Өлең, жыр, ақындар

Ғаламтор арбауындағы әлем

Ғаламтор - әлемді жаулаған алпауыт күш. Қазіргі әлем ғаламтормен тікелей байланысты. Ғаламтор құдды өрмекшінің торы секілді, тұтасқан әлем. Қажетіңді алдыңа лезде қойып беретін адамзаттың жеткен ғажайып жетістіктерінің бірі дерсіз.

Ғаламтор жүйесінің пайдалы және зиян тұстары бары анық. Олардың барлығын тізіп шығу мүмкін емес. Бірақ жаһандық мәселеге айналған бірнеше мысалдар келтіруге болады.

Біріншіден ғаламтор желісінде күніңіздің тең жартысын өткізесіз. Алайда оны еш байқамайсыз.Осылайша қаншама жандар өз уақыттарының қадірін жоғалтуда.

Сонымен қатар біздің заманымызда болып жатқан кейбір қарын ашытарлық жайттарда осы ғаламтордың нәтижесі. Жасөспірімдердің миын улаған, түкке тұрғысыз қосымшаларды да жасырып қалу мүмкін емес. Қаншама жеткіншектерді өлімге итермелеген жайттар да болды. Кей балалардың адам айтса нанғысыз өзеруі де осы ғаламтор жемісі болар.

Алайда ғаламтор тек зиянды тұстан тұрмайтыны да белгілі. Қазіргі кезде көптеген адамдардың жұмыстары осы ғылым жетістігіне  тікелей байланысты. Ғаламтордың ғажайып көмегімен өз нәпәқасын тауып жүргендер қаншама. Яғни бұрынғы кездегідей жұмыс табалдырығын тоздырмай ақ, үйден шықпай жұмыс жасауға мүмкіндік бар екеніне көзіміз анық жетті. Сонымен қатар пайдалы, қолжетімді ақпараттар. Мұны біз әдетте заман жетістігі деп атаймыз.

Ғаламтор құдды үңгір секілді. Бергі беті жарық, алайда ары қарай барған сайын түбіне жетпейтін қараңғылық. Бұл ғылым жетістігі қолымызға берілген алпауыт күш. Пайдалана білген адамға маржан, ал білмегенге тас құрлы татымы жоқ.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер