Өлең, жыр, ақындар

Қазақ дүлділі - Димаш Кудайбергенов

Қазақтың мақтанышына айналған Димаш Кұдайбергенов жайлы айтар болсақ, ол қазақтың маңдайына біткен жауһары, Құдайдың берген Құдайбергені деп атайды біздің қарт–қарияларымыз. Димаштың кәсіби карьерасы бойынша ресми  @Baige.kz те  жарияланған мәліметке сүйенсек,  Димаш осы уақытқа дейін 68-ден аса мемлекетте өзінің жан түршіктірер жанды дауысымен өнер көрсеткен.Соның ең елеулісі 2017 жылдың Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Singer атты конкурсында финалға өтуімен оның әлемдік атағы аспанға жеткендей болды!

Алдымен топ 10 шетелдік танымалдар қатарына ілігуі, сосын Америка Құрама штаттарының мойындауының куәгері болды.Осыған орай ол 2019 жылы Американың Нью-Йорк қаласында жанды дауыста өнер көрсетіп, концертке Американың 45 штаты қатысқан. Қазақстандық жанкүйерлерінің саны 40 мыңнан асқан, және оның көбісі Жастар және Жасөспірімдер болды. Жаңа 2023 ші жыл Димаш үшін алға қойған армандаған мақсаты-соның бірі шет тілінде өлең жазу. Сонымен қатар Димаш өзінің алда жоспарланған концерттерін анонс ретінде Insta, Facebook парақшаларынан жариялаған. Ол бойынша концерт 29-шы сәуір күні Арменияның Ереван қаласында, ал жаздың 24-ші шілдесі Малайзияда қойылатынын мәлімдеді.

Зейнеп Иманбердиева


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз