Өлең, жыр, ақындар

Қазақстандағы сайлау жайлы шетелдік БАҚ не дейді?

Еуропалық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстандағы Президент сайлауы жайлы ақпарат таратуда. Солардың кейбіріне тоқталып өтсек.

Алғашқылардың бірі болып пікір білдірген Euronews "Қазақстандағы сайлау: Наразылық көрсетушілер ұсталып, билік партиясы сайлауды қолдан жасауда" деп мақала жариялады. Басылымның жазуынша, билік партиясымен бірге сайлауға қатысқан партиялардың барлығы – "Нұр Отанмен" дос, ауыз жаласқан партиялар. Сондықтан билік партиясының басым дауыспен жеңіске жететініні айдан анық еді.

"Мәселен, Ұлттық социал-демократиялық партиясы (Қазақстан халық партиясы) өзін оппозициялық партия деп атағанымен, сайлау күні ешқандай наразылық ұйымдастырған жоқ", - деп жазады.

Сондай-ақ, басылым Елорда мен Алматы қаласында наразылыққа шығып, ұсталған азаматтар жайлы да айтып, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың оларды еш айыптаусыз босатып жібергенін жазды.  

Voanews басылымы "Билік партиясы басым дауысқа ие" атты мақаласында "билік партиясы – "Нұр Отанның" саяси реформаларды өткіземіз деген уәдесіне қарамай, авторитарлық режімді одан әрі күшейту үшін қолдан сайлау ұйымдастырды" деп баға береді.

"Қазақстанда экзит-полл билік партиясы тарапынан қатаң бақылауда. Бұл елде бірде-бір рет әділ әрі демократиялық талаптарға сай сайлау болған емес. Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар бастаймыз деп уәде бергенімен, бұрынғы лидер Нұрсұлтан Назарбаев бұған кедергі жасауда. 80 жастағы Назарбаев 800 мыңдық мүшесі бар "Нұр Отан" партиясы арқылы билік тұтқасын ұстап отыр", - деп жазады басылым.

Жулдызай Смагулова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз