Өлең, жыр, ақындар

"RYSKULOV CUP - 2022" атты аудан жастары арасында кіші футболдан жарыс өткізілді

"Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған іс-шараларды  ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында 6-қазан күні Құлан ауылдық округі, Спорт кешенінде "RYSKULOV CUP - 2022" атты аудан жастары арасында кіші футболдан жарыс өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен айналысуға ынталандыру мен бос уақыттарын тиімді пайдалану болып табылады.

Жарыстың ашылу салтанатына Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев қатысып, жарысқа қатысушы жастарға сәттілік тіледі.

Жарысқа 10 команда қатысып, жүлделі орын алған командаларға бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

1-орын – Луговой ауылдық округі;

2-орын – Құлан ауылдық округі;

3-орын – Көкдөнен ауылдық округі иеленді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз