Өлең, жыр, ақындар

“Оян Қазақ” кітабының аталу себебі?

Мен алғаш Міржақып Дулатұлының “Оян Қазақ”кітабын қолыма алғанымда “Неге бұл кітап Оян Қазақ деп аталды?”,- деген сұрақ ойыма сап ете қалды. Алқашқысында бұл кітаптың мән-мағынасын түсінбеген едім.

Тәуелсіздік күніне қарай Міржақып Дулатұлының “Оян Қазақ”атты кітаптың, киносын көрген едім. Сол кезде “Оян Қазақ”кітабының сюжетінің мән-мағынасын түсінгендей болдым. Міржақып Дулатұлының өмір баянын қысқаша айтып беретін болсам: Міржақып Дулатұлы Ғайнижамалға үйленеді. Одан екі бала дүниеге келеді: қызы-Гүльнар, ұлы-Абылай. Бірақ Абылай кішкентай кезінде шетінеп кетеді. Сол кезде “Оян Қазақ” кітабы ел-елге таралып кетеді. Совет үкіметі “Оян Қазақ”кітабын да не жазылғанын білгісі келіп, анықтамақшы болады. Сөйтіп, Совет үкіметі Міржақып Дулатұлының үйін тінтуді бұйырады. Тінту барысында Міржақып Дулатұлының “Оян Қазақ”кітабын тауып алып, оны темір торға тоғытады.

Темір тордың азабын көреді. Міржақып Дулатұлы бірнеше жылдан кейін темір тордан шығып, отбасымен қауышып, ашаршылықтан халықты аман алып қалудың жолын іздейді де, соған қарай еңбектенеді. Міржақып Дулатұлына көмектесуге Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы келеді. Міржақып Дулатұлы халықты ауызбіршілікке шақырып, аз-маз қалған малдарын жинап, халыққа теңдей етіп бөліп береді. Бірақ оны Совет үкіметі өз туысқандары үлестіріп берді деп, Міржақыпты темір торына қайтадан қамайды. Темір тордан шыққан соң, Міржақыптың бажасын Совет үкіметі өз алдына алдыртады. Бажасына бірнеше талап қойып, Міржақып Дулатұлын бақылауды бұйырады. Міржақып Дулатұлы Ташкенттегі досына барып онымен ақылдасып, досы оған өзінің оң қолын таныстырады. Оң қолы Совет үкіметіне Міржақып Дулатұлыны кінәлі қылып көрсетеді. Совет үкіметі үшеуін ең жоғарғы жаза түрімен яғни ату жазасына бұйырады. Бірақ сол сәтте Міржақып Дулатұлыны камераға жібереді. Ал Совет үкіметі қалған екеуін атып тастайды. Ал Міржақып Дулатұлыны 9 ай бойы темір торға қаматып, есі адасқанша күтеді. 9 айдан кейін Міржақып Дулатұлыны лагерге жіберіп, ол жақта қиын жұмысқа салып қояды да, сол жақта қайтыс болады. Міржақып Дулатұлының киген киімдерін үйіне жібереді. Әйелі киімдерін көріп, сол сәтте есінен танып қалады. Гүльнар өз әкесін барынша ақтауға тырысады. Бақытына орай, дәл Гүльнардың туған күнінде ақталады.

Міржақып Дулатұлының “Оян Қазақ” киносын көргенімде көзіме еріксіз жас келді. ”Оян Қазақ”кітабында Міржақып айтқандай:

 “Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты” - деген сөзі жүрегімде мәңгі бақи сақталады. Болашақ ұрпақтарға осы Міржақып Дулатұлының “Оян Қазақ” кітабын оқуға немесе киносын көруге кеңес беремін.

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы Kursant high school Кенжебекова Нұрдана


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз