Өлең, жыр, ақындар

ONLINE MediaSchool: Журналистік жас буынды дамытатын жоба

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Қазақстандағы Нидерланды корольдігі елшілігінің қолдауымен ONLINE MediaSchool жобасы аясында осы салаға қызыққан студенттерді орыс және қазақ тілінде екі ай көлемінде тегін журналистік біліммен сусындатуда. Жобаға Қазақстанның әр өңірінен түрлі жас шамасындағы қатысушылар осы жылдың қазан айының 21- інші жұлдызынан бастап, арнайы платформа арқылы елімізге танымал журналистер мен сарапшылардан білім алуда. Қазіргі таңда Factchek.kz- тің бас редакторы Думан Смақовтың жетекшілігімен қазақ тілді топта 42- ге жуық студент өз біліктіліктерін ұштауда.

Жобаның негізгі мақсаты- еліміздегі тәуелсіз журналистика саласындағы жас буынға дұрыс бағыт- бағдар беру, өз істерінің нағыз мамандарын даярлауға үлес қосу. Жобаның алғашқы айларынан бастап: Думан Смақов, Жұлдыз Әбділда, Назгүл Қожабек, Елнұр Әлімова, Аян Қалмұрат, Асылхан Мамашұлы, Мақпал Мейірбекқызы, Аян Ғизатов және тағы да басқа танымал медиатренерлер мен журналистер дәріс өткізіп келеді.

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы тәуелсіз медиамектеп Қазақстан нарығында 14 жылдан бері өз қызметін атқарып келеді. Осы уақыт аралығында жобада 1 000- нан аса студент білім алып, бүгінгі күні олар еліміздің әр аймағында БАҚ- та, халықаралық компанияларда, баспасөз қызметтерінде жұмыс атқаруда.

Талонова Асем Берікқызы

БҚО, Ақжайық ауданы, Қурайлысай ауылы

"Талап МБК" 11 сынып оқушысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз