Өлең, жыр, ақындар

Құндыз

Құндыз — жыртқыштар отряды, сусар тұқымдасына жататын, терісі бағалы аң. Қазақстанның орманды, таулы аймақтарында кәдімгі құндыз және Орта Азия құндызы кездеседі. Дене тұрқы 65 - 70, құйрығы 41 - 44 см, салмағы 5-8 кг. Құндыздың арқасы мен құйрығының түсі жылтыраған қара қоңыр. Бауыры ақшыл, төсі сарғыш қоңыр келеді. Саусақтарының арасы жүзу жарғақтарымен көмкерілген.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында таралған. Іле өзеніне құятын Шілік, Үсек, Құндызды сияқты тау өзендерінің сағаларын және Көксу, Қара, Тентек өзендерінің жоғарғы жағалауларын мекендейді. Көбіне шабақгармен, балыктармен қоректенеді. Сондай-ақ құстарды, қоян, су тышқаны мен ұсақ кеміргіштерді ұстап жейді. Құндыз, көбіне өзеннің тік жағасынан ін қазып, сонда паналайды. Інінің аузы су астында болады. Жатағын қыста қатпайтын, балығы бар ағын су бойына салады. Жылына бір рет түлейді. Аналығы 2-4 құнай табады.

Көп аулануына байланысты саны күрт азайып кеткен. Осы кезде тек кәдімгі құндызды ғана аулауға рұқсат етіледі. Орта Азия құндызы өте сирек кездесетін аң болғандықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Бұл аң Кирсанов қорықшасында арнайы қорғалып, өсіріледі.

Оқуға кеңес береміз:

Қорқаулар

Жыртқыштар

Ерекше түстегі жануарлар

Жануарлар қалай көреді?

Жануарлардың рентген суреттері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз