйым мектеп директоры Роза Құрбанқызының басшылығымен құрылған. 2017-2018 жылғы оқу жылында президен сайлауы мен министрлер сайлауы өткізілді.Ең алғашқы ұйым басшысы Бекмахан Алмасхан. Ал 2019-2020 жылғы оқу жылындағы президент мәртебесі Құралов Нұрболға бұйырды.

"Кемеңгер" өзін-өзі басқару ұйымының жанынан 2019 жылы "Таңдау"ораторлық клубы құрылды. "Таңдау"ораторлық клубының мақсаты: жастарды жетістікке үйрету,сөз өнеріне бейімдеу,оқушы уақытын тиімді пайдалану. Жоспар бойынша оқу жылының II жартысында қалалық мектептерді аралап, жастарға мотивация беру болатын.Төтенше жағдайға байланысты кейінге шегерілген."Таңдау"ораторлық клубының жетекшісі Құралов Нұрбол.

"Кемеңгер" өзін-өзі басқару ұйымы мектепте болып жатқан барлық жаңалықтармен оқушыларды хабардар қылады, тәртіпсіздіктердің алдын алады,тазалықтың сақталуына мән беріледі және мәдени іс шаралар сүрлеуден өткізіледі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз