Өлең, жыр, ақындар

Археологиялык-этнологиялық «Қазақ батырлары» газеті

«Қазақ батырлары» - қоғамдық-тарихи, археологиялык-этнологиялық газет. Алғашқы саны 1998 жылы 10 қаңтарда жарық көрген. Содан бері айына бір рет 16 бет болып шығады. Газет қазақ халқының ерлік дәстүрлерін, хандарын, билерін, шешендері мен көсемдерін, елін жаулардан қорғаған батырлары мен бағландарын, ел шежіресін жазып келеді. Оның тұрақты айдарлары: "Ел қорғаған - ер бабам!", "Кемеңгер туған тұлғалар", "Тайпаларымызды таныстырамыз", "Нөрлі сез - әрлі сөз", "Атыңнан айналайын, әруақтар!", "Қызыл қырғын құрбан- дары", т.б. Құрылтайшысы "Мерей" ЖШС. Шығарушысы - журналист- жазушы Әбіқұл Ибрагимов.

Әбіқұл Ибрагимов 15 мамыр 1937 жылы, Мойынқұм ауданы Ерназар ауылында дүниеге келген. Қызметі- журналист. Қазақ мемлекет университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінде қызмет істеуден бастайды. 1958 – 1967 жылы жастар газетінде тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1967 – 1971 жылы Шу ауданы «Шу өңірі» газетінің редакторы. 1971 – 1973 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер. 1973 – 1976 жылы «Жетісу» газетінде бөлім меңгерушісі. Алматы облысы радиохабарлар тарату комитетінің Бас редакторы, директоры қызметін атқарды. 1985 – 1989 жылы «Қайнар» баспасында редактор болды. Соңғы жылдары «Қазақ батырлары» атты жекеменшік газетін шығарып келеді. Газет бетінде қазақ халқының өткен және бүгінгі өміріне байланысты өзекті мәселелер көтеріліп отырады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз