Өлең, жыр, ақындар

Қоршаған орта және адам денсаулығы

Қоршаған ортаның мониторингі деректері бойынша бақылау жүйесіне енген қалалардың көбінде ластану деңгейі бұрынғыдай санитарлық-гигиеналық нормалардан жоғары. Ауа ластануының ең жоғары деңгейі 2007 жылы Алматы (АЛИ=12,6), Шымкент (АЛИ=11,2), Ақтөбе (АЛИ=9,5), Өскемен (АЛИ=7,2), Теміртау (АЛИ=8,6), Риддер (АЛИ=9,0) қалаларында байқалды. Ауаның қатты ластануы Өскеменде, Шымкентте, Ақтөбеде, Риддерде, Теміртауда түсті және қара металлургия кәсіпорындарының шығарылымы әсерінен, Алматыда қоспалардың жайылуы үшін климат жағдайы қолайсыздығы есебінен қалыптасқан.

Халықты таза ауыз суымен қамтамасыз ету Қазақстанның ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Суға қолжеткізу ол су құбырының бар болуын білдіреді.

СЭС деректері бойынша тұтастай республика бойынша су құбырын қолданатын халық үлесі 1999 - 2003 жылдар аралығында шамамен бір деңгейде 73-75% болған, ал 2007 жылы халық пайызы 79,4%-ға ғана аздап өскен. Бұл мәселе Оңтүстік Қазақстан (67,5%), Жамбыл (68,2%), Солтүстік Қазақстан (71,9%), Ақтөбе (71,9%) және Қостанай (72,2%) облыстарында ең өзекті болып отыр.

Құбырдағы суға қолжетімділік осы судың сапасына кепілдік бермейді. Санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша МЕМСТ-қа сәйкес келмейтін құбырдағы ауыз суының үлесі тұтастай республика бойынша 1,8%-ды құрайды, ал орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері бойынша бұл көрсеткіш тиісінше 6,2% және 3,8% құрайды.

Ауыз судың ең қанағаттанарлықсыз сапасы Ақмола, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалған. Қызылорда облысында құбырдағы судың сынама көрсеткіштерінің сәйкессіздігі санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 5,1%, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 5,3% құрады, ал орталықтандырылмаған көздер бойынша тиісінше 23,4% және 6,5% құраған.

Қызылорда облысы бойынша сырқаттану жоғары деңгейде қалып отыр, әсіресе белсенді туберкулезбен сырқаттану деңгейі бойынша облыс (100 000 халыққа 167,0) Шығыс Қазақстан (138,3), Қарағанды (136,7) облыстары және Алматы қаласы (72,2) сияқты экологиясы қолайсыз өңірлердің алдында.

Тұрақты көздерден зияндын заттардың шығарылым көлемі 2007 жылы 2,9 млн.тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,2%-ға азайған. 2,1 млн. тонна газ тәріздес және сұйық шығарылымдардың құрамында ерекше қауіпті заттар болып саналатын күкіртті ангидрид (59,2%) пен азот тотықтарына (9,4%) келеді. 2007 жылы республиканың ауа бассейніне адам ағзасына әсері жағынан өте қауіпті болып табылатын күкіртсутек (1876,1 тонна), аммиак (1749,4 тонна), қорғасын және оның қосындылары (2667,9 тонна), күкірт қышқылы (182,7,8 тонна), күшән (1548,1 тонна), сынап (318 кг) біршама көлемде түскен.

2007 жылы республикамыздың кәсіпорындарында 282 млн. тоннадан аса улы қалдықтар пайда болған, бұл 2006 жылмен салыстарғанда 6,7%-ға көп. Мұның өзінде 2007 жылғы қалдықтардың қандай да бір өнім алу үшін 24,9 млн. тоннасы немесе 8,8%-ы кәдеге жаратылып, тек 31,3 млн.тонна немесе 11,1%-ы толығымен жойылған. Бір жыл ішінде қалдықтардың басым бөлігі Қостанай (республикадағы жалпы көлемнің тиісінше 47,7% және 47,7%-ы), Қарағанды (17,4% және 19,3%), Шығыс Қазақстан (15,7% және 22,6%), Ақтөбе (5,8% және 3,7%) облыстарының кәсіпорындарында пайда болған және жиналған.

Дені сау өмір сүрудің басты шарты – таза қоршаған орта. Ашық және жабық алаңдарда ауа ластығы, су сапасының төмендігі, жеткіліксіз гигиена және қауіпті химикаттар медициналықпроблемаларға әкеліп соғады. Осы проблемалардың басында тыныс алу және қантамыр аурулары, рак, демікпе, түрлі аллергиялар, өсімпаздық ақаулары келеді.

- Қоршаған орта ластығына жол ашатын басты факторлар болса зауыт қалдықтары, радиацияәсерлері, тұрмыстық және мал шаруашылығы қалдықтары. Осы қалдықтар ауаны, су және топырақты ластап, экожүйеге зиян келтіреді. Әсіресе зиянды химикаттар мен ауыр метал қалдықтары қоршаған орта мен денсаулық үшін өте қауіпті. Мысалы зиянды металдар және басқа да химиялық элементтерден өндірілген батареялар қоқысқа лақтырылса, тікелей немесе жанамалы түрде үлкен қауіп туғызады. Осы металдар топыраққа, одан әрі жер асты су көздеріне барып жетіп, жандыларға қайтып келеді. Организмдердің табиғи құрылымын бұзады. Бұған сынап жақсы мысал болады. Ауыз суы немесе азық-түлік арқылы адам денесіне енетін сынап түрлі жүйке аурулары, невралгия, рак ауруларына себеп болады, бүйрек, қара бауыр, ми талшындарын бұзады, нәрестенің мүгедек болып туылуына себеп болады. Химиялық қалдықтар гормон жүйесін бұзып, жанды атаулының дамуына түзелмейтін ақау келтіреді.

- Қазіргі таңда адам мен табиғатқа әсер ететін көптеген ластаушы материалды жоғары технология арқылы бақылап отыруға болады. Алайда табиғатқа және адам денсаулығына әсері әлі белгісіз, жаңа шығып жатқан мәселелер де көп. Осыларға мысал ретінде электро магнетикалық алаңдар, қоршаған ортадан туындайтын кейбір жұқпалы ауруларды көрсетуге болады.

https://www.trt.net.tr/kazakh/bilip-zhurieiik/2015/02/28/adam-diensaulyg-y-zh-nie-tabig-at-lastyg-y-240662

https://stat.gov.kz/search

Бүркітбаева Ақбала Амангелдіқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз