Өлең, жыр, ақындар

Нұржамал Үсенбаева

Нұржамал Пернебекқызы Үсенбаева — Қазақстан халық әртісі, опера әншісі. Ол 1958 жылы шілдеде туған. 1984 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітіріп, Абай атындағы Опера және балет театрында ән айта бастайды. Нұржамал Қыз Жібек пен Дананың (Е.Г Брусиловский, «Қыз Жібек» және «Ер Тарғын»), Ажардың (А.Қ. Жұбанов пен Л.А. Хамиди, «Абай») бейнелерін тамаша орындады.

Биік деңгейдегі кәсіби шеберлік пен шынайылық, баурап алар сахналық тартымдылық пен табиғи талғампаздық оның әншілік өнеріне тән қасиет. Үсенбаеваның репертуарында ұлттық және шет ел композиторларының әр алуан шығармалары бар. Ол гастрольдік сапармен шет елдерде өнер көрсетті. 2000 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз