Өлең, жыр, ақындар

Ақыл азабы

А. С. ГРИБОЕДОВТЕН

Өлеңмен жазылған төрт перделі комедия

ҚАТЫНАСУШЫЛАР

Павел Афанасьевич Фамусов, — қазына мекемесінің меңгерушісі.
Софья Павловна — оның қызы.
Лизанька — даяшы әйел.
Алексей Степанович Молчанин — Фамусовтың секретары, соның үйінде тұрады. Александр Андреевич Чацкий. ПолковникСкалозуб, Сергей Сергеевич.
Наталья Дмитриевна — жас әйел. Платон Михайлович — оның күйеуі.
Князь Тугоуховский және княгиня — оның әйелі, алты қызы бар.
Графиня-кемпір Графиня — немересі
Антон Антонович Загорецкий Хлестова — кемпір.
Фамусовтың қайынбикесі.
Г. Н.
Г.Д.
Репетилов.
Петрушка және әңгімеге әлденеше рет қатынасатын қызметкерлер. Әртүрлі көп қонақтар және олар қайтарда көрінетін малайлар. Фамусовтың официанттары.

Оқиға Москвада, Фамусовтың үйінде болады.

БІРІНШІ ПЕРДЕ

БІРІНШІ КӨРІНІС

Қонақ бөлме, төрде үлкен сағат. Оң жақта Софияның ұйықтайтын бөлмесінің есігі, сол бөлмеден фортепьяно мен флейка үні естіліп барып басылады. Лизанька бөлменің ортасындағы креслоға сүйеніп ұйықтап отыр. (Ертеңгілік, күн сәулесі сәл ғана шашырап келеді).

Лизанька

(Кенет ояна кетіп, орындықтан тұрып, жан-жағына

қарайды.)

Таң саз берді! Ах! Түн қалай өтті тез!
Кеше ұйықтайын деп ем: ұлықсат бермеді.
«Досымызды күтеміз». — Кірпік қақпа, ілме көз,
Орындықтан құлағанша ұйықтама деп еді.
Жаңа ғана көзім ілініп еді,
Таң да атыпты!.. Айтайыншы оларға.

(Софияның есігін қағады.)

Мырзалар, —
Әй, София Павловна, масқара!
Таңға жетті әңгімеңіз өзара.
Кереңсіз бе? Алексей Степаныч!
Бикеш!..
Өздері қорқынышты елер емес!

(Есіктен аулақ кетеді.)

Ал, шақырусыз келген сіз қонақ,
Үстіңізге әкей кіріп келсе не болмақ?
Бой жеткен ғашық қызға сіз
Қызмет қып жағып көріңіз!

(Тағы, да есікке барады.)

Тараңыздар. Таң атты ғой!
— Не дейсіз?
Софияның дауысы: Сағат не болды?
Лизанька Үй іші түгел оянды.
София (өз бөлмесінен) Сағат неше?
Лизанька Жеті, сегіз, тоғыз,
София (өз бөлмесінен) — Қате, жалған.
Лизанька (есіктен аулақ кетіп.)
Аһ! Ғашықтығы құрғыр-ай!
Естісе де, ұққылары келмейді мүлде,
Терезе қақпағын ашсам ба екен әлде? —
Көп болса ұрсар, — лажым жоқ оятайын,
Сағатты алға жылжытайын,
Сыңғырлатып ойнатайын.

(Орындыққа шығып, сағаттың тілін жылжытады, сағат қоңырау соғып, әндете бастайды)

ЕКІНШІ КӨРІНІС

Лиза
Аһ! Барин!

Фамусов
Я, Барин.
(Сағаттың музыкасын тоқтатады.)
Әй, шолжың қыз, сен бе едің,
Бәсе, түсіне алмай, бұл не сұмдық деп едім.
Біресе флейта, біресе фортепьяно күйі естіледі,
Бәсе, София дейін десем — тым ертерек..

Л и з а
Жо-жоқ, тақсыр, мен... Әншейін байқамастан...

Фамусов
Міне, осы байқамастан дегендерің асты бастан,
Бұл тегін болмас.
(Қызға таянып, қылжақтай бастайды.)
Ой, сиқыр, шолжың қыз.

Л и з а
Сіз шолжың, өзіңізге лайық па осының!

Фамусов
Түрі ұяң, тілі сумаң
Бір желқабаз ұшып қонған.

Л и з а
Жіберіңіз, жел қабыздан да әрісіз.
Ойлаңызшы, сіз өзіңіз кәрісіз!..

Ф а м у с о в
Солай да шығар.

Лиза
Егер, біреу келіп қалса, жалтармақпыз қай жаққа?

Фамусов
Кім келуші еді,
София ұйқтап жатқан жоқ па?

Л и з а
Жаңа ғана көзі ілінді.

Фамусов Жаңа ғана! Ал, түнде не бітірді?

Лиза
Түні бойы кітап оқып отырды.

Фамусов
Көрдің бе оның істеп жүрген ісі не түрлі! Есікті жауып алып, үнемі дауыстап французша оқиды.

Фамусов
Сен оған айт, оқимын деп көз бұзуға болмас,
Оқып онша жетісе қоймас.
Оның француз кітаптары ұйқысын ашады,
Орыс кітабын оқысам-ақ, мені ұйқы басады.

Л и з а
Тұрған соң оған айтармын,
Жүре берсеңіз қайтеді,
Оятып аларсыз деп қорқамын.

Фамусов
Қалайша оятам?
Өзің сағатты бұрап ойнатасың да
Бүкіл көшені көтересің басыңа.

Л и з а (қатты айқайлап)
Жә, жетті ғой!

Фамусов (оның аузын жауып)
Қойсаңшы, неге сонша бақырдың,
Әлде, сенің ауысқан ба ақылың?
Соныңыз шығама деп қорқам бірдеме..

Фамусов
Немене?

Лиза
Сіз, тақсыр, бала емессіз, ұғар көз жетті сезіп,
Қыздардың таңғы ұйқысы сонша нәзік,
Сәл сыбырды да, я, сықырды да есіктегі,
Бәрін де есітеді.

Фамусов
Мүлде өтірік айтасың.

(Софияның дауысы)
Әй, Лиза!

Фамусов (асығып)
Тес! (Бөлмеден аяғының ұшымен басып шығып кетеді)

Лиза (жалғыз)
Кетті... Аң Аулақ бол мырзалардан;
Сағат сайын пәле әзір сізге олардан,
Құтқар бізді қайғының қырсығынан.
Бариннің ғашығынан-ашуынан.

ҮШІНШІ КӨРІНІС

Лиза, София май шам ұстаған, оның артынан Молчалин.

София
Немене, Лиза, саған кім тиді?
Соншама даурығып?..

Лиза
Әрине, айрылысу қиын сізге құшақ жазып,
Таң атқанша есікті бекітіп ап
Отырса да, бұларға уақыт етіпті аздық.

София
Аһ, Шынымен-ақ, жерге жарық түсті енді,
(Шамды өшіреді.)
Әрі таң, әрі көңілсіз. Түні неткен қысқа еді!

Л и з a
Қынжыларсыз, білесің, бітті күш тегі,
Осында әкеңіз келді, қысылғаннан не қыларға білмедім.
Бәйек болдым, жалған айттым, есте жоқ не дегенім,
Қоштасыңыз, тақсыр, неге тұрып қалдыңыз?
Жүрегім ұшып барады, тез, енді барыңыз!
Көріңізші сағатты, терезеден қараңызшы жан-жақты,
Ерте тұрған жұрт көшеде аңдапты;
Үй жинауға кірісті, қорада шу тым қатты.

София
Бақытты жан елеуші ме еді сағатты.

Л и з а
Елемеңіз, мейліңіз, ерік сізде,
Бірақ, сіз үшін болады ғой пәле бізге.

София (Молчалинге)
Барыңыз, ұзақ түнгі сағынышқа тағы төзерміз.

Л и з а
Тәңір жарылқасын, тезірек қоштасыңыз,
Қолыңызды босатыңыз.
(Оларды айырады, Молчалин есіктен шыға бергенде, Фамусовпен кездесіп қалады.)

ТӨРТІНШІ КӨРІНІС

София, Лиза, Молчалин, Фамусов.

Фамусов
Бұл не деген ғаламат? Молчалин, бауырым, сенбісің?

М о л ч а л и н
Мен.

Фамусов
Неғып жүрсің сен мұнда? Бұл сағатта? София да!..
Мәссаған, София, саламат па?
Ә? Неге бола ояндың сен бейуақта?
Мезгілсіз тәңірі сізді қалай қосты?

София
Тек қана оның мұнда кіргені осы.

Молчалин
Жаңа ғана серуеннен келе жатып.

Фамусов
Достық, серуендеуге түкпір тауып лайықтау,
Болмас па екен, жүруіңе аулақтау.
Бикеш, ал, сенің тұра салып төсектен,
Лайық па бірге тұрғаның, —
Жас бозбала жігітпен?
Түні бойы оқып ертектен
Жемісі енді кітаптың
Тауып, міні, — көрсеткен,
Баяғы бір Кузнецк көпірі, үнемі француздар.
Солардан бізге келген мода, автор, һәм музалар
Жүйкеңді құртып, қалтаңды ақтарады.
Тәңірім солардан қашан құтқарады?
Қалпақ және чепец сонан келген,
Түйреуіш, шаш бастырғы дегендерден
Қашан соның құтқарар кітабы мен
Қант сепкен нан сататын дүкенінен?!

София
Сабыр етші, әкетай, жайымды ұғын,
Басым зеңіп өзі де шаққа тұрмын.
Сіз де асығыс сап ете қапсыз бүгін.
Менің есім кетті. —

Фамусов
Мұныңыз, соншалық рақмет, тіпті,
Мен бұларға тез келіп қалыппын!
Мен кесел жасаппын, шошытып алыппын!
Мен, София Павловна, күні бойы ашулымын,
Тыным таппай жүгіріп, құдды иіс тигендей сасу
Міндетті қызмет бабымен михнат көбейді,
Біреуі мінейді, біреуі тағы бірдеме дейді, бәрі маған келеді,
Әйтсе де, алдайтын мен күтіп пе едім пәлені?

София (ағыл-тегіл жылап)
Кім алдады, әкетай?

Фамусов
Міне маған бәрі қарсы келеді,
Босқа жазғырады деп біледі.
Жылама, мен істің жөнін айтамын:
Бесікті күніңнен,
Саған тәрбие беруден
Кем болып еді сенің нең?
Анаң өлді; тәрбиелеп бағып ем,
Анаң орнына мадам Розьені алып ем.
Алтындай кемпір алдым — сені әлпештеп бақсын деп,
Өзі ақылды жайдары, адам еді жақсы бек.
Бір міні, істемеді ол таза ісін:
Бес жүз сом жылына артық берген үшін
Басқаға ауып, езі де кетті тегі,
Бірақ та әйелде емес күш тетігі.
Көз алдында үлгі берер әкең тұрғанда,
Басқаның үлгісіне мойын бұрма
Маған қара: мақтанбаймын тұлғама онша,
Бірақ тың, өңім жас, қартайғанша,
Басым бос, бойдақпын, мен өзіме-өзім қожа болған адам,
Монахтай пәк мінезім де, жұртқа аян... болған...

Л и з а
Бірдеме деуге батылым барар ма екен, тақсыр?

Фамусов
Үніңді өшір!
Сұмдық заман! Не айтуға да білмейсің енді бұған!
Жасына қарамастан бәрі де ақылды бола қалған,
Қыз-қырқын елірген, өздері жөн білген.
Бәрі де тілі мен жағына сүйенген.
Қаңғыбасты аламыз жалдап үйге,
Үйретсін деп қыздарды бәріне де,
Үйретсін деп қалайша күрсінуді,
Әдепке де, биіне де, әніне де,
Қызды бейне өсіріп тұрғандаймыз
Диуаналарға әйел ғып беруге де.
Сен, өзің бір жақтан келіп
Отырған кісісің бе, несің?
Сен осында не үшін тақсырсың?
Жұрағатсыз жылы жай тапқам,
Оны үйіме енгізіп, барып-қаққам
Оған ассесорлық чин беріп,
Оны хатшылыққа да алып баққам.
Оның Мәскеуге келуі де менің арқам,
Мен болмасам, сен кек тулақтай қақталып
Тверде жүрер едің сонау жатқан.

София
Ашуыңыз тіпті түсініксіз маған,
Бұ да осы үйде тұратын адам
Осы да зор сұмдық бола қалған!
Ол ана бөлмеге енем деп,
Байқамай мына бөлмеге тап болған.
Тап болған ба, әлде тап болуға оқталған ба?
Олай болса, бірге тұрсыз сіз неге?
Мүмкін емес, бұл кездейсоқ деуге де.

София
Бұл жағдайдың бар мәнісі мынада:
Мана осында Лиза мен сіз болғанда,
Дауысыңыздан шошып кетіп соншама,
Жүгірумен келдім ұшып осында.

Фамусов
Бар пәлені үйеді енді басыма
Бейуақта шошып кетіпті дауысыма!

София
Бұлдыр түске ермексіздер сенеді
Ұғасың түсімді айтсам мен енді

Фамусов
Ол не қылған уақиға?

София
Болар ма екен айтуға?

Фамусов
Я, айтыңыз. (Отырады.)

София
Айтсам, былай болды... Әуелі
Түсімде көрдім көк орман,
Есіме түспейді... Өңімде, —
Іздедім бір шөп мен онан;
Тап болды кенет бір кезде
Жүзі жылы бір адам,
Таныстың бірі секілді
Білетін атам заманнан,
Әрі ақылды, әрі ұяң,
Алайда, езі жасқаншақ,
Белгілі ғой, олай болмағы
Кедей болса туғаннан.

Фамусов
Ой, тоба-ай! Сындырма сүйекті онша!
Тең емес саған, егер кедей болса.

София
Жоғалды сонсоң бәрі де:
Орманы да, көгі де,
Біз қараңғы бөлмеде —
Отыр едік кенеттен,
Сұмдықтың әкесі осы жерде;
Жарылып кетті сол кезде
Үй едені теңселе.
Шықтыңыз ыршып сіз содан,
Өлген жанның өңіңдей
Жүзіңіз де қуарған,
Шашыңыз да тік тұрған
Күркіреген күндей боп
Есік те тарс ашылған,
Адам да емес, аң да емес,
Айырып бізді бір елес
Бірге отырған адамды
Алып кетті қасымнан;
Ол кісі артық секілді еді
Маған бүкіл асылдан;
Барғым кеп соған талпындым.
Мені алып барасыз,
Сүйреп оның қасынан.
Сыңсу, жылау, ышқыну,
Қарқ-қарқ күлкі, ысқыру,
Шықты дауыс ашынған.
Артымыздан айқайлап,
Тұрып қалды сол адам
Ояна кетсем біреудің
Дабырлаған даусынан, —
Сондағы даурығып
Сөйлеген сіз екенсіз,
Ерте тұрған несі екен деп
Жүгіре басып келсем тез
Бірге тұрсыз екеуіңіз.

Фамусов
Я, бұл түстің көріп тұрмын оңбасын,
Күллісі бар: тек жалған болмасын;
Күллісі бар: сайтаны да, һәм сүюі де,
Қорқынышы, бәйшешегі — гүлі де.
Ал, мырзам, сен ше?

Молчалин
Мен сіздің дауысыңызды естіген соң.

Фамусов
Қызық екен.
Бұларға ала таңдап даусым барып,
Бәрін де мұнда кел деп жинап алып,
Шақырғандай болыппын.
Бұлар менің дауысыма жиналыпты
Соншама, не болыпты?.. Сөйле...

Молчалин Қағаздармен келіп ем.

Фамусов
Я, жетпей тұрғаны сол еді! —
Қарай гөр, бұл бір өнер тауыпты,
Жазу-сызуға кенеттен көңілі ауыпты.
(Тұрады)
Ал, Сонюша, саған тыным берейін,
Ондай-ондай сорақы түстер бола береді,
Ал, өңінде адам онан да зорын көреді.
Түсіңде сен шөп іздепсің,
Сөйтіп жүріп — досыңа да кез кепсің,
Басындағы күңгірт ойдан бол азат,
Қайда ғажап болса, онда мән аз-ақ,
Бар, ұйықта, жат! (Молчалинге).
Жүріңіз, қағаздарды қаралық

Молчалин
Мен, бұларды мәлімдеу үшін ғана әкелдім.
Жөндемесе, жіберуге болмайды;
Онсыз қайшы келетін жағы бар,
Көбінің ұқсамай тұрғаны тағы бар.

Фамусов
Тақсыр! Мен, сондай оның шатағын
Көбейіп кете ме деп қорқамын.
Сіздің еркіңізге берсе жымдасар еді бәрі де,
Маған оның ісі не, іс емесі не?
Менің әдетім сол-ақ:
Қол қойылды-ақ, көзімнен аулақ!

БЕСІНШІ КӨРІНІС

София, Лиза.

Лиза
Міне қызық деген! Міне саған тамаша!
Ал енді күлуге де орын жоқ сонша,
Көз күңгірт тартты, жан мұз боп қатты,
Күнәсі оқа емес, өсек жақсы емес.

София
Маған өсек не? Кім не десе, о десін,
Тек, әкетайым ойландырды мені осы.
Өзі күңкіл, ашушаң да, шапшаң да,
Мінезі солай қашан да,
Ал, енді осыдан бастап...
Қандай боларын өзің шешіп, өзің тап...

Лиза
Естіген сөзбен ғана жорымаймын баяғы;
Сізді ол қамап қояды,
Менімен екеумізді қамаса бір сәрі,
Құдай сақтасын де, әлі,
Әйтпесе, мені де, Молчалинді де —
Бәрімізді де бұл қорадан қуып шығады.

София
Ойласаң бақыт деген құбылмалы,
Қолыңнан о да ұшатын күн болады,
Ойға алмай жүрген күнде қайғы-мұңды, —
Алаңсыз өткен көзді, тыңдап күйді, —
Біздерді тағдыр өзі қорғағандай
Мазалап яки күдік бөлмей ойды
Жүргенде елең қылмай бәрін ұмытып
Тұрады жоқ жерден бір қайғы күтіп...

Лиза
Бәсе, тап солай, менің жамап ойыма
Ешқашан құлақ аспайсыз сірә.
Әне бәле сонда!
Сізге мұнан артық әулиеліктің керегі не?
Айтып жүрмін ғой, бұл ғашықтықтан еш нәрсе
Шықпайды өмірінде,
Москвалықтар сияқты, сіздің әкеңіздің де көздегені;
Чин алған, жұлдыз таққан күйеу ғой іздегені.
Біздің арамызда, жұлдыз таққандардың бәрі бірдей бай емес,
Әкеңнің ойы, —
Ақша болса, өмір сүріп тұрарлық,
Халы болса бал беріп, той қыларлық,
Міне, мысалы —
Полковник Скалозуб несі бар,
Белшесінен алтынға батқан бай генерал болуға да дәмесі бар...

София
Онан да, — майдан жайлы қорқынышты әңгімеден,
Мен әлдеқайда қуанып, көңілденем!
Ол, туғалы бір де ақылды сөз айтып көрмеген,
Оған тию — суға батып өлумен тең.

Л и з а
Айтпақшы, сөзшең, қу емес алдай қояр,
Болсын мейлі әскерден, я, статскийден,
Кім артық сезгіш, жарқын әрі ділмәр,
Александр Андреич Чацкийден!
Мұны, сіз қайрап қалсын деп айтпаймын да,
Өткен нәрсе, оралып қайтпайды да,
Әйтсе де әлі есімде...

София
Несі есіңде? Ол үздік еді,
Жұртты күлдіру де қолынан келеді.
Сөйлеуі де, әзілі де маған қызық еді,
Күліп-ойнауға әркіммен де бола береді.

Л и з а
Ол ол ма? Жасын төгіп көзінен, —
Бишараның қалай айрылысқаны әлі есімде өзіңмен,
— Тақсыр, неге жылайсыз?
Күлумен ет — Дегенімде, ол тұрып былай деп еді:
— Ай, Лиза-ай, жыламас бар ма амалым,
Қайта айналып келгенде пе табамын?
Қаншалық ойдағыны жоғалтармын
Деп еді, бишара, үш жылдап соң ораларын...

София
Тыңда сен, бара көрме онан әрі,
Болған шығар жеңілдік қылған жерім?
Сыртымнан өсектейді босқа бәрі.
Білемін, кінәлімін, бірақ менің
Бар еді кімге опасыз болған жерім
Рас, біз Чацкиймен бірге өстік.
Таң атса-ақ, айрылыспай көп кеңестік
Балалық душар еткен екеумізді,
Ол кетті, көңілсіздік леп сезілді.
Үйге сирек келсе де, мені ұнатты,
Оралып бір мезгілде жақын тартты, —
Неше рет күйіп, жанып сүйді тәтті!..
Ақылды, сөзге зирек, расында
Бақытты болды достар арасында.
Көңіліне бір керемет қиял кез кеп
Албыртып болды жаны жаһан кезбек.
Біреуді біреу егер болса сүймек
Алыстан қажеті не ақыл іздеп?

Л и з а
Қай жерлерде жүр екен? Қай далада?
Емделген дейді — оны жұрт тұзды суға.
Сырқатты боп емделген емес дейді.
Құсалықтан дейді-мыс, айығуға.

София
Күлегеш адам қайда болса, бақыт сонда, —
Деген ып-ырас!
Менің сүйген адамым ондай емес:
Молчалин біреу үшін өзін-өзі
Ұмытады, ол батыл болған емес,
Тәуекелсіз, ұялшақ сәл мінезі.
Ұзақ түнге біреумен жүріп сонша,
Уақытты бос өткізу мүмкін бе онша..
Отырамыз ағарып таң атқанша,
Сонда не бітірдің деп, ойласайшы?

Л и з а
Құдай білсін,
Бикеш-ау, менің онда ісім қанша?

София
Қолды алады да, қысып тұрып жүрегіне қояды,
Күрсініп жан түбінен дем алады,
Сонымен түн өтеді, — үн жоқ сөзден,
Алмайды қолын қолдан, көзін көзден;
Күлерсің! Бірақ, оның орны қанша,
Бердім бе себеп тауып күлкіге өзім!
Маған ба?.. Жаңа ойыма түсті жайым,
Сіздің жеңгей үйінен француздың
Қалай қашып шыққанын білем бәрін.
Кербез жеңгей ызасын Басуға үміт етіпті.
Шашын бояуға да ұмытып кетіпті,
Шашы үш күн өтпей-ақ Ағарып та бітіпті.
(Қарқылдап келген күлкісін соза береді.)

София (қамығып)
Мен туралы да содыра, осыны айтады ғой бәрі де.

Л и з а
Кешіріңіз! Тәңіріге аян, тәңіріге,
Осы күлкі медеу болсын деп ем
Сіздің көңілге.

АЛТЫНШЫ КӨРІНІС

София, Лиза, қызметші, оның артынан Чацкий

Қ ы з м е т ш і
Сізге Александр Андреич Чацкий келіп тұр.

(Шығып кетеді.)

ЖЕТІНШІ КӨРІНІС

София, Лиза, Чацкий.

Чацкий
Таң сәулесі жерге түсе асыға, жеттім міні аяғыңа бас ұра.
(ыстық мінезбен қолын сүйеді.)
Ал, сүйсеңіз! Күтпеп едім дейсіз бе?
Қуандың ба? Жоқ па әлде? Қараңызшы жүзіме!
Пішінде тек қана, аң-таң қалғандай?
Қарсы алуың, қарсы алу-ақ болғандай!
Бір апта да өтпегендей тәрізді
Құдды екеуміз кеше кешке бірге боп,
Қалжырап тұрғандаймыз тойғандай.
Сүюдің де белгісі жоқ ешқандай.
Көңілімді тұрғандайсың жақсы аулай,
Әйтсе де, сырымды айтсам, қылмай тағат; —
Қақпастан кірпігімді қырық бес сағат,
Жеті жүз шақырымдай жолды санап, —
Түтеген жел, дауылдан ерлердегі
Аптығып алас ұрып келгендегі —
Осы ма сый-құрметім көрген тегі!

С о ф и я
Аһ, Чацкий, келгеніңізге қуанып көңілім шат.

Ч а ц к и й
Қуанып тұрсыз ба! Бұл сағатта.
Шын қуанған адам, — осылай қуана ма екен бірақ та?
Менімше, ақырғы күшімді сарқын бүгін
Атты да, адамды да жауратып келдім,
Тек қана, өзімді-өзім жұбатып тұрмын.

Л и з а
Міне, тақсыр, жада ғана есік алдында тұрсаңыз?
Құдай біледі, бес минут та болған жоқ,
Сізді сөз ғып жаңа ғана тұрғанбыз,
Бикеш, солай емес пе, не дейсің бұған сіз?

С о ф и я
Қазір ғана емес, есімізде сіз қашан да,
Бұл ретте маған кінә таға алмассыз,
Біреу қылт етіп көрінсе де, яки, есік ашса да,
Алыстан, басқа елден біреу келіп кетсе де, —
Моряктан да, жол-жөнекей өткеннен де,
Почтовойдан, тіпті көрінген ат жеккеннен де
Сізді керді ме екен деп сұраймыз.

Ч а ц к и й
Солай-ақ болсын мүлде.
Өзіне сенген адамға,
жылы жәй көп қой дүниеде.
Аһ! Жасаған! Шынымен тағы осында,
Москвада тұрмын! Сіздің үйдемін.
Ал, сізді қалай ұғуға болады дермін?
Қайда кеткен сол дәурен күнәдан пәк,
Болушы еді өтпейтін кештер ұзақ,
Сол кештерде сізбенен қол ұстасып,
Ғайып болып әр жерде ойнаған шақ.
Столмен, орындықпен ойнап өсіп,
Жүруші ек, сайран салып әзілдесіп,
Сол кезде, яки, сенің әкетайың,
Жасырынып біз қараңғы бір бұрышта,
Күлуші ек, ойнаушы едік жүгірісіп,
Сол кездер есіңде ме, осы бөлме?
Селт ете түсуші едік кейде шошып, —
Я стол сықыр етсе, яки есік...

С о ф и я
Балалық қой!

Ч а ц к и й
Я, солай, ал, қазір ше, —
Сылаңдап он жетіде гүлдендіңіз,
Айтары жоқ, білесіз оны өзіңіз,
Сондықтан да ұяңдау мінезіңіз,
Көзіңізге түспейді бүкіл ғалам,
Әлде, біреуге ғашықсыз ба? Айтшы маған,
Ойланып, қымсынбай-ақ әсте оған.

С о ф и я
Я, мынадай күтпеген шұғыл сұрақ, —
Кімді болсын өткір көз қымсындырмақ.

Ч а ц к и й
Кешіріңіз, мұнда сізден басқа кімге таң қалам?
Москва не көрсетпекші маған жаңадан?
Кеше бір бал болды, ертең екі бал болады,
Біреу құда түсіп үлгірді, біреу түсе алмады,
Бәрі сондай үйреншікті көргендер,
Бәрі сондай альбомдағы өлеңдер.

С о ф и я
Москваға тіл тигізді асыра,
Дүние керді деген осы да!
Жақсылық онда қай жерде?

Ч а ц к и й
Біз жоқ жерде,
Ал, сіздің әкетайыңыз қалай
Англия клубының өзінше
Қарт мүшесі бола бермек пе керге кіргенше?
Ағатайыңыз, тұз-дәмі таусылған жоқ па, берік пе?
Кім ше, әлгі, аты кім еді, түрік пе еді, грек пе?
Анау, әлгі қара сауыс, тырна тұяқтың,
Соның атын ұмытып та қалыппын.
Қайда барсаң, ол сонда,
Қонақ үйде, асханада,
Әлгі бір, — бульваршыл үшеу қайда,
Жарты ғасыр жасағанша жасаруда ма?
Олардың жақындары мың-миллион,
Әйтеуір қарындастарының арқасында
Жақын боп болды барлық Европамен.
Маскарад пен театрға үйір
Қадірлі не жайда жүр.
Тоғайдай жасыл ала әр түсті үйі,
Өзі жуан, ілмиген артистері,
Кердік қой есіңде ме, біздер балдан
Ашқанда бір бөлменің аржағынан
Бір әнші бұлбұл болып шықылықтап, —
Жасырынып жаздың әнін қыста салған.
Сол көксау туғаның кітапқа қас,
Ғылыми комитетке сұғып ап бас, —
Ешкім де оқымасын деп, тіпті өктем,
Дауыстап ант алуға талап еткен.
Тағы да оларды көруге тағдыр жазды,
Олармен өмір сүру тойдырады,
Іздесең, мін әркімнен табылады,
Елге оралсаң шарлап сен бөтен жақты,
Көзге ыстық көрінер рахаты —
Туған жер түтіні де балдан тәтті.

С о ф и я
Кездессеңіз жеңгеймен тіпті қызық
Таныстардың айтар еді бәрін тізіп.

Ч а ц к и й
Ә, жеңгей ше? Ол әлі қыз қалпында ма, бұрынғысындай
Бірінші Екатеринаның Фрейлинасындай?
Тәрбиешілер мен күшіктерге толы шығар үй іші?
Айтпақшы, енді тәрбие жұмысына келейікші!
Санын көбейтіп, сапасының арзандығына қарамай,
Әлі де болса бұрынғыдай, —
Ғылымнан аулақтығын санамай,
Оқушылар полкін құруда ма?
Россияда штрафтың күшімен,
Бізге, — біреуін тарихшы,
Біреуін география деп таны деп зорлауда ма?
Біздің мен тордың ұмытпаған шығарсыз шапаны мен қалпағын,
Айтпақшы, әлгі француз, желқуар Гильоме ме еді?
Ол үйленді ме екен?

С о ф и я
Кімге?

Ч а ц к и й
Әйтеуір бір княгиняға.
Мысалы: Пульхерия Андреевнаға?

С о ф и я
Ол — танцмейстер ғой, мүмкін бе?

Ч а ц к и й
Несі бар? Ол жігіт емес пе?
Бізден талап ететіні шен мен мүлік емес пе?
Ал, Гильоме!..
Мұндағы біздің салт қандай?
Не бір жиын, мереке болған шақта
Нижегород пен француз сөзін қосып
Былапыттауды әлі де қойған жоқ па?

С о ф и я
Тілді араластырып?

Ч а ц к и й
Я, екі тілді араластырып, онсыз мүмкін емес қой.

Л и з а
Соның екеуінен де, кесіп-пішіп —
Сізше біреуін-ақ сөйлеген дұрыс қой.

Ч а ц к и й
Әйтеуір жеріміз жоқ көп лепірген,
Міні, қызық! Уақыттың мен
Пайдаланып тұрмын ғой минутпен,
Сіздермен кездескен соң шыдай алмай
Сөзден сөз туып жатыр ретімен.
Мені ессіз дейсіз бе, Молчалиннен?
Айтпақшы, осы күні ол қай жақта?
Әлі үндемеуін қойған жоқ па?
Дәптерден бір жаңа өлеңдерді
Көрсе болды, сұрап ап көшіріп үлгереді,
Дегенмен, түбінде сол жұртқа білініп қалады:
Бұл күнде үндемейтіндерді ұнатады.
София (басқа жаққа қарап.)
Кісі емес, жылан! (дауыстап),
Бір сұрағым бар еді өзіңізге,
Қуанышты, я мұңды көзіңізде,
Жаңылыстан болса да, тіпті қазір түгіл
Бала шағыңызда бір
Біреу жайлы сөз айта қалған күнде,
Жақсы сөз айтып сірә көрдіңіз бе?

Ч а ц к и й
Талғаусыз, аңдаусыз кездегі
Ұяңдық пен шалалықты айтасыз ба?
Неге сонша әріге барасыз?
Дұрысын айтсам байқайсыз ба?
Күні-түні жапан-түзде дірілдеп
Қарлы қырда жез қоңырау күмбірлеп
Құстай ұшып, басымды иіп өзіңе
Келгенімде, қаталдық түр жүзіңде.
Салқын тартқан жүзіңізге жарты сағаттай шыдадым,
Тәңіріге жалбарынып тұрған бикештен де бетер шырайың.
Әйтсе-дағы, шымырлап сай-сүйегім
Өзіңді шын , елжіреп мен сүйемін!..
(Бір минуттай тым-тырыс.)
Шынымен-ақ менің сөзім тым қытыққа тигіш пе?
Немесе өткір түйреуіштей ілгіш пе?
Олай болса: ақыл менен жүректің
Пернесі бір соқпағаны — демекпін.
Қалжыңбастың тобына егер жолықсам,
Бір күлем де артынан тез ұмытам.
Түсейін отқа түс десең
Әзірмін, еркің не істесең?

С о ф и я
Түсерсің-ау бірақ та
Не істермін күйіп-піспесең?

СЕГІЗІНШІ КӨРІНІС

София, Лиза, Чацкий, Фамусов.

Ф а м у с о в
Міне, тағы біреуі!

С о ф и я
Аһ, әкетайым, айнымай келген түс. (Кетіп қалады.)
Фамусов (іле-шала күбірлеп)
Оңбаған түс.

 

ТОҒЫЗЫНШЫ КӨРІНІС

Фамусов, Чацкий, (София шыққан бөлмеге қарайды.)

Ф а м у с о в
Мәссаған, мынаны қара!
Екі ауыз сөзбен хат та жазбай үш жылда,
Нажағайдай көктен түстің бе сеп мұнда.
(Құшақтасады)
Аман-есен жүрсің бе, денің сау ма?
Айт бәрін әңгіменің түк қалдырма!
Қандай жаңалығың, қандай хабар-ошарың бар?
Жаңалығың көп шығар, отыр мұнда.
(Отырысады)
Чацкий (қалай болса со лай жауап қағып)
Софияңыз құлпырып-ақ кетіпті-ау,

Ф а м у с о в
Сіздей жастар басқа істің іркіп ырқы,
Байқағыш-ау алдымен қыздың көркін.
Мен бір қиял, үмітке шомғанымда
Қыз емес бір сөз айтып қалғанында
Сен әп-сәтте елітіп қалғаның ба!

Ч а ц к и й
Аһ, жоқ; мен үмітке аз елігемін тіпті.

Ф а м у с о в
«Айнымай келген түс» деп ол сыбыр етті.
Сол-ақ екен сені бір ой билеп кетті...

Ч а ц к и й
Мен бе? Ойлағам жоқ түкті.

Ф а м у с о в
Кім енді түсіне? Мұны не демекпін?

Ч а ц к и й
Мен түс жорушы жан емеспін.

Ф а м у с о в
Оған сенбе, бәрі бекер.

Ч а ц к и й
Мен өз көзіме сенемін;
Ол түгіл, тіпті, — дәл мұндай қызды көрмегеніме
Қол хат та беремін.

Ф а м у с о в
Әлі баяғысы! Ал, не көрдің,
Бәрін айт, соншама жыл қайда жүрдің?
Қайда болдың, қайдан келдің?

Ч а ц к и й
Енді айтпағаным сол ма еді!
Шарлағым келсе-дағы әлемді де,
Көре алмадым жүзден бір бөлегін де.
(Асығыс ұшып тұрады.)
Кешіріңіз, сізді керуге асығып, сәлем беріп
Кетейін деп, келіп ем;
Үйге де соқпаған едім, қош болыңыз!
Бір сағаттан жолығам қайта келіп,
Бір түйірін қалдырмай әңгіменің
Ең алдымен айтармын сізге төгіп,
Сіз де жұртқа жайыңыз бәрін теріп.
(Есікте тұрады.)
Қандай тамаша! (Шығып кетеді)

ОНЫНШЫ КӨРІНІС

Фамусов (жалғыз)
Япыр-ай, екеуінің қайсысы екен?
«Өй, әкетай-ау! Думан келген түс!» —
Деп еді ғой, — о несі екен!
Айыптымын, бірақ, менің нем бұрыс!
Молчалин күдікті етті мана мені,
Көремін оттан шыққан жалынды енді;
Анаусы бишара, мынау — франт-дос-жаран
Әйгілі алаяқ, мінез-құлқы мәлім маған.
О, тәңірім, комиссия бұ не қылған!
Бой жеткен қызға мені әке қылған?
(Шығып кетеді)
Бірінші перденің соңы.

ЕКІНШІ ПЕРДЕ

БІРІНШІ КӨРІНІС

Фамусов пен оның қызметкері.

Ф а м у с о в
Петрушка, үнемі сенде бір жаңалық,
Жеңіңе жүреді күнде жамау жамалып.
Календарь алшы оқуға
Оқы, тек, шіркеудегі пономарша оқыма,
Сезіммен, тыныс белгілеріне тоқтап, —
Анықтап оқы отыр да,
Тоқта, жазу дәптеріңді ал,
Келесі жетінің тұсына белгі сал:
Прасковье Федоровнаның үйіне
Сейсенбіге мекіренің етін жеуге шақырған.
Не деген тамаша жаратылған дүние!
Философия сөйлесең, басың айналған.
Кейде дәм татпайсың, кейде арнап тамақ істейді.
Түсініксіз не екені,
Мәскеуде туып өмір сүріп жүрген
Не бір сабаздар өле қалады бір күні!
Жаз: бейсенбіге бірінің үстіне бірі,
Бәлки жұмаға, бәлки сенбіге.
Мен, жесір әйел — доктордың үйіне
Азап шақырып баласына ат қоюға барам,
Ол әлі туған жоқ
Бірақ, есебім бойынша:
Тумасқа да амалы қалған жоқ.

ЕКІНШІ КӨРІНІС

Ф а м у с о в
А! Александр Андреич, қош келдіңіз!
Отыра қалыңыз!

Ч а ц к и й
Бос емес шығар қолыңыз?

Ф а м у с о в (қызметшісіне)
Барыңыз.
(Қызметші кетеді).
Я, әр түрлі істі кітапқа жазып қоймай болмайды.
Әйтпесе ұмтылады да, есіңе түсе қоймайды.

Ч а ц к и й
Сіз бір түрлі көңілсіздене бастадыңыз білем.
Айтыңызшы, бұл неден?
Әлде, мезгілсіз келіп қалдым ба мен?
София Павловна қайда
Бірдемеге ұшыраудан сау ма?
Келбетіңіздің өзгеруі жай ма?

Ф а м у с о в
Оһ, көкетай, шештіңіз жұмбағымды,
Көңілсізбін!.. Менің осы жасымда
Секіріп билеп жүру мүмкін емес қой, расымда.

Ч а ц к и й
Биле деп отырған ешкім жоқ осында.
София Павловна жайында
Мен екі ауыз сөз сұрап ем жаңа ғана,
Әлде, ол ауру ма?

Ф а м у с о в
Тіфу, құдай-ай! Мың мәртебе, —
Бір айтқаным айтады қайта-қайта.
Біресе София Павловнадан жақсы адам жоқ дүниеде
Біресе, София Павловна сырқаттанды ма дей ме,
Айтшы, өзің, ол саған ұнай ма, — әлде?
Жер шарын жортып біттің,
Әлде оған үйленгің келе ме?

Ч а ц к и й
Оның сізге керегі не?

Ф а м у с о в
Сұраудың несі айып болған,
Мен бір табан жақынмын ғой оған,
Ойласаң тіпті атам заманнан
Әке деген сөз босқа атанбаған.

Ч а ц к и й
Қызмет етуге әзір бас,
Жағымпаздануға жаным қас.

Ф а м у с о в
Міне, осындай кеуде көтермей тұра алмайсыздар,
Ата-бабаңыздың қандай болғанын сұрамайсыздар;
Атадан бала туса еді, ата жолын қуса еді,
Үлкеннен үлгі алса еді, —
Мысалға алсаң біздерді,
Яки ағай Максим Петрович марқұмды,
Күміс түгіл алтын табақтан ас ішті,
Оған бәйек болып, қызмет етті жүз кісі,
Ұдайы жүргенде алты ат жегіп жүретін ол кісі.
Ордендері жарқылдай, жүрген жері кең сарай,
Және қандай сарай десеңші?
Ол кезде бүгінгідей емес,
Ол Екатерина сарайында қызмет істеді осында,
Өңкей маңғаз — салмақты, қырық пұт гір тасындай...
Тәжім етсең, имейтін еді басын да,
Ақсүйек қой, — сәті түсіп кез келсең, —
Өзгелерден ішіп-жеуі де өзгеше,
Сенің ағаңның қасында, граф не? Князь не?
Ол, олардан да байсалды, бір салт ұстаған пенде.
Құрмет істеп, даяшылық ететін рет келсе, —
Тәжім етуші еді белі үзіліп кеткенше.
Ұлықтардың сарайда бас қосатын ұлыстың бір ұлы күнінде.
Айтсам оның мұрттай ұшқан бір көзін,
Жұлынын үзіп ала жаздаған өзінің
Шал уһлеп, шықты үні қырылдап,
Патша ағзам езу тартты жымыңдап.
Жұрт та күліп жіберді шу ете қап, онан әрі не болмақ?
Тұра беріп, — тағзым етпек болғанда
Тағы да жалп ете түсті оңбай-ақ.
Бұл жолы жорта қылғандай...
Күлкі үдей түскенде, үшінші рет ұшты тағы домалап,
Біздіңше «күлкі», сіздіңше, бұл қалай?
Құлауын оңбай-ақ құласа да, тұрып-ақ кеткені сау адамдай.
Алай да, жұрт, — карта ойнағанда көбінесе, кіммен бас қосушы еді;
Және, ол сарайда кім жылы сөз естуші еді?
— Максим Петрович,
Жұрт алдында кім құрметті?
Максим Петрович, Оңай ма?!
Чинді, пенсияны кімге береді?
Максим Петровичке,
Ал, сіздер ше, қазіргі, —
Осы күнгі сіздерден іс өнеді!

Ч а ц к и й
Дүниені бүліне бастады деп
Күрсінуіңізге болар да,
Алайда, ол заман мен бұл заманды
Салыстыруға бола ма?
Айтуыңыз шебер-ақ, мұныңыз қиындықпен сенер-ақ.
Онда, — кімнің даңқы дүрілдеді, кімнің мойны иілмеді,
Майданда емес. жайшылықта да мақсатына кеудемен жетті,
Басын жерге тигенше ұрып барып жетті
Кім бәйек болса — ол батпаққа батып жығылды,
Кім биік болса, — соған жағынушылар сендей соғылды.
Ол заман — әрі айбатты күш, әрі қорқыныш,
Бәрі де патшаға жағынудың әлегінен болған іс
Сіздің ағаңыз туралы айтып отырғаным жоқ барлығын,
Тебірентіп не қыламыз аруағын;
Құлдық ұрудың заманы болса да тегі,
Кімнің солай болғысы келеді,
Ал, енді қазір халыққа жай ермекке
Біреу желкесін үзіп өлуі керек пе?
Ал, кейбір замандас кәрілер
Есіне түссе сол күндер
Терісіне сыймай өңмеңдеп
Аһ! Мен де сондай болсам — дер!..
Мүмкін, әлі де табан жалап жалмаң қағуға.
Кез келген жерде зымияндыққа баруға
Жаны құмарлар да болар,
Иә, қазір күлкі етеді деп қорқады,
Ондайдан ұяты бетіне басылып тоқырады.
Сондықтан, патшаның мейірімі түспейді оларға.

Ф а м у с о в
Аһ! Тәңірім! Бұл карбонари!4 революцияның жасырын ұйымының мүшесі, кейде — зұлым деген мағынасында.

Ч а ц к и й
Жоқ, қазіргі әлем ондай емес.

Ф а м у с о в
Қауыпты адам.

Ч а ц к и й
Еркін адам өзін еркінірек ұстайды,
Қуақылар полкына жазылуды тоспайды.

Ф а м у с о в
Не дейді! Тасқа басқандай сөйлейді!

Ч а ц к и й
Паналатушы адамына келгенде,
Төбеге қарап есінеуді сүйеді,
Тек, айналаға көз жіберіп, отырып ас ішуді,
Орындық ұсынуды,
Орамал ұстап тұруды ғапа
Біледі.

Ф а м у с о в
Бұл, еркіндікті мадақтағысы келеді!

Ч а ц к и й
Біреулер ел кезіп серуен құрады, біреулер деревняда тұрады.

Ф а м у с о в
Ия, олар өкіметті мойындамайды!

Ч а ц к и й
Кісі үшін емес, үшін қызмет ететіндер.

Ф а м у с о в
Астанаға оқ бойы жер жолама
Деп тыйым салар ем бұл мырзаларға.

Ч а ц к и й
Енді уақыт берейін дамылдарға...

Ф а м у с о в
Төзім бітті, әл кетті. Ызасы өтті.

Ч а ц к и й
Сіз жасаған ғасырды тілдеп біттім,
Еркіңізге берейін өмір кілтін:
Бір бөлшегін бөл-дағы бере салшы, —
Болсын біздің заманның сыбағасы —
Мен де одан артығым сұрамаймын,
Солай болуға тиіс қой, жыламаймын.

Ф а м у с о в
Менің сізді білгім де келмейді,
Сайқалдыққа жаным төзбейді.

Ч а ц к и й
Мен енді айтарымды айттым.

Ф а м у с о в
Рақмет, мен де құлағымды тарс жаптым.

Ч а ц к и й
Неге? Құлағыңызға жақпастай не айттым?

Фамусов (шапшаң сөйлеп)
Міне, бұлар жер-дүниені шарлап, түк істемей сабылады,
Бұлардан қандай тәртіп табылады?

Ч а ц к и й
Мен қойдым.

Ф а м у с о в
Сөйт, тіпті аяшы!

Ч а ц к и й
Сөз жарыстыра беруді тілемеймін! —

Ф а м у с о в
Тым болмаса, жаныма тыным беруіңді тілер едім.

ҮШІНШІ КӨРІНІС

Қ ы з м е т ш і (кіреді)
Полковник Скалозуб.

Ф а м у с о в
(Ешнәрсені көрмейді де, есітпейді де)
Сені ендігі пісіріп әбден қақтады,
Сотқа береді, қылқ еткізіп жұтқалы.

Ч а ц к и й
Сіздің үйге біреу келді білем.

Ф а м у с о в
Тыңдамаймын, под суд!

Ч а ц к и й
Сізге ол кісі бір жұмыспен келіп тұр.

Ф а м у с о в
Тыңдамаймын, под суд! Под суд!

Ч а ц к и й
Мойын бұрыңызшы, сізді шақырады...
Фамусов (бұрылады)
А? Бунт? Өзім де сол сойқанды күтіп ем.

Қ ы з м е т ш і
Полковник Скалозуб келіп тұр, кірсін дейсіз бе?

Фамусов (тұрады.)
Есектер сізге айтпадым ба жүз қабат!
Қабылда, шақыр, сұра, айт, үйде де, көңілі шат
Бар, кет, шапшаң.
(Қызметші шығып кетеді).
Тәңір жарылғасын, тақсыр, онан сақтан!
Ол көрнекті адам, әйгілі,
Жеткілікті атақ алған белгілі,
Жас болса да шені бар,
Бүгіп болмаса да, ертең генерал.
Тәңірі жарылғасын, оның алдында өзіңді әдепті ұста
Оһ, Александр Андреевич, ыңғайсыздау, туысқан!.
Жиі, жиі мұңын шағады ол маған,
Білесің бе, мен сопың, бәріне де қуанам.
Өне бойы Москвада селен
Бәлкім, балқып ол жанымен қуанар,
Не жөні бар маған оны құп алар,
Бүгін-ертең қыз ұзатып жатқан жоқпын қалай да
София әлі жас, ол тәңірі ісі ғой, алайда.
Тәңірі жарылқасын, оның алдында ірісін, қағыспа
Шаншып-шалып сөйлейтін мінезіңді таста,
Әлі жоқ! Себебі не екен, немене...
Ә, кірген шығар мүмкін ана бөлмеге.

ТӨРТІНШІ КӨРІНІС

Ч а ц к и й
Қалай зуылдайды! Неткен секек!
Ал, София қайда кетті екен?
Оған біреу-міреу күйеу болып
Келіп отырған жоқ па екен?
Қашанғы жатқа санай бермек осылар?
Ол қалайша келмес екен осында!..
Әкесінің есі қалмай жүрген
Скалозуб дейтіні кім екен?
Қызы емес, елпілдеп жүрген тек бұл ма екен?
Аһ, үш жыл бойы жүрген жанға шет жерде,
Ғашықтықтың оты сөніп бітті де.

БЕСІНШІ КӨРІНІС

Чацкий, Скалозуб, Фамусов.

Ф а м у с о в
Сергей Сергеич, бері жүріңіз, мұнда
Өтінемін, жылы жерге келіңіз!
Тоңға боларсыз, жылытайық онда
Таза ауа кіргіземіз, сергіңіз!

С к а л о з у б (жуан дауыспен)
Азаптанып, сізге шығу не керек...
Ондай іс, мендей офицерге жөн.

Ф а м у с о в
Достар үшін бірер қадам басуға, нем кетеді дейсің,
Құрметті Сергей Сергеич!
Қалпағыңызды қойыңыз, шпагаты шешіңіз,
Міне, сізге жайлы орын, қысыла көрмеңіз!

С к а л о з у б
Тек отыруға ғана болса болады, қанда бұйырасыз,
(Үшеуі отырады, Чацкий қашықтау отырады.)

Ф а м у с о в
Ал, әкем, ұмытпай тұрып айтып қоялық,
Ұлықсат ет, өзіміз ағайын көрінеміз арамызды айырып алалық.
Сіз білмейтін шығарсыз, мен де білмейді екем,
Тіпті, алыс ағайынмен де жүр ағат болмайды екен.
Рақмет, мұны сіздің немере ініңіз айтып еді,
Айтпақшы, Настасья Николаевна сізге кім болады?

С к а л о з у б
Ғафу етіңіз, білмедім,
Онымен әскер қызметінде бірге болмап едім.

Ф а м у с о в
Сергей Сергеич, сіз солай ма едіңіз!
Жоқ! Мен олай емеспін, ал, өзіміз
Оларды іздегенде жер бауырлап жорғалаймыз,
Cөйтіп теңіз түбіне кетсе де тауып аламыз.
Менде бөтен адамдар сирек кездеседі,
Апайлар мен қайын бикелердің балалары істейді;
Тек, жалғыз-ақ Молчалин бөтен адам.
Әйтсе де ол іске өте маман,
Жұмыс ретінде, ол сізден де, көгі пайда көрдім деді.

С к а л о з у б
Ініміз екеуміз он үшінші жылы-ақ ерекше болғамыз,
Отызыншы жылы Егер полкында чин де алғамыз;
Ал, соңғысы қырық бесінші полкта.

Ф а м у с о в
Я, мұндай баласы бардың арманы болып па?
Онда сірә бірқатар орден де болар?

С к а л о з у б
Үшінші август үшін алғамыз, бекіністе отырған кезіміз еді,
Оған бантымен тағатын, маған мойынға ілетін берді.

Ф а м у с о в
Көруге жайдары, батыр денелі,
Сіздің немере ініңіз өте әдемі.

С к а л о з у б
Бір жада тәртіпті ол нық ұстапты,
Нақ чин алар кезде жұмысты да тастапты,
Деревняға барып кітап оқи бастапты

Ф а м у с о в
Міне, жастық!.. Оқи бастаған!..
Соңынан не болғанын көрерсіз!.
Өзіңізді тәртіпті ұстап, дұрыс істедіңіз сіз.
Қызметке жақында кірсеңіз де,
Көптен-ақ полковниксіз.

С к а л о з у б
Жолдас-жора арасында бағым бар,
Қызметке тұруға да бос орын бар,
Жасы жеткендерді орнынан да алып жатыр,
Қарап тұрсаң мүгедектер де толып жатыр.

Ф а м у с о в
Иә, құдай өзі қалағанына
Мәртебесін беріп жатыр.

С к а л о з у б
Кейбіреулерге менің дәрежемнен де артық бақ береді,
Он бесінші дивизиядан әріге бармай онша,
Мысалға біздің бригадалық генералды алсақ

Ф а м у с о в
Кешіріңіз, сізге не жетпейді?

С к а л о з у б
Шағып айтарым жоқ, елеусіз қалдырмай мені есіне алды,
Әйтсе де, — екі жыл бойы сарсылды полк соңына салды.

Ф а м у с о в
Полктың соңына салып қойғаны қалай?
Әрине, кейбір ретте, бірталай,
Сізге де жете алмай жүргендер көп емес пе?

С к а л о з у б
Жоқ, — корпуста менен көп істегендер де бар,
Мен, тек сегіз жүз тоғызыншы жылдан бері қарай,
Я, чин алудың жолы бар ғой бір талай.
Мен, олар жөнінде нағыз философ сөйлеймін,
Менің тілегім, тек, қолым генералдыққа жетсе екен деймін.

Ф а м у с о в
Тамаша пікір, тек тәңірім деніңізді сау етіп,
Генералдық мәртебеге қолыңызды жеткізіп.
Күтетін несі бар арғы жағын, —
Әңгіме етсек қайтер еді
Генералдың алар жарым?

С к а л о з у б
Үйленуге ме? Үйленуге тіпті қарсы емеспін.

Ф а м у с о в
Немене? Жұртта жиен де, қарындас та, қыз да бар,
Москвада күйеу болса, қыз даяр,
Туып-өніп жатыр ғой жылдан-жылға,
Әкетай, шынын айтсақ мойынға ала,
Москвадай астана табылар ма?!

С к а л о з у б
Өлшеусіз ұшан-теңіз — айырмасы.

Ф а м у с о в
Ой, көке-ай! Өзгеше, әркім көз қарасы,
Бәрінің бар өзінше заң-жобасы:
Ертеден келе жатқан жол сара;
Атасының атымен құрметтеле баласы,
Жаман болса да, бірер мың құл ұстауға қолы жетсе,
Ол болады күйеудің таңдама,
Кейбіреу шідер үзіп секірсе де,
Ақылды болып, сонша артық жетілсе де,
Ондайлар қатарға ешбір ене алмайды,
Мұнда әлі дворянды бағалайды.
Жалғыз бұл ма? Тұз-дәм әзір біздерде,
Шақырылып, я шақырылмай келгенде,
Есік ашық келіп-кетіп жүргенге,
Адал болсын, мейлі адал болмасын, —
Әсіресе, шет жерден болса,
Құшақ жайып қарсы алып оны сонша,
Табақ тартып сыйлаймыз біз барынша.
Басынан аяғына дейін қарасаң,
Москвалықта зор белгі бар орасан.
Егер біздің жастарға көз жіберсеңіз, —
Осы күнгі мына біздің немерелеріміз де,
Құлағын жұлып есірген шөберелеріміз де,
Қанатын қақпай қаршадай басынан
Тай-таласып шетінен —
Он бес жасар кезінен —
Ұстазының ала кетеді бетінен.
Ал, біздің шалдар ше?.. Қытығына тисең,
Тура екім кеседі бетімен.
Олар сіресіп өскен өр болып,
Ешкімнің бетіне де келмейді жел болып,
Кейде, — өкіметке тіл тигізеді асқына,
Егер, оны біреу естісе масқара!..
Жаңалық енгізу жөнінде сөз бастау түгіл
Құдай сақтасын, бірдеме деуден де түңіл...
Жоқ-ау, тіпті ұрсысып беттен тырнайды.
Айтқандары түкке тұрмайды,
Ерегісіп біраз шулап қарайды.
Ақырында түк бітірмей тарайды.
Олардың ішіндегі ұлықтарының тапқан ақылы
Отставкеге шыға қояды ақыры.
Нағыз ақылдылықтан отставкеге шыққан
Мемлекет басшылары!
Мен айтсам, білімді болатын уақыт жетпеген,
Бірақ оларсыз ешбір іс бітпеген.
Ал, әйелдер ше? Оларды билеуге ешкімнің де күші жоқ,
Олар бәріне де тергеуші, ал, оларды тергер кісі жоқ,
Олардың карта ойыны үстінде шығаратын жанжалын не дерсің,
Әйелді болып көрдік қой, тәңірім тек төзім берсін,
Оларды тек команда беру үшін фронтқа, —
Жіберсе, я қатнас деп Сенатқа,
Ирина Власьсвна! Лукерья Алексеевна!
Татьяна Юрьевна! Пульхерия Андреевна!
А, қыздарын көрсең, бас көтермей түсер еді еңсең!
Осында прусс королі келді ұлағатты,
Қыздарды көргенде ол махаббатты, —
Москва тұрқы тыс,
Көркіне емес, мінез-құлқына қызықты парасатты.
Болар ма оман өткен жақсы тәртіп,
Әдемі киініпті киімді артық;
Мағынасыз жай сөзді сөйлемейді,
Үстіне киінгені асыл, барқыт.
Француздар романс айтып әндетеді,
Жоғары нотаны алуға да даусы жетеді,
Шетінен әскери адамға жанаса кетеді,
Өйткені, ол қыздар шетінен патриот.
Шынында сізге сірә айтатыным:
Москвадай астана табу қиын.

С к а л о з у б
Менің ойымша:
Москваның өртенуі көркеюіне көп көмек етті.

Ф а м у с о в
Оны еске түсірудің қажеті қанша,
Жұрт не демейді,
Сонан бері жолдар да, тас төселген көшелер де,
Жада түрге көшті,
Үйлер де көркейіп жаңара түсті.

Ч а ц к и й
Үйлер жаңа, бірақ, пікір ескі,
Қуаныңдар, оны ешбір жылдар мәңгі
Өрт те, және молы да құрта алмайды.

Фамусов (Чацкийге)
Әй, манағы айтқанымды ойыңа түй;
Үндеме дегенім қайда, қиын болып па со да,
(Скалозубқа қарап.)
Міне, менің Чацкий дейтін досым,
Бұл марқұм Ильич Андрейдің баласы,
Өзі еш жерде жұмыс істемейді,
Онан пайда келеді деп те білмейді,
Ал, істейін десе, қолынан іс те келеді:
Ақылына қарағанда жас та болса, бастай,
Әттең, тек жұмыс істемейтіні аянышты,
Аудармаға, жазу-сызуға сондай күшті,
Нағып аямассың, осы сықылды ақылмен...

Ч а ц к и й
Басқа біреуді аясаңыз нетті
Мақтауыңыздың өзі мақтамен бауыздағандай боп кетті.

Ф а м у с о в
Жалғыз мен емес, жұрттың бәрі де осылай мінейді сізді.

Ч а ц к и й
Ал, төреші кім? Көне заманнан бергі қалпынан
Олардың еркіндік өмірге дұшпандығы артылған,
Олардың пікірлері — ескі газеттер сарынынан
Сонау Очаков заманынан
Қырымды бағындырған көздерден алынған.
Балағаттауға әзір тұрады,
Бір айтқан әлеуләйін мың рет қайталайды,
Өздерін өзі байқамайды;
Қартайған сайын малтады.
Үлгі боларлықтай бізге
Туған елдің аталарын көрсетші көзге?
Әлде осы, тонаумен байығандар ма?
Олар қайда?
Өзім қорғап, өзіне қамқор болған,
Сот үкімінен достардың арқасында қалғандар ма,
Үрім-бұтағынан бері
Әдемі сарайлар салған,
Той-думаннан қалмаған.
Шеттен келіп жүріп ескі заманның зымиян белгілерін
Көзге ілмейтін сұрқия жандар ма?
Түсті ас, кешкі ас уағында,
Би билер шағында, —
Бұл Москвада кімнің аузына тыйым салынбады?
Мені сіз бала күнімнен сондай кісілерге тілемеп пе едіңіз
Әлдеқандай бір түсініксіз оймен
Соған мені тәжім еткізіп баулымаған ба едіңіз?
Оларға мойныңда қарызы барларды
Уақытында төлемесе қысып бақты.
Ол, барлық әдемілікті, махаббатты,
Ақырында біріндеп ақшаға сатты!!!
Міне, шаш ағарғанша өмір сүрген кәрілер!
Басқа адам болмаған соң біздің бас иетін серілер!
Міне біздің сыншыларымыз да, төрешілеріміз де осылар.
Ал енді, жан-тәнімен ескілікке қастардан
Шығар біреуі біздің осы күнгі жастардан:
Ол жастар орын талап етпейді,
Чин, шекпенді де тілемейді,
Бұл жастардың зейіні өткір ұғуға, жаны да құмар ғылымға,
Сұлулықтың шынын да, көркем өнердің сырын да
Ұғу үшін оларды тәңіріңіз өзі-ақ отты қылып жаратқан.
Ал, аналар: таландық-ертең деп шулайды жан-жақтан!
Олардың ойынша жастар: қиялшыл, қауыпты жан!
Мундир! Тек қана мундир! Олардың ескі салтында,
Мундир деген бір кездегі кестеленіп тігілген жамылғы,
Олардың сезімсіз жанымен шолақ ойлары
Мундирмен ғана жабулы.
Олардың соңын ала шыққан бізге де жолы ашық!
Әйелдеріміз де, қыздарымыз да әлі сол мундирге ғашық!
Мен солардың мундирінен, нәзіктігінен
Жақында ғана босандым, безіп қашып.
Мен енді ол балалыққа жуымаспын шатасып,
Ол кезде оған кім қызықпады құшақ ашып?
Гвардиядан, қазіргі анау сарайдан
Біреу келе қалса қаумалап
Әйелдер айқай салады: — уралап,
Желбегейлерін аспанға атады жамырап.

Фамусов (өзіне-өзі)
Бұл енді мені бір пәлеге кездестіреді, (қатты дауыстап)
Сергей Сергеич, мен кетемін,
Сізді кабинетте күтемін (кетеді).

АЛТЫНШЫ КӨРІНІС

Скалозуб, Чацкий

С к а л о з у б
Маған осы жайындағы сөзіңіз,
Әсіресе Москваның ұғымы туралы
Өте шебер айтқан жеріңіз ұнайды.
Олардың жаны сүйетін гвардияларына, гвардиондарына,
Олардың алтынына, кестесіне күн көргендей
Таңырқайтынын дұрыс айтып бердіңіз.
Ал, бірінші армияның кем қалған жері бар ма?
Кемшілігі неде?
Қынай белді, сымбатты ғой бәрі де:
Тіпті офицерлердің кейбіреулері
Французша да сөйлей білетін көрінеді.

ЖЕТІНШІ КӨРІНІС

Скалозуб, Чацкий, София, Лиза.

София (терезеге қарай жүгіреді)
Аһ! Тәңірім-ай! Құлады, өлді! (Есі кетіп қалады.)

Ч а ц к и й
Кім,
Кім ол?

С к а л о з у б
Кімге бәле келе қалды?

Ч а ц к и й
Бұл талып кетті ғой шошығаннан!

С к а л о з у б
Кім дейді? Қайдан?

Ч а ц к и й
Бірдемеге соғылып қалды ма?

С к а л о з у б
Әлде, біздің шал жазатайым болды ма?

Л и з а
(Бойжеткеннің қасында асып-сасып жүр)
Тағдырдың жазғанынан кім құтылмақ,
Аяғын үзенгіге салғаннан-ақ,
Арындап астындағы аты тулап,
Молчалин қазір әне ұшып түсіп,
Шаншылып төбесінен жатыр құлап.

С к а л о з у б
Тізгінін тежеп ұстаған ғой,
Өзі де бір ат үстіне қолапайсыз неме екен.
Аш бүйірінен құлады ма екен, әлде етпеттей сұлады ма екен?
Байқалық, қалай құлап қалды екен? (Шығып кетеді.)

СЕГІЗІНШІ КӨРІНІС

Скалозуб жоқ, басқасы бұрынғылар.

Ч а ц к и й
Бұған не істеу керек? Айтсаңшы тезірек.

Л и з а
Ана бөлмеде су тұр еді.
(Чацкий жүгіріп суды алып келеді; София есін жиғанша бәрі де жайлап сөйледі.)

Л и з а
Бір стакан құйыңызшы.

Ч а ц к и й
Құюлы тұр.
Түймелерін ағытыңыз,
Самайын сірке сумен сүртіңіз;
Су бүркіңіз
Қараңыз, еркін дем ала бастады,
Немен желпиміз?

Л и з а
Міне, желпігіш.

Ч а ц к и й
Терезеге қара,
Молчалин тұрыпты ғой әні!
Бикеш ермек таба алмағандықтан үрейленеді.

Л и з а
Иә, бойжеткеннің нәзік сезімі,
Біреу омақаса құлап жатқанда
Көріп тұруға жетпейді ғой төзімі.

Ч а ц к и й
Су бүркіңіз тағы да,
Міне, солай, тағы, тағы да.

София (ауыр күрсініп, дем алып)
Кір бар жанымда?
Түсім бе, әлде, өңім бе? (Асығып дауыстап.)
Қайда ол? Не болған оған? Айтшы маған.

Ч а ц к и й
Мойнын үзіп алса да мейлі,
Сізге жазым ете жаздады ғой тегі!

С о ф и я
Өлгенше салқын сезімді жан екенсіз өзіңіз!
Сізге қарау түгіл, сөзіңізді тыңдауға да дәрменім қалмаған

Ч а ц к и й
Сол үшін бұлан-талан бол дейсіз бе маған?

С о ф и я
Жүгір, бар, ұш, жәрдем етуге тырыс оған.

Ч а ц к и й
Онда сіз жалғыз қалмайсыз ба көмексіз?

С о ф и я
Сіз маған неге керексіз?
Иә, дұрыс-ақ: өз басыңыз аман болған соң сіз үшін бұл ермек қой.
Саған әкең өлсе де бәрібір.
(Лизаға.)
Сонда баралық, жүгір, жүр.

Л и з а (Софияны шетірек алып кетеді) (София терезеден үңіледі.)

Ч а ц к и й
Асқан, сасқан! Жан таласқан! Естен танған! Ренжіген, шошыған!
Тап осылай болатынды қашаннан —
Жан дегенде жалғыз ғана айырылса егер досынан.

С о ф и я
Көтере алмайды қолын да, келе жатыр осында...

Ч а ц к и й
Мен де құласам еді, соныменен қосыла...

Л и з а
Компания үшін бе?

С о ф и я
Жоқ, не ойласаңыз, сол үшін.

ТОҒЫЗЫНШЫ КӨРІНІС

София, Лиза, Чацкий, Скалозуб, Молчалин (қолын таңып алған.)

С к а л о з у б
Сауықты, денесіне зақым болмаған
Жай, қолы жеңіл ғана жараланған,
Шошуымыз бекер екен манадан.

М о л ч а л и н
Мен сізді шошытып алыппын. Құдай үшін кешіре көріңіз, бауырым.

С к а л о з у б
Сіздің жүрегіңіз ұшып кететінін білмей қалдым.
Өзіңіз жалма-жан құстай ұштыңыз, —
Біздің жанымыз түршікті, бір кезде құлап түстіңіз.
Ақырында бәріміз де бостан-босқа шошыныппыз.

С о ф и я (ешкімге қарамастан)
Аһ! Көріп тұрмын, бәрі-дағы жай екен, —
Бірақ, әлі қалтыраймын, неге екен.

Ч а ц к и й (өзіне-өзі)
Молчалинмен тілдеспе!

София (бұрынғыша)
Мен өзім туралы айтсам былай:
Қорқақ емеспін, болады ғой ондай-ондай,
Кей кезде карета құлай қалса:
Оны тұрғызып жөндеп болса
Іркілмей-ақ тарта бергім келеді барынша.
Мені бір заттың тықыры да
Әлде ненің сыбдыры да шошытады.
Онан келетін бір бәле болмаса да — •
Шошимын, неге екенін өзім де білмей қалам.

Чацкий (өзіне-өзі)
Кешірім сұрап тұр онан,
Бір ретте болса біреуді аяған!

С к а л о з у б
Рұқсат етсеңіз, мен айтайын бір хабар,
Княгиня Ласова дейтін осында бір әйел бар.
Атқа жүрдек, тұл қатын,
Онымен жарыса қоятын
Қасында көп кавалер де болмайтын,
Сол әйел жақында күл-талқан боп аттан құлапты
Шыбын санап жүргендей
Қасындағы атшысы да демей алмай қалыпты.
Өзі де қолапайсыз неме денесін ұстай білмейді
Сол құлағаннан оның қабырғасы күйрейді,
Енді сүйейтін күйеу іздеп жүр дейді.

С о ф и я
Аһ, Александр Андреич, міні,
Жүрегіңіз ақкөңіл, ізгі екен,
Жақын-жараныңыз бақытсыздыққа ұшырағанда,
Жаныңыз төзбейді екен.

Ч а ц к и й
Мен сізге жаным ашитындығын
Міне, осы жерде көрсеттім;
Сізге су бүріктірдім,
Денеңізді де сүртті,
Оның кім үшін істегенімді өзім де ұқпадым,
Бірақ, сіздің жаныңызды алып қалдым.
(Қалпағын алып кете бастайды.)

ОНЫНШЫ КӨРІНІС

Чацкийден басқасының бәрі бұрынғылар.

С о ф и я
Сіз, кешке бізге келесіз бе?

С к а л о з у б
Қалай, ерте келу керек пе?

С о ф и я
Әрине, дос-жарандар ерте келеді әлбетте.
Фортепьяноға билеу керек те,
Біз қайғылымыз ғой, бал беруге болмайды.

С к а л о з у б
Келейін, әкейге кіріп шығуға уәде байлаған едім,
Бас иемін!

С о ф и я
Қош болыңыз.

С к а л о з у б (Молчалиннің қолын қысып қоштасады)
Құлдығыңыз болайын (шығып кетеді.)

OН БІРІНШІ КӨРІНІС

София, Лиза, Молчалин

С о ф и я
Молчалин! Ойлағанымдай-ақ аман қалғаныңызды көресіз бе!
Сіздің өміріңіздің маған қымбат екенін білесіз бе?
Өмірмен абайсыз ойнау неге қажет еді?
Айтыңызшы, қолыңыз қалай?
Сізге дәрі берсем бе екен? Дем алсаңыз нетті?
Доктор шақыртайын, елемеуге болмайды тіпті.

М о л ч а л и н
Орамалмен таңып алдым, содан бері ауырмайды.

Л и з а
Бәстесемін, олай деуге болмайды,
Өзіңізге лайық емес десем де,
Қолыңызды таңасыз несіне,
Әйтпесе ол сөз болады, сөз қылатын кісіге:
Мұны жұртқа Чацкий күлкі етеді,
Скалозуб та шоқтығын дүрдитеді,
Талып қалғаныңды жүз есе асыра айтып бүлкектейді,
Бесін айтудан бүйрегі бүлк етпейді,
Ол өзі, тіпті, әсірелегіш,
Осы күні кімді-кім күлкі етпейді!

С о ф и я
Мен, — олардың қайсысын ұнатам?
Сүйгім келсе сүйем, айтқым келсе айтам.
Молчалин! Сонда шыбын-шіркей болмадың деп кім айтар маған!»
Сіз кіргенде аузыма келген сөзді айта алмағам.
Сізден бір сөз сұрауға да, сізге қарауға да,
Олардың алдында — мен бата алмағам.

М о л ч а л и н
Жоқ, София Павловна, сіз — ашықсыз барынша.

С о ф и я
Сырды бүгіп отыра алма мен онша!
Сізге терезеден секіріп түсіп барғым келіп еді мүлде,
Дүниеде, я біреуде, я елде менің жұмысым не?
Күлсе күле берсін!
Мейлі, мазақтасын, тіпті ұрысса-ұрыссын.

М о л ч а л и н
Осы ақ көңілділігіңіз өзіңізге зиянға шығып жүрмес пе екен?

С о ф и я
Сізді шынымен-ақ дуэльге шақырар ма екен?
М о л ч а л и н
Ах! Зымиян тілдің ұшы мірдің оғынан да күшті.

Л и з а
Мм! Енді олар әке-тайының қасында,
Әлгіде сіз жарқын жүзбен кенет есік ашып қалғанда
Бізге бір сөз айтуына да болмайтындай,
Не тілесек соған нанатындай, —
Олармен бірге Александр Андреич
Өткендегі істеген сұмдықтарын айтып ортаға салған,
Ол — екі ауыз сөз айтса да күлімдеп жымия қалған,
Ғашық адам неден тайынған.

М о л ч а л и н
Сізге пәлен деп ақыл айтуға батылым бармайды.
(Қолынан сүйеді.)

С о ф и я
Тілесеңіз, бетімді жаспен жуып отырып сырласуға аянбаймын,
Бірақ, жорта мүләйімсімеуге төзе алмаймын.
Осыдан Чацкийді неге келтірді екен құдайым!

ОН ЕКІНШІ КӨРІНІС

Молчалин, Лиза

М о л ч а л и н
Сіз бір көңілді жаратылған жан екенсіз

Л и з а
Жіберіңіз, менсіз де, сіздер екеусіз.

М о л ч а л и н
Неткен сұлу реңің!
Сені сонша сүйемін!

Л и з а
А, бойжеткеніңізді?

М о л ч а л и н
Оны міндетім бойынша, ал, сені.,.
(Құшақтағысы келеді.)

Л и з а
Еріккендіктен ғой, қалпыңыз...
Жалынамын, қолыңызды тартыңыз!

М о л ч а л и н
Менде бір үш зат бар,
Шебер қолмен жасалған туалет,
Оның сырты да, іші де айнадан,
Айнала оның бунағы алтындайын жайнаған;
Құндақшасы асыл тастай жарқылдай,
Ақық салған сауыты да алқадай,
Қобдишасы ине, жіп пен пышақтың
Асылдығын дәл інжуге ұқсаттым!
Тағы да бар ерін бояр бояуы,
Оны өзгеге де пайдалануыңызға болады,
Әтір де әзір жұпар атқан исімен,
Шыныда тұр, резеда-жасмин.

Л и з а
Білсеңіз, мен ондайға қызықпаймын, алаңсыз,
Бірақ, айтыңызшы, өзіңіз,
бикеш алдында ұяң,
Маған келгенде неге жылмақ?

М о л ч а л и н
Бүгін сырқатпын ғой, таңғанымды шешпеймін;
Түскі тамаққа келіңіз, отырайық өзіміз,
Сонда бар шынымды айтайын, түсінерсіз өзіңіз!

ОН ҮШІНШІ КӨРІНІС

С о ф и я
Әкетайымда болып ем, онда ешкім жоқ басқа
Бүгін сырқаттау, бармаймын асқа
Молчалинге, мен айтты дерсін:
Бүгін менімен жүз көрісуге келсін.
(Шығып кетеді.)

 

ОН ТӨРТІНШІ КӨРІНІС

Л и з а
Апыр-ай! Бұл жақтың адамдары қалай еді!
Бұл оны сүйеді, ол мені сүйеді;
Ал, мен, сүю дегенмен өлгенше қорқамын!
Бірақ, буфетші Петрушканы қалай сүймей отырамын!

 

Екінші перденің соңы.

ҮШІНШІ ПЕРДЕ

БІРІНШІ КӨРІНІС

Чацкий, сонсоң София.

Ч а ц к и й
Күтем, шынын айтқызбай қойман,
Скалозуб пен Молчалиннің
Қайсысы ұнайды екен оған?
Молчалин бұрын соншалық есалаң,
Бейшара адам еді жаратыла салған!
Қазір ақылды бола қойды дейсіз бе?..
Анаусы — қырылдақ, нағыз зымиян;
Маневр мен мазуркенің шоқ жұлдызы!
Сүю тағдыры, қызға жасырынбақ ойны тәрізді.
Ал, маған...
(София кіріп келеді.)
Сіз мұнда ма едіңіз? Мен бұған өте қуанам.
Тілегенім де осы еді манадан.

София (өзіне-өзі)
Мүлде сәтсіз душар болғам.

Ч а ц к и й
Әрине, мені іздеп келмеген шығарсыз?

С о ф и я
Мен сізді іздеген де емеспін.

Ч а ц к и й
Бұл жолы білуім. де керек емес тым,
Әйтсе де, білуге болмас па маған?
Сізге кім ұнаған?

С о ф и я
Уа, тәңірім! Барлық ғалам.

Ч а ц к и й
Әйтсе де, көбінесе кім ұнайды?

С о ф и я
Ұнатарым көп. Әсіресе, туғандарым...

Ч а ц к и й
Менен артық көресің бе соның бәрін.

С о ф и я
Басқа.

Ч а ц к и й
Барлығы шешіліп қойған болса, мен несіне ұмсынам?
Бұл үшін мен жан таласам, ал, ол күле қарайды осыған.

С о ф и я
Тыңдайсыз ба? Екі-ақ ауыз сөзім бар,
Біреудің сол ғана, тек міні болса,
Мазақтамай төзе алмайсыз осынша,
Ал, сіз өзіңіз...

Ч а ц к и й
Мен бе? Шынында, күлкінің адамы емеспін бе мен?

С о ф и я
Иә, қаһарлы мінез, өткір рең.
Ондай ерекшелігіңіз де түпсіз терең.
Ал, үске төнген қаһар тіпті пайдасыз дер ем.

Ч а ц к и й
Мен сұмдық адаммын ба? Сонда сұмдық емесің кім тегінде,
Сұмдық емесің, — ақымақтарға ұсаған
Мысал ы, Молчалин бе?

С о ф и я
Жаңалық емес маған мысалдарың
Жұртқа әзірсіз шашуға удың зәрін;
Ал, мен сізге бөгет болып не етемін,
Сондықтан да, осы жерден кетейін.

Чацкий (оны ұстайды)
Тоқтаңызшы! (Басқа жаққа қарап) бір рет мүләйімсіп көрейінші
(Дауыстап) қоялық ерегісті,
Молчалин алдында кінәлімін.
Үш жыл бұрынғы қалпынан, өзгерген шығар о да бүгін.
Өзгеріс деген мүмкін ғой жер жүзінде,
Әкімшілік орны, ауа райы да өзгермек әрбір кезде,
Өзгереді адамның мінезі де;
Бағзы бір маңғаз адамдар жорта ақмақ боп талады,
Кейбіреулер — әскери боп аталады;
Кейбіреулер — құр жаман ақын сымақ, —
Кейбірінің атын атауға да жасқанам,
Сонда да олар бүкіл әлемге паш болған,
Әсіресе, соңғы кездерде
Ақылдылар көбейді ғой біздерде.
Ал, енді мейлі, Молчалиннің ақылында —
Өткірлік, данышпандық, бола-ақ қойсын,
Ол өзі сіз дегенде, сізден басқа әлемнің бәрін ұмытып,
Оның жүрегінің әрбір соғысы да
Сізге махаббат лебімен соға ала ма?
Бар ойын, бар тынысын, бар жұмысын
Жан-тәнін сізге құрбан қыла ала ма?
Ондай құштарлық? Ондай сезім? Ондай жалын —
Бар ма онда?
Өзім сезем, осыны айта алмаймын,
Ішім өрт, сыртым түтін, байқалмаймын,
Ол дертті досым түгіл қасыма да тілемеймін.
Ал, ол үн қатпастан басын иіп,
Отырады да қояды болып бұйық,
Оның миына мәңгілік не толтырылып қойғанын
Кім білсін, ол бір жұмбақ,
Оны ақылды етем деп азаптанып
Тағы не ойлап жүргеніңізді кім ұғынбақ.
Мүмкін, бойыңыздағы өлшеусіз біткен қасиетті алаңсыз, —
Сүйгендіктен соған берген де шығарсыз.
Оның өзі түк күнәсіз адам,
Жүз есе артық күнәсіз емессіз бе сіз одан,
Жоқ, тіпті, соның ақылы сағат сайын есін,
Сонда да, ол сізге тең бола ала ма?
Олай болса, алаңсыз-ақ үмітім үзіліп бітсін.

С о ф и я
Бекер: мұның бәрі басқа адамға тән мінез
Егер аз уақытқа болса да Молчалинге болсаңыз кез,
Оның іш пыстырмайтынын білер едіңіз сіз.

Чацкий (қызып)
Оны сіз неге сонша келте білдіңіз?

С о ф и я
Мен, тілемесем де: құдайдың өзі қосты;
Ол өзі үй ішінен тапты досты,
Ол үш жыл әкетайымның қамқорлығында жұмыс істеді,
Бірақ, оған әкей талай рет босқа ұрсып еді,
Әкеме ол, — ұрысса да үндемейді,
Оны үндемей жеңеді,
Жаны езгі болған соң кешірді.
Ол, үлкендердің жанынан шықпайды.
Сауықты сүйген де ол сүйсін,
Бірақ, қолы қайдан тисін!
Асыр салып, мәз боп құптайтын біз ғой ондайды.
Ол ұзақ күнге шалдармен болады.
Көңілді болса да, көңілді болмаса да ойнайды...

Ч а ц к и й
Күні бойы ойнайды!
Ұрысса, үндемейді. (Бір жаққа қарап)
Сірә, оны бұл тәуір көрмейді.

С о ф и я
Әрине, онда онша даналық та, ақылдылық та жоқ,
Кейбіреулерге даналық не, даналықты —
кейбіреулер жұқпалы аурудай көреді.

Ч а ц к и й (Басқа жаққа қарап)
Ойнап айтады, оны бұл сүймейді. (Дауыстап)
Молчалиннің сипатын жеткізе суреттеуге
Көмектескім келеді,
Ал, Скалозуб шы? Оны жұрттың бәрі біледі,
Әскер десе, талабы таудай құрыстайды,
Өзі тұлғасын тік ұстайды,
Геройға, тек, дауысы мен беті ұқсайды...

С о ф и я
Ондайлар менің романымның геройына ұштаспайды.

Ч а ц к и й
Сіздің романның геройына ұштаспай ма?
Сізді кім ұғар.

ЕКІНШІ КӨРІНІС

Чацкий, София, Лиза.

Лиза (сыбырлап)
Бикеш, сізге қазір
Алексей Степаныч келеді.

С о ф и я
Ғафу етіңіз, менің тез кетуім керек еді.

Ч а ц к и й
Қайда?

С о ф и я
Парикмахерға.

Ч а ц к и й
Мейлі, пе болса, о болсын.

С о ф и я
Шымшуыр сымдары суып кетеді,

Ч а ц к и й
Мейлі...

С о ф и я
Кідіруге болмайды, кешке қонақ күтуші ек.

Ч а ц к и й
Тәңіріде тапсырдым, тағы қалам, ем таба алмай жұмбаққа,
Ұлықсат ет кіруге тек жасырынып аң жаққа,
Үйдің жары, қош иісті ауасы да әдемі,
Бөлмеңізге енгізіңіз, біраз ғана минутқа,
Қайта оралмас күндерді еске түсіріп,
Ол мені, ашындырып, мінгізеді қайратқа!
Көп отырма, екі-ақ минут өлшенсін,
Ойлағайсыз, ағылшынның клубының мүшесін.
Молчалиннің ақылы мен Скалозубтың жүрегін
Сонда отырып ұзақ күнге жыр қып айтып көрейін.

(София таңғалған пішінмен иығын шошаң еткізіп, өз бөлмесіне кіріп кетіп, есікті жауып алады, оның артынан Лиза кетеді.)

ҮШІНШІ КӨРІНІС

Чацкий, сонан соң Молчалин келеді.

Ч а ц к и й
Ой, София ай Молчалинді қалай ұнатты осы қыз!
Бірақ, бұл күйсу болуға жарамай ма?
Тек қана ақылы аз;
Демек,
Балалы болу үшін,
Қалма ақыл керек.
Өңі шырайлы,қызметкер, өзі ұяң.
(Молчалин кіріп келеді.)

М о л ч а л и н
Жоқ, әркімнің де өзіне тән дарындылығы болады ғой...

Ч а ц к и й
Сіздің қабілеттілігіңіз қандай?

М о л ч а л и н
Менде екеу.
Ұстамдылық және ұқыптылық.

Ч а ц к и й
Екеуі де тамаша екен!

М о л ч а л и н
Шен-шекпен тимеген бе, ісіңізде болды ма әлде қапылық,

Ч а ц к и й
Чинді адам бермес пе,
Адамның алдануы да мүмкін емес пе?

М о л ч а л и н
Біздің сіздің мұңыңызға таңғалдық!

Ч а ц к и й
Таңданарлық не қылдық?

М о л ч а л и н
Сізді аяған едік.
Босқа кеткен ғой

Ч а ц к и й
Оны мен өмірі көрген адамым ба!
Бірақ оның сұғанақ әйел екені хабарымда.

М о л ч а л и н
Мұныңыз дұрыс бола қояр ма сонда?
Татьяна Юрьевна!!! Әйгілі адам,
Жұмыста жүрген чиновниктердің
Бәрі де оған дос-жаран, бәрі-дағы туысқан,
Татьяна Юрьевнаға ең болмаса бір рет,
Барып жолығып қайтуыңыз керек.

Ч а ц к и й
Неге? Не үшін?

М о л ч а л и н
Ол бізге қамқорлық ететін адам.

Ч а ц к и й
Мен қамқорлық үшін емес, әйелдер үшін барам.

М о л ч а л и н
Күтімпаз! Сонша езгі! Тамаша,
Бал берсе, байлыққа онан кім асады,
Бір мейрам мен бір мейрам ұласады,
Жаздағы мерекені бақшада өткізгені де жарасады,
Шынында, сіз жұмысты Москвада істесеңіз қайтеді?
Сонда, наградтар алуға да, көңілді тұруға да қол жетеді.

Ч а ц к и й
Іс істесем, думаннан қашам,
Тентектік керек болса, тентектікке де басам.
Осы екеуінің басын
Қосушылар көп-ақ
Бірақ ондайлардан мен аулақ!

М о л ч а л и н
Кешіріңіз, онда қандай қылмыс бар?
Айтпақшы, танушы ма едіңіз, мұнда Фома Фомич бар?

Ч а ц к и й
Болса ше, мұныңыз не мәніс бар?

М о л ч а л и н
Үш министрде бөлімнің начальнигі болған,
Сонан соң мұнда жұмысқа ауған.

Ч а ц к и й
Бірақ, бос қуыс адам, нағыз барып тұрған миғұла надан.

М о л ч а л и н
Қалайша? Оның жазуын осында үлгі етіп жүр ғой?
Сіз оқыдыңыз ба?

Ч а ц к и й
Мен ақымақтарды оқығыш емеспін,
Үлгілі дегендеріңді онан әрі елемеспін.

М о л ч а л и н
Жоқ, оның бір жазғанын оқығанымда маған ұнаған.
Мен жанымнан ойлап шығарма...

Ч а ц к и й
Я, оныңыз көрініп тұр, айқын да.

М о л ч а л и н
Батылым бармайды ғой пікірімді көтере айтуға

Ч а ц к и й
Неге, ол не деген құпия?

М о л ч а л и н
Мұндай жастағы кезде,
Пікір айтуға мүмкін бе бізге.

Ч а ц к и й
Кешіріңіз, жанбыз ба, сіз бен біз бала дерлік,
Өзгенің пікірін әулие тұту неме керек?

М о л ч а л и н
Өзің басқаға
Тәуелді болуың керек.

Ч а ц к и й
Ол не үшін қажет?

М о л ч а л и н
Біздің мәртебеміз жоғары емес қой.

Чацкий (дауыстап)
Осындай сезімі бар, осындай жаны сүлде
Адам да сүйікті болмақшы мүлде.
Қап, мына қыз күлкі қып жүргенін көрдің бе!
Қалай зуылдайды! Неткен секек!
Ал, София қайда кетті екен?
Оған біреу-міреу күйеу болып
Келіп отырған жоқ па екен?
Қашанғы жатқа санай бермек осылар?
Ол қалайша келмес екен осында!..
Әкесінің есі қалмай жүрген Скалозуб дейтіні кім екен?
Қызы емес, елпілдеп жүрген тек бұл ма екен?
Аһ, үш жыл бойы жүрген жанға шет жерде,
Ғашықтықтың оты сөніп бітті де.

ТӨРТІНШІ КӨРІНІС

Кешкі сауық

Софияның жататын бөлмесінен өзге барлық есік ашық, бірте-бірте соңынан шам жанған әлденеше бөлмелер ашылады. Күтуші слугалар жанталасып жүгіреді. Олардың басты біреуі сөйледі.

Әй, Филька, Фомка, ал, шапшаң!
Карта ойнауға столдар, щетка, шам әкеліңдер!
(Софияның бөлмесінің есігін қағады.)
Шапшаңырақ, бойжеткенге білдіріңіз,
Лизавета, Наталья Дмитриевна
Күйеуімен келді деңіз,
Тағы бір ат-арбалы есікке төнді деңіз.
(Тарап кетеді, жалғыз Чацкий қалады.)

БЕСІНШІ КӨРІНІС

Чацкий және Наталья Дмитриевна (жас келіншек)

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Қателеспеген шығармын! Кескіні ұқсайды дәл өзіне
Аһ! Александр Андреич, сіз нағыз өзіңіз бе?

Ч а ц к и й
Шүбәләніп қарайсыз басым мен аяғыма,
Үш жылда өзгеріп-ақ қалғаным ба?

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Москвадан сізді шалғай шығар деп ойлаған едім;
Келгеніңізге көп болды ма?

Ч а ц к и й
Жаңа ғана...

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Ұзақ уақытқа ма?

Ч а ц к и й
Ретіне қарай.
Сізді көріп кете алар кім таңғалмай?
Жасарып, шырайланып кетіпсіз ғой!
Толығыпсыз, қағылез емессіз бұрынғыдай,
Толыпсыз оттай, жанып, нарттай балқып,
Бейнеңізден наз, әзіл құйылғандай.

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Мен күйеуге шыққам.

Ч а ц к и й
Ертерек айтсаңыз етті!

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Күйеуім өте әдемі, қазір келеді,
Тілесеңіз, таныстырайын сізді?

Ч а ц к и й
Тілеймін.

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Күн бұрын-ақ білемін,
Сізге оның ұнарын,
Көріңіз де, сынаңыз!

Ч а ц к и й
Сіздің күйеуіңіз болған соң-ақ, айтқаныңызға сенемін.

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
О, жоқ, ол үшін емес,
Өзіне сай ақылы мен санасы;
Менің Платон Михайловичимнің сонша артық бағасы!
Қазір отставкеде, бұрын әскери адам болған.
Я, солай елге әйгілі бұрыннан
Оған біткен ерлік пенен зор талант.
Осы кезге дейін жұмыс істесе
Болар еді Москваға комендант.

АЛТЫНШЫ КӨРІНІС

Чацкий, Наталья Дмитриевна, Платон Михаилович

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Міне, біздің Платон Михайлович.

Ч а ц к и й
Мәссаған!
Ескі дос, бұрыннан таныс, мына тағдыр деген!

П л а т о н М и х а й л о в и ч
Аман жүрмісің, Чацкий туған.

Ч а ц к и й
Лагерьдегі ішуді, жолдас-жораларды ұмыттың ба?
Әлде, бұйығып, жалқау тарттың ба?

П л а т о н М и х а й л о в и ч
Жоқ, бір өнер ұстадым,
Флейтеге дуэт қосамын, —
Мольный...

Ч а ц к и й
Бес жыл бұрынғы үйренген өнерің бе?
Тастамапсың дағдыңды,
Еркектерге бәрінен сол қадірлі!

П л а т о н М и х а й л о в и ч
Шырағым, үйленсең, мені есіңе аларсың.
Сен де ішің пысып бір ермек табарсың.

Ч а ц к и й
Іш пысқандықтан! Қалайша?
Әйелден іш пыса қоймас деймін.

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Менің Платон Михайловичым әзірге жоқ әртүрлі жұмысқа да бейім.
Білімге, әр нәрсені көруге, — манежге құмар еді.
Осы күні кейде ертеңгі мезгілде іші пысады енді.

Ч а ц к и й
Ал, сүйікті достым, думаныңа жол босын?
Полкке, эскадронға береді ғой; сен өнер мен штабтың қайсысын?

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Біздің Платон Михайлочтың денсаулығы нашарлаған.

Ч а ц к и й
Денсаулығы нашарлаған! Қашаннан?

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Өнебойы ревматизм және басы ауыратын болған.

Ч а ц к и й
Москваны, қаланы... Сені енді не дерсін!
Ал, бұрынғыңды білемісің?

П л а т о н М и х а й л о в и ч
Я, туған, енді олай емеспін.

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Аһ, жан досым!
Мұнда сондай салқын, дәрменім де бітті,
Сонша жайылып, неге ағыттың жел етті.

П л а т о н М и х а й л о в и ч
Мен, бауырым, бұрынғы мен емеспін...

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Жарқыным, бір ретте болса тілімді алшы,
Тезірек түймеңді салшы.

П л а т о н М и х а й л о в и ч
Қазір.

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Есіктен аулақ отыр,
Арқаңнан жел соғып тұр.

П л а т о н М и х а й л о в и ч
Мен енді, шырағым, бұрынғы мен емеспін...

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Періштем, тәңірі тілеуіңді берсін,
Тек есіктен аулақ!

П л а т о н М и х а й л о в и ч (көкке қарап)
Ой, тоба!

Ч а ц к и й
Ал, енді олай болса тәңірің білсін,
Аз мезгілде-ақ өзгеріп үлгергенсің!
Өткен жылы-ақ мен сені көрмеп пе едім,
Сонда сен полкте жүрмеп пе едің?
Таң атса-ақ үзенгіге аяқ шіреп,
Көк айғырдың үстінде құстай зымырап,
Кергенмін. жүргеніңді бірнеше рет
Өкпек жел алды-артыңнан бірдей зулап.

П л а т о н М и х а й л о в и ч (күрсініп)
Ай, туысқан-ай, өтті ғой ол қызық шақ!

ЖЕТІНШІ КӨРІНІС

Бұрынғылар және князь Тугоуховский, княгиня алты қызымен.

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а (нәзік дауыспен)
Князь, Петр Ильич, княгиня! Құдай-ау!
Княжна Зизи! Мими!
(Естірте сүйісіп, отырысады, онан соң басынан аяғынадейін біріне-бірі қарайды.)

1-қ н я ж н а
Фасоны қандай әдемі!

2-к н я ж н а
Қалай әсем бүрмеленген!

1-к н я ж н а
Өн бойы шым жібекпен күлтеленген.

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Жоқ, егер, менің атлас көйлегімді көрсеңіз — етегі дөңгеленген!

3-к н я ж н а
Менің шәлім қандай десеңізші, бөлем сыйға берген!

4-к н я ж н а
Я, ол бір асыл, қолға түспейтін некен-саяқ.

5-к н я ж н а
Ойпырым-ай, ол әдемі, тіпті ғажап!

6-к н я ж н а
Аһ, сүйкімді, сондай нәзік!

К н я г и н я
Тыс! — Біз кіргенде бұрыштап кім иілген?

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Ол — Чацкий жаңа келген.

К н я г и н я
Жұмыстан шығып қалған ба?

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Я, дүниені кезіп, жақында ғана оралған.

К н я г и н я
Және, бойдақ па?

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Я, үйленбеген адам.

К н я г и н я
Князь, князь мұнда келші, жылдам!

К н я з ь
(құлақ түтігін со лай бұрып)
Я, һм!

К н я г и н я
Әне, ана тұрған Наталья Дмитриевнаның танысы. Шақырыңыз бейсенбіде бізге келсін сол кісі.

К н я з ь
Я, һм!
(Кетіп барып Чацкийдің қасынан ұршықтай үйіріліп, жөтеле бастайды.)

К н я г и н я
Міне балалық деген сол енді!
Оларға керегі бал, ал кәрия сен тәжім етіп
сергелдең боласың мүлде.
Өте сиреп кетіп еді бишілер де...
Ол өзі камер-юнкер ме?

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
Жоқ!

К н я г и н я
Бай ма?

Н а т а л ь я Д м и т р и е в н а
О, жоқ, байлық қайда!
Княгиня (барынша дауыстап)
Князь, князь, шегініңіз!

СЕГІЗІНШІ КӨРІНІС

Бұрынғылар және Граф Хрюминдар, қарт әжесі мен немересі.

Графиняның немере қызы
Аһ, әже! Соншама ерте кім келуші еді, Бұрын келгені біздер!
(Бір бүйірдегі бөлмеге кіріп ғайып болады.)

К н я г и н я
Міне, бізге құрметтер! Міне, алдымен-ақ келдік, бізді біреу келді деп те елер емес, Қыздардың ішінде үнемі сұмдық жатады, тек тәңірім өзің кеш.

Графиняның немере қызы
(Қайтып келіп, Чацкийге лорнетпен яғни қос мүйіз көзілдірікпен қарайды.) Чацкий! Сіз Москвадасыз ғой! Бұрынғы қалпыңыз ба?

Ч а ц к и й
Бұрынғы болмай несіне өзгерейін?

Графиняның немере қызы
Бойдақ қалпыңызда қайттыңыз ба?

Ч а ц к и й
Кімге үйленейін?

Графиняның немере қызы
Шет жерде жүргенде кімге деріңіз бар ма?
О, мысалды алыстан алмай-ақ, бізден алса да болады,
Онда үйленеді, құда түсіп тойлайды.
Және біздерді модылы дүкендердің шебер әйелдерімен
Жақындастырмай да қоймайды.

Ч а ц к и й
Бишаралар! модыға еліктегіш әйелдердің
Мін тағуын естуге міндетті ме екен!
Әлде бұл олардың —
Көшірмесіне қарағанда оригиналын артық көргендігі ме екен?

ТОҒЫЗЫНШЫ КӨРІНІС

Бұрынғылардың үстіне көп қонақтар, Загорецкий де бар, еркектер келіп жатыр, сенделіп жүріп, бір бөлмеден екінші бөлмеге кіріп-шығып жүр. София өз бөлмесінен шығады,барлығы оны қарсы алады.

Графиняның немере қызы
Ә, қайырлы кеш! Ақыры келдіңіз бе сіз де?
Асығыс емес шығарсыз, күткен кезде
Қызықты шарапатыңыз тиер бізге

Загорецкий (Софияға)
Ертеңгі спектакльге билетіңіз бар ма?

С о ф и я
Жоқ.

ОНЫНШЫ КӨРІНІС

Х л е с т о в а
Алпыс бес жасқа келген адамға
Сүйретіліп жету оңай ма? —
Әрине, қиналдым да.
Менің Покровскіден шыққаныма
Табандаған бір сағат өтті,
Шаршап, әлім де бітті;
Түн — тастай қараңғы
Ішім пысады ғой деп баяғы
Күшігім мен араб қызымды ертіп шықтым,
Оларды тамақтандырайын деп ертіп ем, досым,
Ішкен жоқ еді кешкі асын.
Княгиня, амансыз ба? (Отырады).Сәулем.
Софьюшка, қалайсың, өзің,
Құрмет болуға қалай екен менің арап қызым,
Құныс жауырын, шашы бұйырмасақ,
Өзі ашуланшақ! Мысықтай сақ!
Қандай қап-қара десеңізші! Ұсқынсыз-ақ!
Мұндай ұрпақты да жаратқан ғой тәңірі қалап!
Қыздардың бөлмесінде отыр, құдды жын сияқты;
Шақырайын ба осында?

С о ф и я
Жоқ, басқа бір уақытта болсын да.

Х л е с т о в а
Оларды, кәдімгі аңды көрмеге алып жүргендей алып жүреді дейді дәстүрде,
Мен сондай бір түрік қаласы бар деп естігенім есімде,
Оны маған кімнің тауып бергенін білесің бе?

Антон Загорецкий.
(Загорецкий жұрттың алдына шығып көріне түседі.)
Ол өтірікші, карташы және ұры-қарақшы.
(Загорецкий жоқ болып кетеді)
Оны үйіме жолатпауға да ойлағам.

Кісіні күтуге шебер-ақ, сіңлім Прасковьеге, және маған Арабтың екі баласын жәрмеңкеден тауып алып сыйлаған. Қарта ойнау жылпостығына салдым, сонан сатып алдым дейсің, Әйтеуір, маған сыйлық, тек тәңірім дені де саулық берсін!

Ч а ц к и й
(Қарқылдап күліп Платон Михайловичке қарап.)

Мұндай мақтаудан соң енді оңатын не қалды, Загорецкий де" шыдай алмай жоғалды.

Х л е с т о в а
Мына мәз-мейрам боп тұрғаның кім еді? Шені қандай тегі?

С о ф и я
Мынау ма? Чацкий.

Х л е с т о в а
Ал, ол неменесіне күлді?
Оның несі күлкі? Неге қуанады?
Кәрілікке күлсе күнә болады.
Әлі есімде, сен бала кезіңде онымен би билеп те жүруші еді.
Мен оның кейде аздап құлағын да жұлушы ем.

ОН БІРІНШІ КӨРІНІС

Фамусов (қатты дауыспен.)
Князь Петр Ильичті күтелік,
А, князь мұнда екен ғой!
Мен сурет залында отырып қалыппын, анда,
Сергей Сергеич, Скалозуб қайда? Ә?
Жоқ, ол жоқ сияқты. Ол белгілі адам ғой, сірә,
Сергей Сергеич Скалозуб.

Х л е с т о в а
Жаратқан-ай! Құлағым дабыл қаққаннан бетер кетті тұнып.

ОН ЕКІНШІ КӨРІНІС

Бұрынғылар және Скалозуб, сонсоң Молчалин.

Ф а м у с о в
Сергей Сергеич, тым кешігіп қалдыңыз,
Ал, сізді күттік, күттік, кеп күттік бәріміз.
(Хлестоваға алып келеді.)
Менің қалыңдығым
Оған сіз туралы түсіндіргем барлығын.

Х л е с т о в а (отырып)
Сіз бұрын мұндағы... полкта... болдыңыз да...Ана гренадерде?

С к а л о з у б (жуан дауыспен)
Ноно-землянскийдегі мушкетерде,
Соның құзырында болдыңыз ба, дегіңіз келе ме?

Х л е с т о в а
Мен, ол полктардың айырмасын білмеймін,

С к а л о з у б
Олардың формасы әр түрлі болады,
Мундирлерінде погон, және петлі тағылады.

Ф а м у с о в
Ал, мен сіздерді айда барған соң күлдірермін, жүріңіз;
Бізде бір ірі ойын бар, князь бізбен бірге болыңыз.
(Оны және князьды өзімен бірге алып жүреді.)

Х л е с т о в а (Софияға)
Әй! Мен, дұрысын айтқанда дұзақтан құтылғандай боп тұрмын;
Сенің әкеңнің есі шала-жансар ғой деймін,
Бір ұзын тұраны алып келіп таныстырып болмайды,
Мен оны ұнатам ба, жоқ па? Оны есіне де алмайды.

М о л ч а л и н (оған карта әкеліп ұсынады).
Мен карта ойнайтын партияңызды ыңғайладым: мосье
Көк, Фома Фомич және мен ғана болам тек.

Х л е с т о в а
Достым, рақмет! (Орнынан тұрады)

М о л ч а л и н
Сіздің күшігіңіз әдемі-ақ екен, өзі кіп-кішкене — оймақтай,
Мен оны сипап еркелеттім, түгі тіпті мамықтай.

Х л е с т о в а
Рақмет, қарағым!
(Жүріп кетеді, оның соңынан Молчалин және біраз адам кетеді.)

ОН ҮШІНШІ КӨРІНІС

Чацкий және София, бұл екеуінен басқа өзге адамдар — бұлар сахна оқиғасы ұзаған сайын біріндеп тарап кетеді.

Чацкий
Ал, мен бұлтты ыдыраттым енді.

София
Осыны көп созбауға болмас па еді?

Чацкий
Шошығандай не істедім мен сізге? Қонағыңыздың ашуын басқан адамды Мақтағым келген үшін бе?

София
Бұл істі сұмдықпен аяқтаған болар едіңіз, тегі.

Чацкий
Мен сізге не ойлағанымды айтайын ба, міні:
Кемпір деген ашуланшақ халық үнемі:
Бір бабын табатын кісі, олардың қасында отырса жаман ба?
Жаңа нажағай ойнағандай болған жоқ па табанда?
Ондайды, Молчалиннен басқа кім ұқсата алады?
Ол күшікті де сылап-сипап қояды,
Картошкені де кезінде аршып үлгіреді,
Онан Загорецкий де өлмейді!
Мана, маған, сіз оның қасиеттерін айтып бердіңіз бір десте.
Көбін ұмытқан да шығарсыз? Солай емес пе? (Шығып кетеді)

ОН ТӨРТІНІІІІ КӨРІНІС

София (өзіне-өзі)
Апыр-ай? Әрқашан да осы адам,
Тек ашудың себепшісі ғана маған;
Кемітіп, мінесе қуанады, өзі қызғаншақ, сөзі өткір найзадан.
Тәкаппар, әрі зымиян!

Г. Н. (жақын келеді) Сіз бір ойда отырғандай көрінесіз.

София
Чацкий тур алы.

Г. Н.
Оның қайтып келгеннен кейінгі әлпетін қалай көресіз?

София
Оның ақылы ауған.

Г. Н.
Жынданған ба, не болған?

София (үндемей отырып)
Онша жындана қоймаған.

Г. Н.
Әйтсе де, өзінде ондайдың белгісі бар ма тегі?

София (Оған қадала қарап тұрып) Маған солай көрінеді.

Г. Н.
Жасына қарағанда олай болуға мүмкін бе екен?

София (Басқа жаққа қарап)
Енді не етем!
Бұл соған енді нанады.
Ал, Чацкий, тілесең, бәрін сықақ қылады,
Оны қайтып жаным қабыл алады? (Шығып кетеді)

ОН БЕСІНШІ КӨРІНІС

Г. Н. және Г. Д.

Г. Н.
Жынданған!.. Әй, сірә оған анау білем?
Бекер емес қой?
Ол қыз біліп айтқан шығар, солай деген,
Сен есіттің бе?

Г. Д.
Немене?

Г. Д.
Чацкий туралы?
Не болған?

Г. Н.
Жынданған!

Г. Д.
Жалған.

Г. Н.
Мен емес, жұрт айтады менен басқа.

Г. Д.
Ал, соны паш қылу саған қуаныш па?

Г. Н.
Шығып келейін, мүмкін біреу-міреу анығын білетін шығар (кетеді).

ОН АЛТЫНШЫ КӨРІНІС

Г. Д.
Ал, нам енді бұл суайтқа!
Бірдемені естісе, алып ұшады сол сағатта.
Сен Чацкий туралы есіттің бе?
Загорецкий. Ал? Не қылған?

Г. Д.
Ол жынданған!

Загорецкий
Ә, есіткем, білем, аңғарғам.
Мен қалай білмейін, сондай бір оқиға болған.
Оны ессіз-түссіз күйінде жүргенде
Білдірмей суайт ағады, ұстап алған
Жібермей шынжырлап байлап қойған.

Г. Д.
Кешіріңіз, ол әлгіде ғана осында, анау бөлмеде болған.
Загорецкий. Онда, оны босатқан ғой байлаудан.

Г. Д.
Ал, достым, сен тұрғанда газеттің керегі не,
Мен енді барайын, қанатымды қомдайын.
Ол жайында барлық жұрттан сұрастырайын.
Бірақ, бұл құпия ғой.

ОН ЖЕТІНШІ КӨРІНІС

Загорецкий
Мұның қайсысы Чацкий?
Фамилиясы таныс маған,
Бір кезде мен Чацкий дейтін біреумен таныс болғам,
Ол жайында естідіңіз бе сіз?
Графиняның немере қызы
Кім жайында дейсіз?

Загорецкий
Чацкий жайында. Ол жаңа ғана осында болған.

Графиняның немере қызы Білемін,
Мен онымен сөйлесіп те қалғам.

Загорецкий
Онда, мен сізді құттықтаймын, демек, ол есінен айырылған...

Графиняның немере қызы
Не дейсіз?

Загорецкий
Иә, ол жынданған.

Графиняның немере қызы
Расында, өзім де соны аңғарғам,
Осының тын екендігіне бәстесуге дейін барам.

ОН СЕГІЗІНШІ КӨРІНІС

Графиняның немере қызы
Аһ, қарт әже! Міне сұмдық! Міне, жаңалық!
Мұндағы сұмдықты есітпеген шығарсыз онда сіз?
Міне, ғажап, әрі қызық! Тыңдаңыз!.. Графиня кемпір
Құлағым тосаң тартқан; Қаттырақ айтшы, — қалқам...

Графиняның немере қызы
Уақытым жоқ; (Загорецкийді көрсетеді)
Сізге мына кісі айтар, оның жайын,
Барып сұрайын. (Шығып кетеді)

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ КӨРІНІС

Графиня к е м п і р
Немене? Немене? Осында өрт шығудан аман ба екен?

Загорецкий
Жоқ, Чацкий ғой. Барлығын дүбірлеткен.

Графиня кемпір
Чацкийді дейсің бе? Оны кім түрмеге әкеткен?

Загорецкий
Тауда жүріл маңдайына оқ тиген, сонан білмей қапты ол есін,

Графиня кемпір
Не? Фармазондар клубына ма? ол бұсырмандарға барыпты дейсің бе?!

Загорецкий
Мұны енді түсіндіре алмассың. (Кетеді)

Графиня кемпір
Антон Антоныч! Қап!
Бұл да қашып барады, зәресі ұшып абдырап.

ЖИЫРМАСЫНШЫ КӨРІНІС

Графиня кемпір және князь Тугоуховский.

Графиня кемпір
Князь, князь, аһ, осы князьды-ай, тойдан думанға Аптығып-үптігі жүгіреді де жүреді. Князь есіттіңіз бе?
Э,! ММ!

Графиня кемпір
Бұл еш нәрсе де есітпейді.
Бәлкім, көрген шығарсыз, осында полицмейстер болды ма?

Князь
Э — һм!

Графиня кемпір Князь деймін, Чацкий ме, түрмеге кімді әкеткен?

Князь
Э — һм!

Графиня кемпір Иә, оған ертерек қой,
Солдатқа бару оңай ма! Заңды өзгерткен!

К н я з ь
Э — һм!

Графиня кемпір
Иә!.. Бұсырмандарда ол! Ай! Оңбаған вольтерьяншыл!
Не? А? Көресің-ау. Әкетай, түтігіңді тос бері!
Әй, осы кереңдік те бір үлкен кемшіліктің бірі.

ЖИЫРМА БІРІНШІ КӨРІНІС

Бұрынғылар, және де Хлестова, София, Молчалин, Платон Михайлович, Наталья Дмитриевна, Гра финяның қызы, Княгиня қыздарымен, Загорецкий, Скалозуб, сонсоң Фамусов және де басқа көп адамдар.

Хлестова
Жынданған! Өтінемін, осынша —
Қалай тез! Қалпы бұрынғыша!
София, сен, есіттің бе?

Платон Михайлович
Осыны алдыменен шығарып жүрген кім?

Наталья Дмитриевна
Ой! Достым-ау, бәрі.
Платон Михайлович
Ал; бәрі болса, еріксіз-ақ, нанам; Бірақ та, мен осыған күмәнданам.

Фамусов (кіріп келе жатып)
Не туралы? Чацкий туралы емес пе?
Оның күмәнданатын иесі бар?
Оны бірінші айтқан мен болам.
Оны әлдеқашаннан-ақ байлап қоймағанға таң қалам.
Онымен өкімет турасында сөйлесіп көресің айтпас сөзді айтады.
Онысын ертеден-ақ аңғарғам!
Біреуге тәжім етіп жүресің де,
Тіпті, мәртебесі биік адамдарға бас ие қаласың да,
Сондай балағаттап сөгеді...

Хлестова
Ол өзі анау сықақшылардан:
Мана мен бір сөз айтып едім,
Қарқылдап тұрып күле бастады.

Молчалин
Маған, ол, Москвадағы архивте жұмыс істе деп ой тастады.

Скалозуб
Мен сізді қуантайын, отырыңдар тым-тырыс,
Мектептер де, лицейлер де, гимназиялар да тегі
Өзгереді деген жоба бар дейді:
Онда біздегідей аяқ түзу басуға оқытады-мыс,
Ал, кітаптарды бір үлкенірек кесапатқа сақтауға тиіс.

Фамусов
Жоқ, Сергей Сергеич, ондай кесапатты жою үшін, — демек:
Кітап біткенді жинап алып отқа жағу керек.
Загорецкий (тұйық мінезбен)
Жоқ-ау, кітап пен кітаптың айырмасы көп,
Өзара сөйлескенде әншейін, тек,
Баспасөздің цензоры болсам мен өзім, —
Ең алдымен мысалдарға ауар еді назарым, —
Япыр-ай, басня деген менің нағыз ажалым,
Өне бойы пілдер мен қырандарды сықақтайды.
Пәлен, пәлен екен деп деспе:
Хайуан болса да,- патша аты патша емес пе!?

Хлестова
Көкелерім-ау, осы біреудің ақылы ауыссын,
Онысы мейлі, кітаптан болсын, я, арақтан болсын,
Ал, мен Чацкийді аяймын,
Христиандық ретпен қарағанда, — аяйтын-ақ адам,
Өткір кісі еді, қарауында үш жүз жаны болған.

Фамусов
Төрт жүз.

Хлестова
Үш, деңіз, тақсыр.

Фамусов
Төрт жүз.

Хлестова
Жоқ! Үш жүз.

Фамусов
Менің календарымда бар...

Хлестова
Календарь бәрін де өтірік көрсетеді.

Фамусов
Дәл төрт жүз, ой, тіпті даурығып ерегісетінің не!

Хлестова
Жоқ, үш жүз! Басқалардың мүлкін мен енді білмеймін бе!

Фамусов Төрт жүз деймін жалынамын, ұғыныңыз.

Хлестова Жоқ! Үш жүз, үш жүз, үш жүз!

ЖИЫРМА ЕКІНШІ КӨРІНІС

Бұрынғылардың бәрі және Чацкий

Наталья Дмитриевна
Міне, өзі!

Графиняның немере қызы

Б ә р і Шш!
(Оның келген жағынан басқа жаққа қарай ығысады.) Шш!

Хлестова
Ал, көзіңді бақырайтып қойып
Қыран жапқандай төбелестіруге дейін барады.
Сөйтіп жақ-жақ етіп, өштестіре салады.

Фамусов
Уа, Тәңірім! Біздей күнәһарларды кешіре гөр!
(қауіптеніп)
Қалқам! Сен шатасудан саумысың!
Жолдан келген кісіге ұйқы керек, тамырыңды әкелші!
Аурусың!
Я, дәрменім де қалмаған:
Көкірегім менің миллиондаған.
Достардың қыспағына түсіп таланған.
Тұсалып сонан аяғым,
Даң-дұңнан қажып құлағым,
Даңғойлардан зеңіп басым тағы да.

(Софияға жақындайды)

Әлдеқандай қайғы төніп бойыма, қысылып бітті жаным да,
Мен көп тобырдың ішінде өзімді-өзім жоғалттым,
Өзім, өзім емеспін,
Жоқ! Тіпті, Москваға да риза емеспін.

Чацкий
Ата мекен қонысында, достарының арасында
Отырғандай сезінеді ол, расында.
Ал енді оны кештіғұрым көрсең тек,
Жүреді өзін кіші патшаға есептеп.
Әйелдер де соларша киім киеді
Оған ол сүйінеді, біздің ішіміз күйеді.
Ол сөзін тоқтатқанда, тұс-тұстан
Біреулер аһлаған, күрсініп іші пысқан.
— Аһ! Әлемде Франциядан тәуір ел жоқ, деп!
Екі княжна мен қарындастар соны ежіктеп
Жастайынан жаттаған сабағын сөз етпек
Бұл княжналардан қайтып құтыларсың!
Шалғайда жатып-ақ мен тілеп едім
Сондағы сәл де болса тілегенім:
Құлдық ұрып, көзсіз құр еліктеудің
Сол топас кесепатты желіктерін
Тәдірім, тезірек жерімізден қуғызып
Жаны жалынды берсе ерді туғызып
Іспен, сөзбен үлгі боп барлық жанға
Ел тізгінін мықты ұстап, алып қолға
Шет елдің жиіркенішті әдетінен
Құтқарар бізді біреу табылар ма! —
Деп едім.

Үшінші перденің соңы.

ТӨРТІНШІ ПЕРДЕ

Фамусовтың үйінің кіре беріс сенегі, екінші үйге шығатын үлкен басқыш. Оған жалғас, жеңіл демалып отыратын бір бүйірдегі әлденеше бөлмелер; төменде оң жақтан (ойынға қатынасушылардан) сыртқа шығатын есік, және күтуші, есік бағушылардың ложасы, сол жақта бір планда Молчалиннің бөлмесі.

Түн. Әлсіз ғана жарық. Лакейлердің кейбіреуі жүгіріп жүр, кейбіреулері күтетін бөлмеде ұйықтап жатыр.

БІРІНШІ КӨРІНІС

Графиня кемпір, Графиняның немере қызы, олардың алдыңғы жағында лакей.

Лакей
Графиня Хрюминаның каретасы.

Графиняның немере қызы (оны ыңғайлағанша).
Бал болғаныңа! Ай, Фамусов!
Шақыратын қонағын қайдан тауып жинаған!
О дүниенің кісісінде өңшең бір ұсқынсыз оңбаған,
Сөйлесетін де, би билейтін де ешкім жоқ.

Графиня кемпір
Қайталық, қарағым, отыратын дәрменім де қалды ма,
Бал, бал деп жүріп бір жола
Бір күні осы балдан тұп-тура тартатын шығармыз молаға.
(Екеуі де қайтады)

ЕКІНШІ КӨРІНІС

Платон Михайлович және Наталья Дмитриевна. Даяшы лакейлердің бірі — олардың айналасында жүр, екіншісі есікке кірер жерде айқайлап тұр.

Горичтің каретасы.

Наталья Дмитриевна
Менің періштем, менің өмірім,
Баға жетпес, жаным-ау, неге сонша жабырқаңқы көңілің?
(Күйеуінің маңдайынан сүйеді)
Фамусовтарда тамаша қызық болды ғой, солай емес пе?

Платон Михайлович
Жаным, Наташа, балда отырсам — мен қалғимын,
Ондайды өлгенше жек көрем, ұната да алмаймын.
Сенің қолқанатыңмын ғой, ондайда қарсы да болмаймын,
Не бұйырсаң соныңды орындаймын,
Түн ортасы ауғанша күзетіңе мен дайын,
Көңілсіз болсам да, айтсаң-ақ болды.
Мәймең қағып құрдай жорғалаймын.
Платон Михайлович Кеттім, кеттім.

(Шығып кетеді)

ҮШІНШІ КӨРІНІС

Чацкий оның алдында күтуші — лакей.

Чацкий
Шақыр айғайлап, тез дайындасын көлікті,

(Лакей шығып кетеді)
Міне, енді осымен күн де өтті,
Сонымен бірге ұшқан түтіндей
Елестеген үміт жұбанышы да — бірге кетті:
Мен не күтіп едім? Не табам деп едім осында?
Бұл кездесулердің несі тамаша?
Ойыма ортақтасар кімді табам деп едім осынша?
Даурығу! Қуану! Құшақтасу! Бәрі бос даңғыра
Кейде, ұзақ жолда келе жатасың арбада, —
Алқабы мол айнала — көз жеткісіз кең дала
Алыстан бірдемелер көзге шалына
Зеңгір аспан, алуан сурет көз тартады алдында,
Бір сағат жүресің, екі сағат жүресің,
Күні бойы жүресін, ақырында демалып
Тынығар жеріңе де жетесің, міне қоналқаң:
Қайда болсаң, қайда қарасаң, —
Осы бейне, осы дала, бәрі де бір түрдегі,
Бос жатқан бір құла дүз, — бәрі сұлық, бәрі өлік бейнелі,
Ойлаған сайып дәрменің құрып, жаның күйінеді.
(Лакей қайтып келеді) Әзір болды ма?

Лакей
Көшіріңіз деп ешқайдан таппай қойдың.
Бар, ізде мұнда енді қалмақпыз ба қонып?

ТӨРТІНШІ КӨРІНІС

Чацкий, Репетилов (есік алдынан жүгіріп кіреді, келе жатып сүрініп құлайды, асығыс жөнделеді).

Репетилов
Тфу! Мұндай абыржымаспын — жаратқан!
Көзі құрғырды сүртіп алайын бір,
Апырым-ау, жаным, қай жақтан?
Ардақты дос! Сүйікті дос! Моn сһеr!5
Ел мені — көк мылжың, ақымақ деп те өсек таратқан.
Мені — даңғой, ақмақ, неге болса соған сенеді
Бос нәрсені ырым етеді — деп, мен туралы күллісі
Талай рет өсек-аңыз таратқан ел іші;
Ал, қазір... Өзіңіз ойлап қараңызшы, —
Білгендей-ақ осында келуге асықтым,
Табалдырыққа сүріндім, астым-састым,
Ақырында ұзын тұрамнан сұлап түстім,
Репетилов өтірік айтады, ол әншейін ғана дама —
Деп күлерсің де маған?
Мені бір нәрсе тартады да тұрады саған.
Сен дегенде бір ауруым бар,
Менде сіз үшін қандай да болса бір құмарлық бар.
Тіпті жанымды пида қылуға да тайынбаспын,
Мендей досты жер дүниеден іздеп таба алмассың,
Құдай біледі, құдай біледі солай.
Осы тіпті, — қатыпсыз қалайын, баласыз өтейін,
Жарық дүниеден қол үзіп кетейін,
Мейлі тіпті табанда қата қалайын,
Тәңірінің кәріне ұшырайын... наныңыз...

Ч а ц к и й
Чацкий
Ой, өтірікке баспа,
Бассаң шамадан аспа!
Міне, өкініш сондайдан тумақ қой!

Репетилов
Сен мені құттықтап қой
Енді мен ақылдылармен айналыса бастадым
Түні бойы жортуды тастадым.

Чацкий
Ал, мысалы, бүгін ше?

Репетилов
Бір түн еш нәрсе емес қой, ол есепке алына ма сірә,
Оман да менен қайда болдың деп сұра?

Чацкий
Өзім де біліп отырмын жобасын,
Клубта болған шығарсың?

Репетилов
Ағылшын клубында болдым, шынымды айтсам,
Мен шулы мәжілістен келдім.
Тәңір жарылғасын, үндеме, мен үндемеуге ант бердім.
Бізде бір ұйым бар, бейсенбі сайын құпия жиын.
Бұл өзі бір жасырын ұйым.
Ойпырым-ай! Бауырым-ай, зәрем ұшты ғой,
Ол өзі қалайша? Клубта ма? Қайда?
Репетилов
Дәл сонда.

Ч а ц к и й
Сіздерді жасырын сырларыңмен қоса
Желкелеп бордай тоздыратын бір шара болса...

Репетилов
Босқа үрейленесің, босқа шошисың,
Дауыстап қатты сөйлегенмен, жұрт несін түсінсін.
Мен өзім камера туралы, присяжнойлар жайында,
Бейрон туралы, не бір зат туралы тағы да
Сөз қозғалса-ақ тіс жармастан тыңдаймын да отырам,
Өзімнің түкке әлім келмейтін, ақмақ екенімді ұғамын да отырамын.
Ай, Александр-ай! Бізде тек сен ғана жетпей тұрсың,
Қарағым, аз да болса, көңілімді көтерерсің мүмкін,
Қазір барайықшы, аяқ астынан-ақ рақат дайын,
Мен сені адамдарға жолықтырайын,
Шіркін, қандай адамдар десеңші, —
Олар тіпті маған ұқсас емес, көрсеңші!
Қандай адам десеңші, досым-ау, сондағы
Ақылды жастардың өңкей бір қаймағы.
Екіншісі! — Воркулов Евдоким,
Сен есіткен жоқсың ба? Ол, әнді қандай салады десеңші?
— О! Тамаша!
Тыңда, шырағым, әсіресе, оның сүйетін әні сол:
«Ә, — нон-лашьяр-ми, но, но,»
Бізде тағы да екі ағайынды кісі бар:
Левон және Боринька, тамаша жігіттер!
Не айтуға да білмейсің, олар туралы не айтайын,
А, енді даналарды ата десең — атайын:
Удушьев Ипполит Маркелыч!!!
Оның шығармаларын оқисың ба сен, сірә,
Тіпті, ұсақ нәрселер болса да?
Оқы, туған, я, ол өзі шынында еш нәрсе де жазбайды өндіріп.
Міне, осындай адамдарды ылғи дүрелеп отырып —
Жаза бер, жаза бер, жаза бер! — десе,
Оның шығармаларының үзінділерін іздесе,
Мүмкін, журналдардан да кездесер.
Көз қарасын, тағы бірдемелерін де,
Іздеп табуға болады тегінде,
Тағы бірдемелерін дедім бе?
Я, біледі ол — бәрінде.
Оны біз, бір екі талай қара күнге сақтап жүрміз.
Ал, біздің бастығымызға келсең, — Россияда ондай адам жоқ,
Атын атап керегі не, қандай екенін суреттен-ақ танисың тек.
Өзі нағыз түн қарақшысы, дуэлшіл, мықты
Камчаткаға айдалып еді,
Алеуттен бір-ақ шықты.
Қолы орасан сұғанақ,
Я, ақылды адам.
Жылпостау, алдағыш жан-ақ.
Ондай адам жылпос болмауға мүмкін емес қой, бірақ,
Тазалық, биік мәртебе туралы сөйлегенде — бар ма —
Нақ бір перісі бардай: Көзі қанға толып, бір қызарған шағында
Еңкілдеп қоя береді, біз де бірге еңірейміз сонда,
Ондай адамдар сирек қой, қайда, ондай адам табылар ма?
Таңданатынға — таңдана біл:
Тәңірім маған зеректік бермеді,
Маған езгі жүрек берген жаратқан,
Жұрт мені сондығынан ұнатқан,
Өтірік айтсам, кешетіні де сондықтан.

Лакей

(Сыртқы есік алдында)

Скалозубтың каретасы
Репетилов
Кімнің?

 

БЕСІНШІ КӨРІНІС

Бұрынғылар және Скалозуб (баспадан түсіп келеді)

Репетилов
Аһ, жаным — Скалозуб.
Тоқта, достық істе, қайда барасың?
(Құшақтап тұншықтыра жаздайды.)

Ч а ц к и й
Бұлардан қалай құтыларсың!
(Швейцардың бөлмесіне кіреді)

Репетилов (Скалозубқа)
Семен көптен бері хабар-ошар болмай дыбыс өшті,
Біреулер, сені полкқа жұмысқа кетті десті.
Сіздер таныс па едіңіздер туған? (Көзімен Чацкийді іздейді)
Қап, зытқан екен қайсар антұрған!
Қажеті де жоқ, ойламаған жерден сені таптым,
Сөзсіз қазір менімен бірге жүруіңізді сұраймын,
Ендігі Григорий князьдің үйі де адамға лық толы шығар.
Көрерсіз онда бізден қырық шақты кісі бар,
Фу! Сұрамаңыз, ылғи ақылдылар!
Онда түні бойы мәселе талқылайды, жалықтырмайды.
Біріншіден, шампанскийге қарық қылады,
Екіншіден — екеуміздің ешуақытта да
Ойымызға келмейтін нәрселерді айтып ұқтырады.
Тәлім-тәрбиеге қанық қылады.

Скалозуб
Аулақ! Білімпаздықты айтып басымды қатырма аулақ жүр,
Басқа біреуді айналдыр!
Тілесең: князь Григорий екеуіңе мен
Вольтер орнына фельдфебелді берем.
Ол сендерді үш сапқа тізіп тұрғызады,
Тыри етсеңдер, қас қаққанша істеріңді тынғызады.

Репетилов
Достым, ойыңның бәрі қызмет жайы,
Бер қарашы, мәртебелі чинді мен де іздедім.
Ешбір сәті түспеп еді.
Менің статскийде істегенімдей кім істер еді.
Ол кезде Барон фон-Клоц министрлікті де көздеді.
Ал, мен алыстан іздеп жатпай-ақ, оған күйеуі болуға тырыстым.
Және оның өзі мен қатынына қаншама ақша шаштым,
Құдай басқа бермесін, бұл істі!
Ол фантанкіде тұрды, мен солардың жанынан келісті
Бағаналы, үлкен үй салдырдым, қымбатқа түсті!
Ақырында соның қызына үйлендім.
Жасау алдым, жұмыстан жамандық көрмедім,
Қайын атам неміс, онысынан не көрдім?
Бірақ, ол жақынына көрсетеді деп көмегін
Қаңқу сөзден қашқанын білдім;
Қорқыпты аруақ атқыр, маған пайдасы не?
Хатшылары да оңбаған өркөкірек, — шетінен жанын сатқан ақымақтар,
Жаратыла салған, қолы қалам түрте білетін ғана мақұлықтар.
Қазір, шетінен үлкен адам болыпты шамасы,
Өзің адрес-календарь қарашы,
Тфу! Тіпті, осы атақ, даңқ, шен дегендер —
Жаныңды әуре-сарсаң қылатын дүниелер.
Енді бізге қажет радикальдық дәрілерді,
Асқазан да мұнан былай сіңірмейді
Деп, — Лахмотьев Алексей тамаша-ақ дәлелдейді.

(Скалозубтың орнына Загорецкийдің келіп тұрғанын көріп тоқтай қалады. Ал анау әлдеқашан жүріп кеткен)

АЛТЫНШЫ КӨРІНІС

Репетилов және Загорецкий

Загорецкий
Сөзді соза түсуге ұлықсат етіңіз, жан-тәніммен қабыл алдым.
Өзім де сіз сияқты орасан либералмын!
Сондықтан да, сізге сырымды ашық айтсам —
Мен шаш-етектен зиянға қалдым.

Репетилов (ызаланып)
Әрқайсысы әр түрлі, ешбір сөз айтпай тұрып,
Лезде біреу көзден тайса, қас қаққанша екіншісі жоқ,
Чацкий болып еді, ол ғайып болды, іле-шала Скалозуб.

Загорецкий
Сіз Чацкий туралы қалам ойлайсыз?

Репетилов
Ол ақмақ емес,
Жаңа ол екеуміз кездестік, біраз мылжыңдадық,
Және водевиль жайында тиімді әңгімелерге шейін бардық.
Иә, водевиль — мәнді, сәнді зат, өзгесі құр сандырақ. Ол екеуміз...
Екеуміздің талғаушылық мінездеріміз — үнемі бір шығады тура.

Загорецкий
Сіз байқадыңыз ба, сірә,
Оның ақылына әжептәуір зақым келген ғой шынында?

Репетилов
Соның несі сөз болған!

Загорецкий
Ол жөнінде бәрі солай деп сеніп қалған.

Репетилов
Жалған.

Загорецкий
Сұраңыз барлығынан.

Репетилов
Солай деп ойдан өтірік шығара салған.

Загорецкий
Айтпақшы, мына князь Петр Ильич,
Және княгиня мен княжна қыздар.

Репетилов
Өңшең, құстар.

ЖЕТІНШІ КӨРІНІС

Репетилов, Загорецкий, князь және княгиня қыздарымен, аздан соң сырттан кіретін есіктен (басқыштан) Хлестова келеді: Молчалин оны қолтықтап, сүйеп — бастап келеді, лакей шыбын-шіркей болып жүр.

Загорецкий
Княжналар, қош келдіңдер, сіздер қалай дейсіз, Чацкийдің ақылы ауысқан ба? Ауыспаған ба?

1-к н я ж н а Онысында күмән бар ма?

2-к н я ж н а
Бәрі біледі, оны білмейтін жан да жоқ бұ жалғанда.

3-к н я ж н а
Дрянскийлер до, Хворовтар да, Варлянский әулеті, Скачковтар, бәрі түгел біледі.

4-к н я ж н а
Ой, тәйірі, ескі хабар ғой оның несі жаңалық?

5-к н я ж н а Тұрған кім таңғалып?

Загорецкий
Міне, нанбайды, бұл халық.

6-к н я ж н а (Репетиловқа)
Сіз!

Б а р л ы ғ ы б і р і г і п
Мосье Репетилов! Сіз! Сізге не болған! Я, мұныңыз қалай!
Жұрттың бәріне қарсы болуға мүмкін бе екен.
Оныңыз не? Ұят екен, күлкілі екен.

Репетилов (құлағын шұқи бастайды)
Ғафу етіңіз, ондай елге паш болған әңгіме екенің білдім бе екен!

Княгиня
Паш болмақ түгіл паш болған.
Онымен сөйлеудің өзі үрейлі,
Әлдеқашан-ақ, жауып қою керек еді.
Жалғыз шынашағы жұрттың бәрінен де,
Тіпті князь Петрден де
Ақылды дегені — не дегені!
Мен тіпті оның өзі якобинец қой деймін, —
Сіздің Чацкий!!! Жүреміз.
Князь, сіз Катя мен Зизидің бірін апарып тастасаңыз етті,
Біздер алты орындысына мінеміз.

Хлестова (Басқыштан)
Княгиня карта ойынынан қарызыңыз.

Княгиня
Ол мойнымда, жаным, қарызды.

Б а р л ы ғ ы (біріне-бірі)
Қош болыңыз.

(Князьдар, және Загорецкий де кетеді)

СЕГІЗІНШІ КӨРІНІС

Репетилов, Хлестова, Молчалин.

Репетилов
Тәңірім-ай!
Анфиба Ниловна! Чацкий! Бишара солай болды деңіз!
Біздің асқан ақылымыз, мың мәртебе мехнатымыз
Неме керек осы дүниеде, Несіне сонша әуреленгенбіз,
Хлестова
Тәңірінің жазғаны да,
Бәлкім, сәтін салса, жазылады да;
Ал, көкем, саған тіпті ем жоқ, не істесеңіз мейліңіз.
Мезгілінде-ақ келдіңіз! —
Молчалин, міне, сенің шоланың,
Шығарып салудың қажеті жоқ, бар, шырағым,
Тәңірің жар болсын.

(Молчалин өз бөлмесіне енеді.)

Көкем, қош болыңыз! Деніңіз сау болсын!
Бұдан әрі жынданып кетерміз.

ТОҒЫЗЫНШЫ КӨРІНІС

Репетилов (өзінің бөлмесінен)

Енді қайда жол тартуға,
Таңда жақын атуға,
Жүр, мені каретаға отырғыз,
Әйтеуір бір жерге апарғыз.

ОНЫНШЫ КӨРІНІС

(Ең соңғы шам сөніп бара жатады)

Чацкий

(швейцарлар бөлмесінен шығады).

Бұл не? Осыны мен өз құлағыммен есітіп тұрмын ба!
Сықақ емес, айқын зұлымдық, не деген сұмдық?
Қандай сиқырлықпен өсекті мен туралы —
Барлығы бір ауыздан қайталайды!
Біреулер оған қуанып, мәз-мейрам болады!
Біреулер күйініп, қиналған болады!
Ай, шіркін жұрттың ішіне кіріп көрер ме еді? —
Жаны мен тілінің қайсысы зымиян екенін білер ме еді?
Осыны кім шығарып жүр екен?
Ақымақтар соған сенеді де, біреуден-біреуге жеткізіп шығады.
Біреу байқамай мысығының я күшігінің құйрығын басса да,
Тала қалады ол бассала.
София

(Басқыштың үстінде екінші қатардан май шаммен шығады)

Молчалинбісіз?

(Асығып қайтадан есік жабады)

Чацкий
Сол! Сол! Дәл сол қыз!
Аһ! Миым қайнап, қаным тулап, ыза толды;
Елестеді де, жоқ болды!
Шынымен-ақ есімнен адасқаным ба?
Бір төтенше жағдайға түскелі тұрған жандаймын.
Көрінген елес емес, кездесер кезі дәл осы,
Өзімді-өзім соншама неге алдаймын?
Молчалинді шақырады, мынау ғой оның бөлмесі.

Лакей (Басқыштан)

Каре...
Чацкий
Сс!.. (Оны итеріп жібереді.)
Кірпік қақпастан таң атқанша осы жерде болам дәл,
Ал, қайғы зәрін жұтар болсаң, іркілместен жұта сал.
Аялдайтын түгі жоқ, келер пәледен аялдап құтылар түрім жоқ.
Есік ашылып кетеді.

(Қайырылысқа жасырынып тұра қалады.)

ОН БІРІНШІ КӨРІНІС

Чацкий жасырынып тұр. Лиза қолына май шам ұстаған.

Л и з а
Аһ! Дәрменім жоқ! Батылым да бармайды;
Түнде, бейуақытта осы сенекке баруға қорқып, адамның тәуекелі тұрмайды.
Үй торитын жын-періден де, тірі адамнан да зәрем қалмайды;
Өзімен кеткен, осы мазасыз бойжеткен де, азаптан айырмайды,
Чацкий де көзге шыққан сүйелдей болып алды.
Оған елестеп кетіпті-мыс, нақ осы төменде жүр деп қоймайды.

(Жан-жағына қарайды)

Я, осы уаққа дейін сенекте жүріп оған не бопты,
Ендігі қақпадан шығып та кеткен шығар.
Махаббатын ертеңге сақтап, үйіне барып жатып та қалған болар.
Я, ғашығына ұшырас деп жібермеп пе еді? Мені?

(Молчалиннің есігін қағады)

Тыңдаңызшы! Ояныңызшы.
Сізді бойжеткен шақырып жатыр, болыңыз!
Біреу-міреу көріп қалмай, тезірек жүріңіз.

ОН ЕКІНШІ КӨРІНІС

Чацкий бағананың артында, Лиза, Молчалин (керіліп есінейді). София (жоғарыда жасырынып тұрады).

Л и з а
Сіз, тақсыр, тасыңыз, мұзсыз.

Молчалин
Аһ! Лизанька, өз бөлмеңнен келдің бе сен?
Бикештің бөлмесінен.

Молчалин
Өрім-талдай өзінен, шырайлы қызыл жүзінен
Махаббат ұшқыны ойнамайды деп кім айтар тегі?!..
Тек жұмсағанға жүре беруге жаның құмар ма еді?

Л и з а
Сіздей қалыңдық іздеп жүрген жігіттердің көбі
Бұлай манаурай берсе; Үйлене алмай тоқтайтын.
Сүйкімді жігіттердің тамаққа да мейлі шаппайтын.
Олар құдалыққа дейін ұйқы көрмей, тыным да таппайтын.

Молчалин
Қандай құдалық? Кімге?

Л и з а
А, бойжеткенге ше?

Молчалин
Бар анда,
Үмітімнің көбі алдымда,
Құда түспей-ақ уақыт өткізе тұрам да.

Лиза
Мұныңыз қалай, тақсыр!
Сізден басқа біз
Күйеулікке кімді тәуелдеп жүрміз.

Молчалин
Білмеймін, денем дірілдеп барады,
Өзімді бір қиял билеп барады,
Павел Афанасьевич сезіп қалар да;
Бізді бірде болмаса, бірде ұстап алар.
Қуып шығар, қарғар!
Шынымды айтсам ба екен?
Мен, София Павловнадан қызығарлықтай ешнәрсе таба алмаймын;
Тәңірім оған асқан дәулет пен мәңгі өмір берген еді,
Бір кезде ол, Чацкийді де сүйген еді;
Бәрібір онан айнығанындай — менен де айныр тегі,
Періштем, — жанымның шын тілегі —
Оны сүйген сезімімнің жартысы сені де сүйеді, —
Жоқ-ау, тіпті қаншама сыпайы болайын десем де,
Сүйе бастаймын бетпе-бет көріскенде.

София (теріс қарап)
Неткен сорлылық.

Ч а ц к и й (бағананың аржағында тұрып) Оңбағандық!

Л и з а
Мұныңыз арсыздық емес пе?

Молчалин
Жұрттың бәріне де кіші пейілді, нанымды бол,
Жүрсең үй қожасына, жұмыста болсаң кеңсе басына, —
Ренжітпей, жайдары-жағымды бол,
Оның киім тазалайтын малайына да,
Есік күзететін адамына да, қора маңына да,
Оның итіне дейін еркелетіп, байымды бол!
Деген әкемнің өсиеті бар екен.

Лиза
Шынын айтсам, тақсыр, сіздің өнегеңіз зор екен.

Молчалин
Сондықтан да, қожайынның қызына жағу үшін,
Міне енді мен ғашық болып жүрген адамның қалпына түстім.
Өзіңді асырап, ішіп жүрген,
Кейде шен беріп сыйлап жүрген кісінің дейсің ғой,
Баралық, жеткілікті-ақ сөйлестік қой.

Молчалин
Ал, енді жабырқаңқы ғашық сымақ баралық,
Құшақтат, құштар болған құмарым қанар ма екен.

(Лиза құшақтатпайды)
Шіркін-ай, ол, — неге сен болмады екен?
(Кеткісі келеді, София оны жібермейді)

София
(Сыбырлап сөйлейді, сахнада бәрі де жай дауыспен)
Мұнан әрі бармаңыз, есітерімді есітіп болдым манадан,
Сұмдық адам! Мен, мұны көре-тұра үй жарынан да ұялам.

Молчалин Ойбай, София Павловна ғой...

София
Сөйлемеңізші, тәңірім,
Үндемеңіз, мен бәріне де бел будым.

Молчалин
(Аяғына жығылады, София оны итеріп жібереді)
Аһ! Ойлаңызшы, ренжімеңізші, қараңызшы!..

София
Ешнәрсе де есте жоқ, қойыңызшы томсартпай;
Өткенді еске түсіру — маған өткір пышақтай.

Молчалин
(Оның аяғына жығылып құрдай жорғалайды)
Кешіре көріңіз...»

София
Мүләйімсіме, тұрыңыз, —
Жауаптың керегі жоқ, сіздің не айтатыныңызды білем; өтірік айтасыз...

Молчалин
Есіркеңізші...

София
Жоқ, жоқ, жоқ.

Молчалин
Әзіл еді, басқа еш нәрсе айтқаным жоқ...

София
Қойыңыз деймін, жылдам, Әйтпесе:
Үй ішін оята айқай салам;
Сонсоң, сізді де, өзімді де масқара қылам.

(Молчалин тұрады)
Мұнан былай мен сізді білмеген де, көрмеген де, болайын?
Менен жалбарыну, өтіну, жас төгуді дәме қылмаң!
Сіз оған тұрмайсыз;
Атар таңның сәулесі сізді бұл үйде көрмейтін болсын лайым.
Бұдан былай мен де сенің атыңды естімейтін болайын.

Молчалин
Әміріңізде қалайын.
Әйтпесе, ашу қысып, бар шындықты әкетайыма жеткізбей қойман,
Білесіз бе, мұндай ретте өзімді де аяма;
Тоқтаңызшы, біліп қойыңыз, біз бен сіздің
Жұрттың көзінше күндіз жолығып жүрген көзімізде де
Жайлы түннің аясындағы кездесулердегі мінезіңізден де
Ешбір батылдық тапқан емен;
Сіздің тәуекеліңіз аз да, жаныңыздың жалтарғыштығы көп екен.
Түн ішінде бар сырды білгендігіме, өзіме-өзім ырзамын.
Манағыдай, менің есім ауып құлап қалғандығы күлкі ғып
Міней қояр Чацкий сияқты ешкімнің жоқтығына шүкірлік.

Чацкий (олардың арасына келіп қалады) Ол мұнда, мүләйімсіп. тұрған қыз.

Л и з а және София
Аһ! Аһ!

(Лиза шошып кетіп май шамын қолынан түсіріп алады, Молчалин өз бөлмесіне барып тығылып қалады)

ОН ҮШІНШІ КӨРІНІС

Молчалиннен басқасы.

Чацкий
Тезірек естен тан, мұның әбден келісіп түсті,
Манағыдан бұл жолғы себебің күшті,
Ақыры, сыр жұмбағы шешілді!
Кім үшін құрбандық болып жүргенім ашылды!
Осы ішімдегі жалынға қалай төзгенімді білмеймін!..
Көре тұра сенбеймін!
Ал, енді, ескі досың діңкесін құрытып,
Әйелге тән үрейленуді, ұятты ұмытып, —
Есік артына тығылып, жауап беруге қорқып тұр.
Тағдырдың ойынына қалай түсінерсің?
Жаны бар адамды қуғынға түсіресің,
Молчалиндер — дүниенің рахатында жортып жүр!

София (еңіреп жылап)

ОН БЕСІНШІ КӨРІНІС

Чацкийден өзгелері.

Фамусов
Ал, немене? Есі ауысқанын көрмей тұрсың ба?
Айтшы өзің дұрысын да:
Ақылсыз! Түкке тұрмайтын сөзді езбеді ме осынша!
Тәжім етуші дей-ау, қайын атасы дей-ау!
Москва туралы қанша қаһарын төккен осында!
Ал, сен мені өлтіре жаздаған жоқсың ба?
Менде енді осыдан артық оңбаған тағдыр болсын ба?
Аһ! Құдіретім!
Княгиня, Мария Алексеевна не дер екен?

Соңы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз