Рамазан айында дастарханнан үзілмейтін азық — құрма. Пайғамбарымыз (алейһиссәлләм) құрмамен ауыз ашатын еді. Бір хадис шәрифінде «Ораза ұстаған адам құрмамен ауыз ашсын! Өйткені құрма берекетті» деген. Құрманың берекетті болуының себебін айта кетейік. Оның ағашы «Нахлә» деп аталады. Бұл ағаштың жаратылуында жинақылық пен әділеттік бар. Адамның жаратылысы да осындай. Пайғамбарымыз нахлә ағашын «Адамзаттың апасы» (әкесінің қыз бауыры) деген. «Апаларың болған нахләні құрметтеңдер! Өйткені бұл ағаш Адам алейһиссаламның топырағынан артылғанынан жаратылған »деді. Осы себептен, нахләнің жемісі құрманы жегенде ол адамның бөлшегі, тіні болады.
Құрманың пайдалары санаумен бітпейді. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Жаңадан босанған әйел құрма жесе, балалары тыныш болады. Хазреті Иса туылғанда хазреті Мәриәм құрма жеді. Одан жақсырағы бар болғанда, Аллаһу та'ала соны беретін еді».
Әнәс бин Малик хазреттері айтып берген:
Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан соң Оны түсімде көрдім. Алдында бір табақ құрма бар. «Йа, Расулаллаһ! Аллаһу та'ала сізге берген нәрседен маған да беріңізші!» дедім. Маған бір құрма берді. Сонда мен «Йа, Расулаллаһ, сыйыңызды арттырыңызшы» дедім. Осылай тоғыз құрмаға дейін берді. Сосын Билалдың азанынан оянып кеттім.
Мешітке келіп таң намазын оқыдық. Намаздан кейін Сыддықты көрдім. Арқасын михрабқа қаратып отыр, түсімде көрген Расулуллаһтың алдында тұрған құрма табағы Сыддықтың алдында тұрған еді. Сонда мен:
— Йа, Расулуллаһтың халифасы! Аллаһу та'аланың сізге берген ниғметтерінен маған да беріңізші! — дедім.
Маған бір құрма берді. «Арттырыңызшы» деп тоғыз құрма алдым. Сосын тағы сұрағанымда:
— Йа, Әнәс! Егер түнде Расулуллаһ көбірек бергенде, мен де саған көбірек берер едім, — деп жауап берді.
Сан түрлі дерттің шипасы — құрма
Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз
Жапон ғалымы Оразаның пайдасын дәлелдегені үшін Нобель сыйлығын алды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі