Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ-дегі ағылшын сабақтары

ҚазҰУ – бұл студенттердің арманы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы ғылыми-танымдық, қоғамдық өмірдегі сан алуан оқиғаларға бай. Университет жастардың ынта-жігері мен тәлімгерлердің даналығына, білімнің құдіретті қуаты мен ғылыми ой қуатына қанық.

ҚазҰУ -да барлық сабақ жоғары деңгейде өтеді деп толыққанды айта аламын. Әсіресе, маған университетте өтетін ағылшын сабағы өте қатты ұнайды. Ағылшын пәнінен беретін Жемилева.М.М өте білікті маман, өз ісінің шебері. Мұғалім әр өткізген сабағында бізге пайдалы ақпараттарды беруге тырысады. Ең алдымен, грамматиканы, сөйлесуді, тыңдалымды дамытуға көп көңіл аударады. Сабақ уақытында ағылшын тілінің әлемін жан-жақты ашып, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Ағылшын сабағында тек ағылшын тілімен шектелмей, мамандығымыз бойынша ақпараттарды да кеңінен қарастыру мұғаліміміздің сабақ берудегі басты ерекшелігі. Әрбір өтілген сабақтардан мен өзіме түрлі тың ақпараттар ды алдым. 

Бірде мұғаліміміз сабаққа біздің мамандығымыздың майталман маманын да шақырды. Біз ол маманнан болашақта жасайтын жұмысымыз жайлы мәліметтерді білдік. Қонақ ретінде келген маман мамандығымыздың тікелей немен жұмыс жасап, байланысатынын түсінікті түрде жеткізе білді. Бұл ақпараттардың барлығы таза ағылшын тілінде түсіндірілді. Осындай сабақтар біздің тыңдалым және айтылым дағдыларымыз дамып, ары қарай ағылшын тілін үйренуге жақсы әсерін тигізді. 

Сонымен қатар, ағылшын сабағы жаңа заманға лайық платформаларды қолдану деңгейімізді арттырып жатыр. Біз google.classroom платформасымен сабақ өтеміз. Бұл платформа өте ыңғайлы. Мұғалім платформаға үй тапсырмасын жүктеп қояды. Үй тапсырмасына не берілгенін платформадан еркін қарай аламыз. Одан бөлек үй тапсырмасына берілген презентациялар мен тапсырмаларды осы платформаға жүктеп тексертеміз. 

Маған мұғаліміміздің бізге сабақ беруде қолданатын түріл әдіс-тәсілдері мен әр студенттің деңгейіне қарай өз сабағын түсіндіру жолын табуы қатты ұнайды. 

Меніңше, кез-келген сабаққа студенттердің қызығушылығын арттырып, оқуға ынталандыратын мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Бізге ағылшын тілінен сабақ беретін Жемилева.М.М мұғалімімізді кәсіби шеберлігі мол, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақты тәрбиелеп жатырған керемет маман деп ауыз толтырып айта аламын. Мұғаліміміздің өз ісін сүйіп жасап, әр сабағын ерекше өткізуі бізге үлкен мотивация беріп, ағылшын тіліне деген шынайы қызығушылығымызды ашты деп айта аламын.

Ибрагимова Айман Базарбекқызы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  студенті
Жемилева Мадина Маратовнаның жетекшілігімен                


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз