Құрма — тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы. Құрма ыстық климатты аймақтарда өсіріледі. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын елдерге: Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Құрма эбен тұқымдасына жататын туыс. Құрма туысына ағаштар және бұталы өсімдіктер жатады. Құрманың 500-ге тарта түрі бар.
Құрманың бойында көмірсулар (60-65%), мыс, темір, мырыш, кобальт, калий, фосфор, күкірт, бор, алюминий, кадмий, сонымен қатар тиамин, ниацин, рибофлавин, фолацин, пиридоксин, К дәрумені, тағамдық талшықтар, фтор, селен, пектин және аминоқышқылдардың 23 түрі бар. Кептірген жемісінде 52% қант, 48% глюкоза болады. Құрма тұқым күйінде және телу, ұластыру арқылы өсіріледі. Құрманы тұқымынан өсіргенде 5-7 жылда, ұластырылғандары 3-4 жылда жеміс береді. Ірі ағаштары жылына 250 кг-ға дейін өнім береді.
— Ас қорытуға пайдалы. Тойымдылық қасиеті өте жоғары болып табылады (100 г.-да 277 ккал.). Зерттеуші Х.У.Дэусон бір құрма мен бір кесе сүттің адамға қажетті бір күндік калорияға тең екендігін айтқан.
— Жас құрманың бойында 60-65 пайыз қант болғанына қарамастан, адамды семіртпейді.
— Құрамында А, С дәрумендері көп болғандықтан, салқын тигенде сауықтырады. Салқын тиіп, жөтел пайда болса, 1 құрма жемісі шырынын 3,5 ас қасық жылы сумен қосып тамақты шаю қажет.
— Қан аздыққа пайдалы. Темірге бай болғандықтан бір адам күніне 15 дана құрма жесе, денедегі темір қажеттілігін қамтамасыз еткен болады және темір жетіспеушілігінен пайда болатын аурулардан сақтанған болады.
— Глюкоза қан құрамын реттейді. С, Р дәрумендері көктамырдың әлсіздігін азайтады. Бұл микроэлементтер жүрекке өте пайдалы. Оған қоса артериялық қан қысымын реттейді және қан қысымы артқанда қалпына келтіру үшін қолданылады;
— Талшықты жемістердің қатерлі ісікке шалдығу қаупін төмендететін зерттеулер көрсеткен. Құрмаларда көп мөлшерде талшық болады.
— Мидың жұмыс істеу қабілетін арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартады.
— Құрма антиоксидаттың қайнар көзі. Антиоксиданттар қатерлі ісік, тамырдың бітелуі және қартаюдың алдын алуда өте пайдалы.
— Зерттеулер нәтижесінде құрманың антисептик дәрі екені, жараларды тез жазатын, сүтті арттыратын, нәрестені қоректендіретін, құрамындағы калий балалардың өсіп-жетілуін қамтамасыз ететін таптырмайтын азық екені анықталған.
— Бетке безеу шыққанда, бетте ұсақ тесіктер пайда болғанда олармен бірден-бір күресуші құрма жемісі болып табылады. Бұл жемістен бетке маска жасаған да, денеге арналған гель қолданған да пайдалы. Ол денені ылғалдандырады және жасартады.
— Құрамындағы фосфор мен калцийдің молдығы қаңқа сүйектерінің қалыптасуында және сүйек құрылысының тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Фосфор мен калцийдің көптігі сүйек ауруларынан қорғайды.
— Құрмада B1, B2 витаминдерінің қатар кездесуі бауырдың қызметін жақсартады. Бауыр суық жемістерді жақсы көретіндіктен құрманы қауын, қиярмен жеген жақсы болады.
— Асқазан жарасын емдейді. Асқазан жұмысын жақсартады. Кейбір мемлекеттерде асқазан жарасын емдеу үшін құрма арнайы тәжірибеден өткен.
— Қуық және бүйрек қабынуында шипа болады. Суы бүйрек тастарының ыдырауына өте пайдалы.
— Миды және жүйке жүйесін тынықтырады. Олардың жұмыс істеу қабілетін жақсартып, сергіткіш әсер береді. Құрманы үнемі жейтін адамдар депрессияға түспейді. Ұмытшақтық ауруын емдеуде құрма үлкен жетістікке жетті.
— Бронх пен өкпенің қабынуын сауықтырады.
— Құрамында йод көп болғандықтан қалқанша безі ауруына шипа болып табылады.
— Күніне 1 құрма жеу ағзаны магниймен байытады, ұйқының ты-ныштығын қамтамасыз етеді. Ал фруктоза мен глюкоза көңіл күйді көтереді.
— Құрманы жатардан алдын жесе сал ауруына қарсы өте пайдалы.
Ораза ұстаған кісі құрмамен ауыз ашсын!
Қыс мезгіліндегі ең пайдалы жемістер
Күніне үш құрма жеудің денсаулыққа пайдасы
Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз
Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Альбина
Презентациясы барма құрманың керек еді
Әбіләз
өте пайдалы екен
АҚЖАРҚЫН
Ораза құтты болсын!