Өлең, жыр, ақындар

Қорқаулар

Қорқаулар (Thos), ит тұқымдасы немесе қасқыр тұқымдасына (Canidae) жататын жыртқыш сүтқоректілер тобы. Оларды көбіне қасқырлар тобы (Canis) құрамына кіргізіп жатады. Бұл жануарлар Африка мен Азияда кең таралған және күні бүгінге дейін Еуропаның оңтүстік-шығысында кездеседі. Әдетте қорқаулар жазық дала мен жартылай шөл даланы мекендейді, алайда Гималайларда теңіз деңгейінен 3700 м-ге дейін шыға алады. Олар сыртынан түлкіге ұқсас болады – үшкір тұмсықты, тік құлақты және мамық құйрықты, бірақ дене пішімі жағынан ірі келеді. Бұл жануар шапшаңдығымен ерекшеленбейді, алайда керек кезде 56 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады. Қорқаулар жасырын, түнгі өмір салтын ұстанады, сондықтан олар адам көзіне өте сирек түседі.

Қорқаулар шегірткеден бастап қоянға дейін кез келген ұсақ жануарларды қорек етеді, сол себепті егеуқұйрық пен тышқандарға қарсы күрес кезінде өте пайдалы, алайда піскен жемістерді де жейді, кейде тауық пен қозыларды ұрлайды және балаларға шабуыл жасайды.

Америкалық тұқымдасы койот (шабындық қасқыры) сияқты ымырт кезінде қорқаулар ұлиды. Бұталардың арасындағы алаңқайда немесе төбенің басында отырып, аң қатарынан үш-төрт созылыңқы «жылау» дыбысын шығарады, біртіндеп дыбысын жоғарылата бастайды. Әр ұлығаны үш үздік-создық шәуілдеумен аяқталады. Үндістанда бұл вокалдандыруды сұрақ ретінде түсінеді: «Өлі-і-і-к қа-а-а-йда? Қа-а-а-йда?»

Қорқаулардың арнайы неке мезгілі жоқ. Аңдар ұясын індерінде салады, жүктілік 57-60 күнге созылады. Әдетте ұяласта шамамен төрт күшік болады, бірақ тоғызға дейін жететіндері де бар. Тұқымдарын екі ата-ана да күтіп-баптайды. Қорқаулар орташа 12-15 жыл өмір сүреді, кейде 20 жыл.

Тұқымдарды түрлерге бөлу кезінде биологтар арасында қайшылықтар көп. Көпшілік мойындаған түрлерге кем дегенде үш түр кіреді. Өлшемі жағынан олар өте ұқсас. Орталық Африкадан Еуропа мен Малаккиге дейін аймақта өмір сүретін азиаттық қорқаудың (T. aureus) басы мен денесінің орташа ұзындығы 75 см, құйрығы 23 см. Шығыс пен Оңтүстік Африкалық тоқымды қорқау (T. mesomelas) арқасындағы қара ер-тоқым тәріздес дағымен («тоқым») ерекшеленеді. Жолақ қорқаудың (T. adustus) шоқтығының биіктігі 43 см, салмағы 11-14 кг. Денесінің екі жағындағы шашының ұштары сарғыш болып келеді, осыдан жолақ реңді әсер береді.

Оқуға кеңес береміз:

Ерекше түстегі жануарлар

Жануарлардың кейбір қасиеттері

Жан-жануарлар атаулары

Жануарлардың рентген суреттері

Қызыл кітапқа енген жануарлар (омыртқалылар)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Бота

Неліктен жаман адамдарды осы аңға теңейді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар