Өлең, жыр, ақындар

Мен Қазақстанды әлемдік аренада қалай көремін

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі шақтан бастап Қазақстан үшін небір жаңа есіктер ашылды. БҰҰ құрамына, сонымен қатар ШЫҰ, ЕО, ЕҚЫҰ мүше болып, саяси байланысты біршама нығайтқан мемлекетіміздің қазіргі замандағы әлемдік аренадағы орны, былайырақ айтар болсақ, рөлі ерекше. Экономикалық дамуы басқа ұйым мүшелерінің айтуы бойынша мардымды, мешеу мемлекет санатына жатпайды, қарқынды даму үстінде. Hanifa Mezoui:«Мен Астанада және Алматыдағы Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-да болдым. Алған әсерімді сөзбен айту жеткіліксіз. Біз қазақстандықтардың рухани байлығы және мәдени мұрасы жайлы өзгелермен бөлісуге дайын тұратынына тәнті болдық. Елдеріңіз көп жетістікке жетті. Әрине, жоғары тұрған басқа мемлекеттер де бар. Бірақ, сіздердегі достық сезімі ерекше. Қазақстан Орталық Азияда экономикалық және рухани байланыс тұрғысынан ерекшеленеді»-деген болатын 2018 жылы 28 маусымда. Бұл шетелдіктердің Қазақстан жайындағы шағын ғана ойы. Ал мен бұл жерге өзімнің миымда қалыптасқан Қазақстанды әлемдік ордаға қойып, өз тұрғымнан толықтырғым келеді. 

Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын географиялық картадан іздестіріп көрейік. Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниесінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қрғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйым кезінде біздің өлкемізді ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа қүралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жержүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия қүрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді. Табиғаты, таза тіршілігі талай шетелдіктердің көзіне түсіп үлгерді. Таңдай қақтырарлық тарихи жерлер, кескіні көз тартарлық табиғат, негізінен, туристік үздік аймаққа кіруі һақ. Әсіресе Оңтүстік, Шығыс Қазақстан аймақтарындағы табиғат ерекше. Оңтүстік Кореялық шоудың бірінде Қазақстанның картада көрсетіліп, оның табиғаты туралы тың дерек беруі мені шын мәнінде қуантты. Көп адам Қазақстан жайлы көп білмегенімен, келіп көруді қалайтындығын жеткізді. Жалпы, бұл біздегі туризм саласына салғырт қарамауымызға түрткі болатындай себеп. Өз кезегінде экономикалық дамуға өте үлкен үлес қосады. Демалыс орындарын көбейтіп, құрылыс және қызмет ету деңгейін біршама жоғарылатқан жөн. Мемлекет тірегі-тіл. Иә, тіл. Біздегі ең үлкен мәселелердің бірі. Дәл осы біздің қазақ тіліне қызығушылар мен үйренушілер саны артқан. Негізінен, музыка әлемімен тығыз байланысты. Димаш Құдайберген  және Ninety one тобының жанкүйерлері солардың әндерін жатқа айту үшін де қазақ тілін үйренуге бел буған. Ең қызығы, олар тіпті, біздің тілде ән каверлерін жазған. Мен үшін бұл-әлемдік деңгейге шығудың бір жолы.«Сөз жеткізбегенді,ән жеткізеді».Біздің домбыра, біздің айтыс. Бұның бәрін әлем көруі керек емес пе? Домбыра үніне құлақ түріп, қобызбен бірге жылайтындары қаншама. Неге олардың барлығын көрсетпеске. Ядросыз әлем-Қазақстан негізі. Жеріміздегі қаншама ресрус. Қазақтан-түркі әлемінің бесігі. Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны. Қазақстан-Ұлы Жібек жолының алтын қақпасы. Қазақстан-атқа міну мәдениетінің көшбасшысы. Қазақстан-аң стилінің негіщін салушы сақтардың түп негізі. Қазақстан-Алтын адам табылған қасиетті мекен. 

Әрине, әлемдік аренадағы орын Қазақстан үшін Тәуелсіздік алғаннан кейін барып қана жаңа жол ашты. Менің ойымша, оған дейінгі тарих әрекет етпесе, бұл орында болмақ түгілі, еліміздің бас әріпін көрудің өзі арман болар ма еді? Хандық құрылғаннан соң қазаққа қара бұлт үйірткен жоңғарлардың кесірі тым көп те еді. XVIII ғасырдың 23-25 жылдар аралығында "Елім-ай" деп зар илеген қара халық  "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның"  бір құрбанына айналып, Голощекиннің солақай, озбырлық саясатының да дәмін татып, аштықтан ішегі шырылдаған тар заманды да бастан өткерді. Атын естігенде денеге тітіркендіргіш реакциясын беретін сұм соғысты көрген қайыспас мықтыларым,  Ауғанның отты күндерін көріп, желтоқсанның өңменіңнен өтерлік суығы мен қанды дауылына да шыдап бақты. Қаншама еңбек, қаншама тер!  Азапты күндерді бастан өткерген халықтың "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға"  қол деткізуі хақ. Сондағы бір мақсат! Бір ғана мақсат-егемендік . Ұрпағының лақтырған тастан торғайларша үркуі емес,  "Міне, менмін қазақ" деп кеудесін қаға, еркін айтуында еді. 1991 жылы таралған жаңалық әр қазақ пен әрбір Қазақстандықтың құлағына майдай жақты емес пе? Жыл бойы емес, ғасыр бойы аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізу-"Мәңгілік елдің" қирамас іргетасын қалап үлгергенді. 

«Біздің бай тарихымыздың материалдық емес мұрасы терең рухани мағынаға ие және ол ұлттың мәдени құндылықтарының негізі саналады.Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның бір жетістігі ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуы болып саналады.Соның нәтижесінде 2014-2015 жылдары адамзаттың бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұралар тізіміне қазақтың киіз үйі,айтыс және күй өнері кірді. Қазақтың киіз үйі, суырыпсалма айтысы мен күмбірлеген күйі енді қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани байлығы.»-деп атап өтті И. Тасмағамбетов. 

ЮНЕСКО-ның тізіміне мұраларды тіркеу Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраларын елімізде және халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға, сондай-ақ оларды қорғау бойынша ұлттық деңгейде жүйелі шаралар қабылдауға ықпал етті. 

Ал биыл, дәл осы Теуелсіздіктің-30 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. «30 жыл»-300 әрекет, 3000 талпыныс, шексіз қызметпен теңестіріледі. Қазақстанның әлемдік аренадағы орны шарықтау шағына жетеді. Бұны тек бастамасы ретінде қарастырғым келеді. Қолға алатын дүние қаншама, оларды жүзеге асыру жалпы рейтингке әсер етеді. Біз тек ұйым құрамында экономикалық жағынан емес, мәдени, рухани құндылығымызбен ерекшеленуіміз керек. 

Қабдұлкәкім Ақерке Сансызбайқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар