Өлең, жыр, ақындар

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Жас ұрпақ – ұлт болашағы. Қазіргі таңдағы жеткіншек жастарымыздың денсаулығымен, тәрбиесіне үлкен көңіл бөлуіміз қажет. Себебі жастар біздің болашағымыз еліміздің, ұрпағымыздың жалғасы келешек жастардың қолында. Сондықтан–тәні мен жаны сау адамдардың ынтымағына негізделген қоғамда өмір сүруіміз шарт. Себебі біз осындай байтақ далада, осындай көз жанарын еріксіз  байлайтын табиғатта, таза ауасымен ынтымағы жарасқан бейбіт заманда өмір сүріп келеміз. Алайда, қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы есірткіге шалдығу нашақорлық дерті  шынымен көз алдымызда өршіп барады.

Кейбіреулер есірткінің көмегімен проблемадан, қобалжудан, кәдімгі өмір қиыншылықтарынан арылуға тырысады. Өкінішке орай, бірінші рет есірткіні қабылдай отырып, ешкім де көтерген жүгінің ауырлығын немесе қайғысының жеңілдігін сезіне алмайды. Күн сайын осындай ессіздікке жастар көптеп бой ұруда. Ал оның соңы кісі өлімі мен зорлық-зомбылыққа алып баратындығын білмейтін жастардың бұл ісі ішімізді қынжылтуда. Әлеуметтік құбылыс ретінде нашақорлық есірткілерді қолдануға жаңа құрбандарды тарту есебінен күннен күнге өсіп өз қанатын кеңге жайып келеді.. Есірткілер алдымен – адам психикасының жағдайын бұзады, көңіл-күйін, санасын, айналасындағы адамдарды қабылдауын жиілетеді, тәртібін өзгертеді. Адам өзіне беймәлім нәрсені  бірінші рет тартып көргенде ләззат алып, сосын адам соған  тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, қас-қағым сәтте қалай нашақорға айналып шыққандығын өзі де байқамай қалады.

Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат. Есірткіні бірінші рет қолданған мөлшердің әсері 3-4 сағатқа дейін сақталады. Мөлшерден тыс пайдалану жүректің тоқтап қалуына, өлімге әкеліп соқтырады екен. Есірткінің кейбір түрлері ауырғанды басу, тыныштандыру мақсатында тек мөлшерімен ғана медицинада қолданылады. Осындай жастарға қарап деннің саулықтың маңыздылығы соншалықты қадырсыз, төмен екені жаныңды ауыртады. Қоғам мен әлеуметтік орта бұл процеске өз ықпалын тигізуі қажет. Жанұяда ата-ана мен баланын арасында өзара түсініспеушіліктің, немқұрайдылықтың, ата-аналар тарапынан бақылаудың төмендігі - мұның бәрі есірткіге бой ұрудың себептері. Себебі жасөспірімдер уақытының көп бөлігін  ата ананың көз алдында өткізеді.

Мен өзімнің пікірімді өлең жолымен аяқтай отырып, достарымның алдағы уақытта есірткінің етегіне ермесе екен деп тілеймін.

Салауатты өмір сүрші ардағым,
Қателіктен тістелмесін бармағың.
Өсімдіктің оттегін тек ала біл,
Не қыласын зардабын?
Алла берген адамдықты жоғалтпа 
Қиындықтар кездесседе мойыма
Ешқашанда есірткіге жоламай 
Ата-баба сенімдерін орында.

Қызылорда облысы Арал ауданы
№21 орта мектебі КММ
9 «а» сынып оқушысы
Сражадинова Лаура


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз